а) алынбай қалған пайыз шамасы;
ə) банкке барудағы уақыттың шығынын ақшалай бағалау.
Банкке барумен байланысты жиынтық шығындар мына фор-
муламен анықталады:
iY/(2N) + FN,
мұнда, iY/(2N) – алынбай қалған пайыз; N – банкке бару саны;
F – банкке бару шығындары.
Экономикалық жағынан ұтымды субъект өзі үшін жиынтық
шығындары минималды болып табылатын банккке барудың са-
нын анықтайды.
ХХ ғасырдың 50-жылдары жасалған Баумоль-Тобин үлгісі
ақшаға трансакциондық сұраныстың ерекше бір түрі болып та-
былады жəне ақшаға сұраныс теориясының аса дамыған үлгісі
ретінде қарастырылады. Мысалы, егер индивид өзінің активтерін
тек ақшалай нысанда ғана емес, сондай-ақ ақшалай емес (акция,
облигация түріндегі) нысанда да сақтай алса, онда бұл үлгінің
тəжірибелік қолданылу аясы кеңейе түседі.
Баумоль-Тобин үлгісі ақшаның айналым құралы ретіндегі
152
қызметін ғана мойындайды. Осы үлгіге сəйкес, ақшаға сұраныс
табысқа тура тəуелділікте, ал пайыздық қойылымға кері тəуел-
ділікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: |