149
қолма-қол ақша сомаларының мөлшерін осы сомаға банктің
алынбаған пайызы түріндегі шығындары мен банкке барып келу
уақытын үнемдеуді бағалаумен болатын шығындарды салысты-
румен байланысты ақшаға сұраныстың ерекше үлгісі.
Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның трансакциондық
жəне альтернативтік шығындарын ескере отырып, нақты кас-
салық қалдықтардың оңтайлы мөлшерін қалай анықтауға бола-
тындығын түсіндіреді. Бұл үлгіні АҚШ экономистері Уильям
Баумоль (1922 жылы туылған) мен Джеймс Тобин (1918-2002,
Нобель сыйлығының лауреаты) өзара тəуелсіз ұсынды.
Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның артықшылықта-
ры мен кемшіліктерін талдайды. Негізгі артықшылығы: егер
индивид тауар сатып алуға қажетті ақшасын қолында ұстаса,
онда банкке барудың қажеті жоқ. Негізгі кемшілігі: егер индивид
мəміле жасау үшін ақшасын қолында ұстаса, онда ол сол ақшаны
банкке депозитке салып, оның үстінен пайыз алу мүмкіндігінен
айырылады. Баумоль-Тобин үлгісін нақты түсіндіру үшін мына-
дай үш жағдай қарастырылады (6.2-6.4-суреттер).
Бірінші жағдай. 6.2-суретте индивидтің банкке 1 рет ба-
руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында өзінің
ақшасын (Y теңге) жинақ шотынан бір-ақ рет шешеді жəне оны
жыл бойы жұмсайды. Жылдың басында оның ақшасы – Y теңге,
жылдың соңында – 0 теңгеге тең, онда жыл бойындағы ақшаның
орташа сомасы мынадай: Y/2.
Екінші жағдай. 6.3-суретте индивидтің жылына банкке 2 рет
баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында Y/2-ге
тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жылдың бірінші жар-
тысында жұмсайды, содан кейін сондай соманы тағы бір рет ба-
рып шешіп алады да оны жылдың екінші жартысында жұмсайды.
Мұндай жағдайда, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша
сомасының мөлшері Y/2-ден 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сома-
сы Y/4-ке тең болады.
Үшінші жағдай. 6.4-суретте индивидтің банке N рет ба-
руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың əр уақытында
Y/N-ге тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жыл бойы
1/N кезеңдерде тең бөліктерге бөліп жұмсайды. Мұндай жағдай-
да, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының
мөлшері Y/N-нен 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сомасы Y/2N-ге
тең болады.