Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


-кесте. Экономикаға берілген несиелер көлемі, млн. теңгемен



Pdf көрінісі
бет210/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

7.1-кестеЭкономикаға берілген несиелер көлемі, млн. теңгемен

Валюта түрлері 

бойынша

Мерзімі 


бойынша

Субъектілер 

бойынша

Бар-


лығы

Ұлттық 


валю-

тада


Шетел 

валюта-


сында

Қысқа 


мер-

зімді


Ұзақ 

мер-


зімді

Заңды 


тұлға-

ларға


Жеке 

тұлға-


ларға

12.10 7 596 547

4 383 


102

3 213 


446

1 246 


802

6 349 


745

5 480 301 2 116 246



01.11 7 572 930 

4 387 


733

3 185 


197

1 228 


733

6 344 


197

5 459 115 2 113 814



02.11 7 604 273

4 450 


206

3 154 


066

1 233 


503

6 370 


770

5 495 588 2 108 685

Дерек көзі: www.nationalbank.kz

ҚР-сы ақша-несие саясатының шаралары еліміздің тұтыну 

нарығындағы тұрақтылықты сақтап тұруға бағытталуы тиіс. 

ҚР-сы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша үстіміздегі жылда 

жылдық инфляция деңгейі 6-8% шегінде белгіленген мақсатты 

дəліздің жоғарғы шегіне жақын қалыптасады. 2010 жылы 

ҚР-сы Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлемелерінің дəлізі 

өзгеріссіз қалды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы (есептік 

мөлшерлеме) 7,0% деңгейінде сақталды. Ал биылғы жылы рес-

ми қайта қаржыландыру ставкасы 7,5% деңгейінде болып отыр. 

Ақша нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті Ұлттық Банк 

қысқа мерзімді ноталарды шығару жəне банктерден депозиттер 

тарту арқылы реттейді. Пайыз мөлшерлемелерінің ең төменгі 

деңгейге дейін төмендеуіне қарамастан, банктер тарапынан осы 

құралдарға деген сұраныс жоғары деңгейде. Соның нəтижесінде, 

банктер Ұлттық Банктегі өз резервтерінің көлемін айтарлықтай 

ұлғайтуда. Ең төменгі міндетті резервтік талаптардың тетіктері 

жəне олардың нормативтері 2010 жылы өзгеріссіз қалды. Банктер-

ге қойылатын міндетті резервтер нормасының ең төменгі деңгейі 



177

ішкі міндеттемелер бойынша 1,5% жəне басқа да міндеттемелер 

бойынша 2,5% болды.

ҚР-сы ақша-несие саясатының 2011-2013 жылдарға арналған 

негізгі бағыттары мұнайға деген əлемдік бағаның орташа жыл-

дық деңгейінің құбылып отыруымен байланысты жүргізіліп 

отырады. Сонымен қатар, бюджеттен төленетін зейнетақылар-

дың, жəрдемақылардың, жалақылардың жəне басқа да əлеумет-

тік төлемдердің 2011 жылы жоспарлы көтерілуі назарға алынды. 

Бұл көтерілу экономикадағы жиынтық сұранысқа сəйкес келе-

тін деңгейде жиынтық ұсынысты ұстап тұру тұрғысынан ҚР-

сы Үкіметінің жəне Ұлттық Банкінің тарапынан тиісті шаралар 

қолдануды талап етеді.

ҚР-сы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізуінің 

негізгі мақсаты – баға тұрақтылығы. Алайда, соған қарамастан

ақша массасын таргеттеу ұстанымдарына көшу арқылы пай-

ыз мөлшерлемелерінің тиімділігін ұзақ мерзімді басымдықтар 

тұрғысынан көтеру мақсатына қол жеткізуді де көздейді. Со-

нымен қатар, алдағы жылдары ақша-несие саясаты құралдары-

ның тиімділігін жетілдіру мен көтеру жəне қабылданған іс-

шара 

лардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан əрі 



күшейту бойынша əрекеттер жалғаса береді. Ақша-несие саяса-

ты қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайға бара-бар 

болады. Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуі 

не 


сəйкес келетін деңгейде сақталады. Ақша-несие саясаты банк 

секторындағы өтімділікті икемді реттеу арқылы несиелік бел-

сенділікті қайта қалпына мəселелерін шешу үшін барлық жағ-

дайды жасайтын болады, сонымен қатар, бұл шаралардың 

тиім ділігі банк секторындағы құрылымдық қайта құруларға бай-

ланысты болып табылады.



Қорытынды

1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің қазіргі ақша-несие 

жүйесі келесі буындардан тұрады: 1) Орталық эмиссиялық банк; 

2) банктік сектор – коммерциялық, депозиттік, ипотекалық, ин-

вестициялық банктер жəне арнайы мамандандырылған банктік емес 

қаржы-несие мекемелері – сақтандыру компаниялары, зейнетақы кор-

лары; инвестициялық компаниялар жəне т.б.

12–533



178

2. Банк жүйесі экономикада уақытша бос ақша қаражаттарын шо-

ғырландыру; бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну; 

несиелік ақшаларды жасау; несиелік реттеу; ақша эмисиялау; бағалы 

қағаздарды шығару сияқты қызметтерді атқарады.

3. Ақша-несие саясаты ақша айналымы мен несие жүйесі сала-

сындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты 

бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған 

макроэкономикалық саясатты білдіреді. Ақша-несие саясатының 

мақсаттары соңғы жəне аралық мақсаттар болып бөлінеді.

Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу; 2) толық жұмысбастылық; 

3) бағалардың тұрақтылығы; 4) тұрақты төлем балансы.

Аралық мақсаттар: 1) ақша массасы; 2) пайыздық қойылым; 

3) айыр бас бағамы.

Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей жəне жанама деп 

бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.

Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:

1) несиелеу лимиттері; 2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.

Ақша-несие саясатының жанама құралдары:

1) міндетті резервтер нормасын өзгерту; 2) есептік мөлшерлемені 

өзгерту; 3) ашық нарықтағы операциялар.

4. Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынта-



ландырушы жəне шектеуші. Ынталандырушы ақша-несие саясаты 

(несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру жəне ақшаның 

бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі эконо-

микалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат. Шек-

теуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың 

инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға 

жəне ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.

5. Монетаризм бағытын жақтаушылар «ақша ережесі» бойынша 

ақша-несие саясатының жүргізілуін қалайды. Бұл саясаттың мақсаты – 

ақша ұсынысын қалыпты тұрақты деңгейінде ұстап тұру немесе ақша 

массасы өзгеруінің төменгі жəне жоғарғы шегін белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет