Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


«қым  бат ақшалар» саясаты



Pdf көрінісі
бет207/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

«қым  бат ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай 

іс-шаралар арқылы жүргізіледі:

 • есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерле-

месін) жоғарылату; 

• міндетті резервтер нормасын арттыру; 

• халықтан жəне коммерциялық банктерден бағалы қағаз-

дарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сату.

Осындай саясатты жүргізудің нəтижесінде коммерциялық 

банктердің қарыз берулері шектеледі, ақша ұсынысы қысқарады, 

пайыз қойылымы өседі, ал соңында инвестициялар қысқарады, 

жиынтық шығындар төмендейді жəне инфляция басылады.

Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың осындай бағытын 



кейнстік теория жақтайды жəне ол қысқа мерзімде орындала-

ды. Бұл үлгінің мақсаттық бағыттылығы ретінде банктік пайыз 

мөлшерлемесі қолданылады, ал оның механизмі мынадай тіз бек 

түрінде жүргізіледі: ақша массасы → пайыз мөлшерлемесінің 



нормасы → инвестициялар → жиынтық сұраныс → ұлттық та-

быс. Бұл механизмді «Кейнстің беріліс (жеткізбелі) механизмі» 

деп атайды.

Пайыз мөлшерлемесін реттеу арқылы ақша-несие саясатын 

жүргізу мынадай бірқатар мəселелерді туындатады: 

• уақыттық кешеуілдеулердің пайда болуы (М. Фридменнің 

бағалауы бойынша, 6 айдан 2 жылға дейін); 




174

• «кері байланыс əсерінің» көрініс табуы – ұлттық өндірісті 

пайыз мөлшерлемесін төмендету жолымен өсіру, ақшаға сұ-

раныстың артуын туындатып, оның қайта өсуіне алып келеді; 

• «өтімділік тұзағының» орын алуы – пайыз мөлшерлемесі 

өзінің мүмкін болатын төменгі деңгейіне жеткенде ақша ұсы-

нысын өсіру арқылы оны ары қарай төмендету жəне инвестиция-

ларды ынталандыру, бірақ ұлтық өндірісті ұлғайту мүмкін бол-

майды; 

• ішкі жəне сыртқы экономикалық тұрақтылық мақсатта-

ры ның арасында қарама-қайшылықтар пайда болады – эконо-

миканың инфляциялық тұрғыдан «қызып» кетуі кезеңінде Ұлт-

тық банк ішкі тұрақтылықты орнату мақсатында ақша ұсы 

-

нысын қысқартады. Пайыз мөлшерлемесінің артуы шетелдік 



инвесторларды тартады, соның салдарынан ұлттық валютаның 

бағамы артады жəне елдің экспорттық мүмкіндіктері төмендейді.

Бұдан да басқа мəселелер туындауы мүмкін. Сол себепті, 

кейнсиандықтар фискалдық саясатпен салыстырғанда, ақша-

несие саясатын екінші орынға қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет