Негізгі түсініктер: экономикалық цикл (ауытқымалы кезең);
тренд; экономикалық жағдаят (конъюнктура); проциклдік па-
раметрлер; контрциклдік параметрлер; ациклдік параметрлер;
циклдің фазалары; Китчиннің циклдері; Жуглярдың цикл
дері;
Кузнец циклдері; Кондратъевтің «ұзын толқындары»; Самуэль-
сон-Хикс үлгісі (мультипликатор-акселератор теориясы); «Им-
пульс-таралу» үлгісі; саяси бизнес-циклдер теориясы; нақты
бизнес-циклдер; саяси сілкіністер; ішкі жəне сыртқы сілкіністер;
мемлекеттік антициклдік саясаты; т.б.
Тақырыптың мазмұны.
Қазіргі экономикалық даму ұзақ мерзімдік динамика ре-
тінде тұрақты түрде өсу үрдісімен көрініп отырады. Алайда
қысқа мерзімде сол экономикалық дамудың жағдайлары үнемі
көтерілу мен төмендеу толқындарымен сипатталады. Олай бол-
са экономикалық даму бірқалыпты болмайды. Макроэкономика-
лық динамиканың толқушылық сипаттағы заңдылықтары эконо-
микалық (іскерлік) цикл мəселесі ретінде қарастырылады.
|