Экономикалық жағдаят – бұл экономиканың бірқалыпты,
əрі өспелі тепе-теңдіктік дамуын сипаттайтын жиынтық макро-
экономикалық көрсеткіштердің өзгеру бағыты мен дəрежесі.
Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэ-
кономикалық тұрақсыздық мəселелеріне алғаш рет аса дəйекті
түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық
циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.
Экономикалық циклдің фазалары:
а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық
даму параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады: өнді
ріс
көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұ
мыс-
бастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, баға-
лардың құлауы, өндіргіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндіріс-
тік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай
банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы);
ə) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі
нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының
ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі,
тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар
төмендеуінің тоқтатылуы;
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі
капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыздықтың қысқаруы,
жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелері
нің
өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көр-
сеткіштермен сипатталады;
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жо-
ға рылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвести ция-
лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың,
жа лақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты
көрсеткіштермен сипатталады.
Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономи-
256
калық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: ре-
цессия жəне көтерілу. Рецессия деп дағдарыс жəне құлдырау
түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу жəне шың.
Экономикалық цикл үрдісінде əртүрлі орын алатын эконо ми-
калық көрсеткіштер мəндерінің ауытқып отыруына байланыс ты,
осы экономикалық көрсеткіштер былай үшке бөлінеді:
1) проциклдік көрсеткіштер – бұл жандану фазаларында
ұлғаятын жəне құлдырау фазаларында қысқаратын экономика лық
параметрлер. Оларға жататындар: өндірістің жиынтық көлемі,
өндірістік қуаттар, ақша агрегаттары, ақша айналымының жыл-
дамдығы, қысқа мерзімдік пайыз мөлшерлемелері, бағаның жал-
пы деңгейі, корпорацияның пайдасы жəне т.б.;
2) контрциклдік көрсеткіштер – бұл циклге қарсы жүріп
отыратын, жандану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фа-
заларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға жата-
тындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын өнім
қорларының мөлшері жəне т.б.;
3) ациклдік көрсеткіштер – бұл қарқыны экономикалық
циклдің фазаларына байланысты болмайтын экономикалық пара-
метрлер. Яғни, ондай параметрге бірқатар елдердің экспорт жəне
импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу
сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.
Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен Киселева-
ның пікірінше, экономикалық жағдаяттың осындай параметр-
лері нің сəйкестілігі немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мы-
салы, 1973-1975 жылдары болған энергетикалық дағдарысқа
байланыс ты АҚШ-та жəне бірқатар еуропалық елдерде рецес-
сия кезеңінде бағалар деңгейі төмендемей көтерілген болатын,
бірақ біз баға деңгейі параметрінің проциклдік көрсеткішке
жататындығын білеміз.
Осы аталған экономикалық параметрлер АҚШ-ң экономи-
калық зерттеулер Ұлттық бюросының класификациясы бойынша
тағы да үш типке бөлінеді:
а) озғыш немесе алдыңғы қатарлы параметрлер – бұлар
жандану (құлдырау) фазасы орындалғанға дейін өзінің макси-
257
мум (минимум) нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметр-
лер. Бұларға мыналар жатады: өнеркəсіптегі жұмыс аптасы-
ның ұзақтылығы, үстеме жұмыс сағаттарының орташа саны,
қайта құрылатын іскерлік кəсіпорындардың саны, қорлардағы
өзгерістер, жаңа құрылыстық келісім-шарттарының саны, қор
рыноктарының индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша
массасының өзгеруі;
ə) кешігуші немесе қалып келуші параметрлер – жандану
(құлдырау) фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (мини-
мум) нүктесіне келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 ап-
тадан асқан жұмыссыздар саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне
құрал-жабдықтарға кететін шығындар, жалақыға кететін қомақты
шығындар, коммерциялық банктердің пайыз мөлшелемелерінің
орташа деңгейі;
б) сəйкес келуші немесе дұрыс келуші параметрлер –
бұлар экономикалық белсенділіктің өзгеруімен сəйкес жəне бір
уақытта өзгеріп отыратын параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ),
жұмыссыздар саны, өнімдер, жеке табыстар, өндірушілер бағасы,
орталық банктің пайыз мөлшерлемелері, жарнамаға кететін
шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |