таралу» механизмі – бұл белгілі бір уақыт бірлігіндегі ұлттық та-
быс пен шығарылым көлеміне əсер ететін кездейсоқ сілкіністердің
жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері. Сілкіністер немесе им-
пульстер ұзақтылығы мен амплитудасы əртүрлі болып табылатын
циклдерді туындатады. Сілкіністердің үш түрі бөліп көрсетіледі:
а) ұсыныс сілкіністері;
ə) сұраныс сілкіністері;
б) саяси сілкіністер.
Ұсыныс сілкіністері – бұл шикізатқа деген əлемдік ба-
ғалардың ауытқулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасам-
паздықтар мен ашылымдар.
Сұраныс сілкіністері – бұл тұтынушылар мен фирмалардың
мінез-құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен
туындайтын тұтынушылық жəне инвестициялық шығындардың
өзгеруі.
Саяси сілкіністер – макроэкономикалық саясаттың іс-
шараларын (ақша ұсынысындағы өзгерістер, фискалдық жəне
валюталық саясаттардағы өзгерістер) жүзеге асыру нəтижесінде
ұлттық табыс пен шығарылым көлемінің өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |