Бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары.
Неоклассиктердің бизнес-цикл туралы үлгілері өткен ғасыр-
дың 70-жылдарынан бастап орын ала бастады. Олар өздерінің
теориялық көзқарастарында жетілген бəсекелі нарықтық меха -
низм жəне бағалар мен жалақының икемділігі туралы қағида-
ларына сүйенеді. Мұндай жағдайлардағы экономиканың əрекет
етуіне əсер ететін циклдік толқуларды жиынтық ұсыныстың күрт
өзгеруіне алып келетін сілкіністермен байланыстырады.
Бизнес-циклдің неоклассикалық теориясында мынадай ба-
ғыттар қарастырылады:
а) жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы;
ə) саяси циклдер теориясы;
б) нақты бизнес-цикл теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |