Адам капиталына инвестициялар – қазіргі заманғы эко-
номикалық өсудің аса маңызды факторы. Осындай инвестициялар
əлеуметтік-экономикалық құрылымның ҒТП-нің даму ыр ғағына
үздіксіз ілесіп, əрі бейімделіп отыруына жағдайлар жасайды. Де-
мек, бүгінгі күні сапалы білім алуға, денсаулық сақ тауға, жұмыс
орнында тəжірибе жинақтауға, инновацияларды енгізуге инвес-
тиция салусыз, яғни адам капиталын дамытусыз экономикалық
өсудің шынайылығына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Алайда экономикалық өсудің теріс факторлары да бола-
ды. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды экономикадағы
əлеу меттік өзгерістер деп атайды. Оларға əлеуметтік саланы
мемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау
саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жата-
ды. Мəселен, қоршаған ортаның ластануын бақылау бойынша
мемлекеттік реттеуді күшейту қысқа мерзімде экономикалық өсу
қарқынының бəсеңдеуіне алып келуі мүмкін.
Соңында, экономикалық өсудің институционалдық фактор-
ларын да атап өткен жөн. Меншік құқығын мемлекеттік қор-
ғау, қоғамдық тəртіпті орнату жəне қолдау, тəуелсіз сот сияқты
институционалдық факторлар экономикалық өсуге оң əсер беріп
еңбек өнімділігінің артуында ерекше рөл ойнайды.
Бүгінгі күнге дейін ұзақ мерзімді тұрақты, əрі теңгерімді
эко
номикалық өсудің нəтижелері туралы ортақ пікір жоқ. Сол
себепті, əртүрлі макроэкономикалық мектеп өкілдерімен түсін-
дірілетін экономикалық өсудің үлгілері əртүрлі алғышарттар мен
болжамдарға сүйенеді.
Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер да-
мытты. Соның ішінде, Дж. Кейнс, Ч. Кобб, П. Дуглас, Э. Денисон,
С. Кузнец, Й. Шумпетер, Р. Харрод, Е. Домар, Р. Солоу, Э. Фелпс,
П. Ромер, К. Эрроу, Г. Мэнкью, Д. Уэйл, Д. Ромер, Р. Лукас,
Х. Юзава сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.
Экономикалық өсудің үлгілерін негізгі үш топқа бөлуге
болады:
19–533
290
1. Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері.
2. Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері.
3. Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |