y = f (k).
k шамасы неғұрлым жоғары болса, y көрсеткіші соғұрлым
үлкен болады (12.2-сурет).
12.2-сурет. Жинақтар, инвестициялар жəне капиталдың қорлануы
Ескерту. Ордината осінде бір жұмысшыға келетін өндіріс
көлемі, жинақтар мен инвестициялар, ал абсцисса осінде капи-
талмен қарулану шамасы көрсетілген. Жинақ пен инвестиция
қисықтарының Е қиылысу нүктесіне капиталмен қаруланудың
тұрақты деңгейі k* сəйкес келеді. Бұл жерде бір жұмысшыға
келетін өндіріс көлемі оның тұрақты деңгейіне y* сəйкес келеді.
Суреттегі y = f (k) өндірістік функциясы жан басына шақ-
қандағы шығарылым көлемін сипаттайды. Өндірістік функ-
ция қисығының көлбеулігі капиталдың шекті өнімділігімен
(МРk) түсіндіріледі, яғни кемімелі өнімділік заңына сəйкес,
бір жұмысшыға келетін капиталдың мөлшері өскен кезде оның
шекті өнімділігі төмендей береді, сондықтан да y = f (k) қисығы
капи талдың қорлануы өскен сайын жатыңқырақ қисыққа айнала
береді.
Жинақтың немесе нақты инвестициялардың қисығы i=sy
формуласы негізінде құрылады, яғни y k-ның функциясы бол-
ғандықтан, ол былай жазылады:
|