Капитал қозғалысы балансы – бұл тікелей жəне порт фель-
дік инвестициялардан құралатын, ұзақ мерзімдік мемлекеттік
жəне жеке банктік займдарды қамтитын, бұрын алған (берген)
қарыздардың бір бөлігін төлеу (алу) операцияларын қарастыратын,
сонымен қатар, қысқа мерзімді капиталды, мемлекеттік бағалы
қағаздар мен міндеттемелерді, банктік депозиттерді, банкаралық
қарыздарды, қысқа мерзімді несиелерді өзіне қосатын төлем
балансының екінші бір бөлігі.
Қорытынды баланс – сауда балансын, ағымдық операция-
лар балансын жəне капитал қозғалысы балансын өзіне қосатын
жиынтық баланс. Қорытынды балансқа мыналар кірмейді: рес-
ми резервтердің өзгеруі, мемлекеттің алтын қоры, ХВҚ-ғы елдің
резервтік позициясы, валюталық активтер, қарыз бойынша ар-
найы құқықтар (СДР – специальные права заимствования).
Төлем балансы шоттарының өзара байланысы.
Төлем балансының шоттары бір-бірімен тығыз байланыс-
та болады. Оны негізгі макроэкономикалық теңдестік арқылы
түсіндіруге болады:
|