Xn > 0. Демек, Қазақстаннан шетел валютасы осы шот бойынша
сыртқа ағылады. Ал капитал қозғалысы шоты бойынша бұл теріс
сальдо болып табылады, яғни ұлттық жинақтар инвестициялар-
дан көп: I – S < 0 => I < S. Олай болса, Қазақстан əлемдік нарықта
кредитор болып табылады. Мəселен, несие беру, жылжымайтын
мүлікті жəне басқа да активтерді шетелден сатып алу.
Төлем балансы шоттарының экономикалық мəні басқаша
мынаған келіп саяды. Егер Xn > 0 болса, онда ел сыртқы ортаға
қарағанда таза инвестор болып табылады. Бұл еліміз ұлттық жи-
нақтарының бір бөлігін шетелдерде инвестициялайды дегенді
білдіреді. Керісінше, егер Xn < 0 болса, онда еліміз таза қарыз-
дар болып табылады жəне оның инвестициялары шетелдерде
қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |