Тұтынуға деген шекті бейімділік (MPC – marginal propencity
to consume) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде тауар-
лар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық
үлесі.
MPC = ΔC / ΔY
d
,
мұнда, МРС – тұтынуға деген шекті бейімділік; ΔC – тұтыну
шығындарының өсімі; ΔY
d
– қолда бар табыстың өсімі.
Тұтынуға деген орташа бейімділік (АPC – average propencity
to consume) – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді
сатып алуға жұмсайтын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPC = C / Y
d
,
мұнда, АРС – тұтынуға деген орташа бейімділік; C – тұтыну
шығындарының мөлшері; Y
d
– қолда бар табыстың мөлшері.
Жинақтауға деген шекті бейімділік (MPS – marginal
propencity to save) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде
жинақ өсімінің пайыздық үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |