Тексерілді:-------------------------------- Күні: 21.11.2022ж Сыныбы: 11 Б Сынып жетекшісі: Өтемұратова Б.Н Тақырыбы: «Көп оқы,көп білуге ұмтыл!» (20 кітап оқу жобасымен танысу) Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының бейімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі «Көп оқы, көп білуге ұмтыл!» кітап сағатына қош келдіңіздер. Осы тәрбиелік шараны Ахмет Байтұрсынұлының мына өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!
Мұғалім: Бүгін біз кітаптар елінде қонақтамыз. Айналамызға қарасақ, бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол - кітапхана.
Оқушылар кітапханада өз-өзіңді қалай ұстау керек?
(Кітапхананы пайдалану ережесі слайд көрсетіледі.)
Кітапхананың пайдалану ережесі
1. Оқырманның кітап қоры мен кітапханалық анықтағыштарды пайдалануға құқығы бар.
2. Оқырман үйде оқуға 7-15 күнге 2-3 кітап ала алады. Журналдар мен сирек кездесетін кітаптар үйге берілмейді.
3. Мекен жайы ауысқан жағдайда оқырман кітапханаға хабарлайды.
Оқырман міндетті
1. Кітапты ұқыпты ұстауға.
2. Сөрелердегі кітаптардың орнын ауыстырмауға.
3. Белгіленген мерзімде 7 – 15 күн кітапты қайтаруға.
4. Кітапхана пайдалану ережелерін бұзған оқырмандарға қоғамдық тәртіптік қолданылады .
5. Кітапты кітапханаға қайтармаған оқушы үшін жауапкершілік ата анасына жүктеледі.
6. Жоғалған немесе бүлінген кітаптың орнына нақты сондай немесе сол кітаппен бағасы тең кітап тапсырылады.
Кітапты пайдалана біл
1. Кітапты қайыруға, кітап беттерін бүктеуге болмайды.
2. Кітап арасына қалам, қарындаш, дәптер салуға болмайды.
3. Кітапқа сызуға,жазушы болмайды.
4. Кітапты кір қолмен ұстауға болмайды.
5 Кітапты тек тазы үстелге ғана қою керек.
6. Кітап парақтарын жоғарғы оқ жақ бұрышын ұстап ашу керек.
Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі келтіресіз;
Кітапты уақытында қайтарыңыз, әйтпесе басқа оқырмандар күтіп қалады;
Кітапты жоғалтуға болмайды.
Ал, енді, балалар, қазір сіздерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңыздар. Дұрыс жауабына жи тон беріледі.
1.Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін,
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. (кітап)
2. Үндемес серік, ақылы берік. (кітап)
3. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
4. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып,
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық. (кітап)
5. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң - шешен,
Ақылы асқан көсем. (кітап)
Мұғалім: Қазір сендерге «Викторина» жүргіземін және ойындар ойнатамын. Дұрыс жауабына жи тон беріледі.
Викторинаның сұрақтары:
1. Кітаптың атында адамның аты аталатын шығарманы атаңдар.
(Аяз би, Кер құла атты Кендебай, Мақта қыз бен мысық, Менің атым Қожа,т.б.)
2. Кітаптың атында белгілі бір түс аталатын шығарманы атаңдар.
(Қызыл телпек - Ш. Перро, Көксерек - М.Әуезов, Алтын балық, Қоңыр күз еді, т.б.)
3. Кітаптың атында жануар немесе оның аты аталатын шығарманы ата. (Құлагер -І.Жансүгіров, Қарлығаштың құйрығы неге айыр?, Көксерек, Мақта қыз бен мысық, т.б.)
4. Кітаптың атында белгілі бір сан аталатын балалар әдебиетінен шығармалар мен ертегілерді атаңдар. (40 мысал, 12 ай, Үш ағайын, Үш аю, Али Баба және 40 қарақшы,т.б.)
«Ертегілер еліне саяхат.» ойыны ойналады. Дұрыс жауабына жи тон беріледі.
Осы суреттер қай ертегілерде кездеседі? Қасқыр мен егінші, Алдар Көсе мен ұры, Жыл басына таласқан хайуанаттар, Үйшік, Бауырсақ, Шалқан, Қаңбақ шал, Арыстан мен тышқан, Алдардың тууы, Ақылды лақ, Ақшақар және жеті гном, Адам итпен қалай достасты, Қызыл телпек, Қасқыр мен лақтар, Шұбар тауық, Ұр,тоқпақ.
Ойын: «Ия - жоқ»
Кітап нені жақсы көреді?
Тілшені (ия)
Қар мен жаңбырды (жоқ)
Лас қолды (жоқ)
Тазалықты (ия)
Еденде жатқанды (жоқ)
Таза қолды (ия)
Төбелескенді (жоқ)
Көп оқитын балдарды (ия)
Балмұздақты (жоқ)
Мұғалім: Бүгін сіздер кітапхананың пайдалану ережесімен таныстыңыздыр, кітап туралы жұмбақтар, викторина, «Ертегілер еліне саяхат» ойындарда өз біліктеріңізді көрсеттіңдер.
Сіздер естерінізге сақтадыңыз ба кітап пайдалану ережесін?
Қане, қайталайық.
Қазір мен сіздерге өлең сұрақтар оқимын, сіздер маған жауап бересіңдер.
Құрметті достар! Егер сіз менімен келіссеңіз «Бұл мен, бұл мен және менің достарым» - дейсіз.
Ал егер қарсы болсаңыз үндемейсіз, тек қол шапалақтайсыз.
Мұқият болыңдар.
1.Кім екен бұл балақан,
Кітапханамен достасқан.
2. Кім екен көп кітап оқыған,
Ештеңе есінде қалмаған.
3. Кім жыл бойы өзінің,
Кітабын таза сақтайтын.
4. Кім айтады қанекей қаламайтынын,
Кітапты бүлдіруге болмайтынын.
5. Кім кітаппен ойнайтын,
Суретін ғана қарайтын.
6. Кім тәртіпті бұзатын,
Кітапты қару қылатын.
7. Кім көңілге тоқиды,
Ертегі - өлең оқиды.
Қорытынды:
Мұғалім: Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы құрал - кітап. Кітап – қарым - қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. Кітап - білім бұлағы деп бекер айтылмаған.
Қош, сау болыңыздар!