Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі міндеттері



бет8/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   119
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі міндеттері:

  1. Мектепке дейінгі білім беру жағдайларына лайықтап тәрбиелеу мен оқытудың жалпы заңдылықтарын бейімдеу және негіздеу (мектепке дейінгі жастағы балаларға лайық тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарының әсерінің ерекшеліктерін зерттеу).

  2. Мектепке дейін білім берудің жаңа тұжырымдамалық әдістерін негіздеу, олардың нақты іс жүзіне асырылу әдістерін қарастыру («балабақша - мектеп» кешендерінің, мектепке дейінгі жеке мекемелердің, балалардың мектепте қысқа мерзімде болу топтарының (мектеп жанындағы «мини-орталықтар») оларды теориялық тұрғыдан негіздеуді, олардың қызметінің тиімді болуының тетіктері мен шарттарын жасауды талап етеді).

  3. Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік стандартын және мектепке дейінгі мекемеде оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламаларын жасау.

  4. Мектепке дейінгі мекемелерде балалар әрекетінің дамытушы түрлерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу. Оларды ұйымдастырудың мүмкіндіктері мен құралдарын сипаттау (мектепке дейінгі мекемеде баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін олармен қандай жұмыстар жүргізу керек).

  5. Білім беру мекемесі жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың педагогикалық технологияларын жасау (педагогикалық технологиялардың компоненттерін, оның нәтижелілік көрсеткіштерін, іс-қимыл тетіктерін, өзара ықпал нұсқаларын негіздеу).

  6. Мектепке дейін тұлғалық-бағдарлық білім беруді жүзеге асырудың мазмұнын, түрлерін, әдістерін, педагогикалық шарттарын айқындау, педагогикалық технологияны дараландырудың жолдарын іздестіру.

  7. Озат педагогикалық тәжірибені үйрену, қорыту, теориялық тұрғыда негіздеу.

  8. Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің барысын және нәтижелерін бағалау әдістерін құру.

  9. Білім берудің әртүрлі бағдарламаларын жүзеге асыру жағдайында педагогтың шығармашылық қызметінің мүмкіндіктерін анықтау. Педагогикалық импровизацияның принциптері мен шарттарын анықтау.

  10. Заманауи педагог-кәсіби маманның моделін құру, оны негіздеу, мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық қызметтің тиімділігін бағалаудың критерийлері мен жетістікке жету жолдарын айқындау.

Айқындалған міндеттерді жалғастыру, ірілендіру немесе, керісінше, бөлшектеп нақтылау. Әдебиетті талдау негізінде біз ғылымның алдында тұрған бірқатар негізгі міндеттерді айқындадық.
Тұрақты атқарылатын міндеттер тобымен бірге мектепке дейін білім беру практикасының бір мезгілдік қажеттілігімен анықталатын міндеттер де болады. Мысалы, экологиялық тоқырау мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу бағдарламаларын, оларға әдістемелік ұсыныстар жасау қажеттілігіне әкелді; мектептердің жанында мини-орталықтар құру олардың қызметін теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу қажеттілігін тудырды. Егер біздің жоғарыда айқындаған міндеттеріміз жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын болса, мұндай міндеттердің аясы үнемі өзгеріп отырады.
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде өзінің даму жолында ғалым зерттеушілердің назарын аударатындай бірқатар проблемаларға жолығады. Бұл практика мен өзара ықпалдастық, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жаңа теориялары мен әдістемесін жасау, жастары әртүрлі топтардағы бұл процестердің ерекшеліктерін талдау; мектепке дейінгі мекеме жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар мен педагогтардың психикалық және физикалық жағдайын сақтап, қолдау көрсету проблемаларын шешу; топтарда жайлы эмоционалдық ахуал болу тәсілдерін іздестіру; дамытушы орта ұйымдастыру проблемаларын шешу; мектепке дейін білім беруді дараландырудың теориясы мен технологиясын және т.б. жасау. Туындаған проблеманы шешу жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу мектепке дейінгі педагогиканың тұрақты міндеттер аясын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет