Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет19/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

зерттелгендік дәрежесін
талдау. 
• 
Зерттеу тақырыбы бойынша барлық зерттеулерді талдау, сыбай-
лас ғылымдарда (философияда, психологияда, социологияда, жалпы 
педагогикада және т.б.) қаншалықты зерттелгендігін қарастыру. 
• 
Кіріспеде проблеманың зерттелгендік дәрежесі тезис түрінде 
беріледі, яғни зерттелген проблемалар мен олардың авторлары аталады.
• 
Соңынан проблеманың зерттелген аспектілері туралы 
қорытынды жасалады және зерттеушінің оны ашу мүмкіндіктері 
көрсетіледі.
Проблеманың зерттелгендік (зерттелмегендік) дәрежесін тал-
дау негізінде 
қарама-қайшылық
анықталады, онда тақырыптың дер 
кезінде қарастырылып отырғандығы көрсетіледі. Қарама-қайшылық 


26
педагогикалық теорияның немесе білім беру практикасының та-
лаптары мен оларды қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің 
арасындағы сәйкессіздік ретінде көрсетіледі. Сол сияқты сәйкессіздік 
педагогикалық шындықта туындайтын сәйкессіздіктерді ашуы да 
мүмкін. Бұл сәйкессіздіктер педагогикалық процесс, педагогтың не-
месе тәрбиеленушінің тұлғалық ішкі қайшылықтары және т.с.с. болуы 
мүмкін.
 Зерттеу проблемасы 
ізденіс аясын, теория мен практиканы талда-
уды, жұмыстың бағытын көрсетеді. Проблема тақырыпқа байланысты 
қойылады.
Зерттеудің нысаны мен пәні
. Нысан педагогикалық қызметтің 
кең аясын көрсетеді, оның ішінен жұмыстың авторы тікелей зерттейтін 
пәні бөлініп алынады.
Зерттеу мақсаты 
күтілетін нәтиженің моделі, зерттеу 
жұмысының бағытын көрсетеді. Мақсат - мектепке дейін білім беру 
проблемасының теориясы мен практикасын талдау және осы талдаудың 
негізінде қойылған проблеманы шешудің авторлық нұсқасын құру. 
Зерттеу мақсаты критерийлік сипатта (яғни, диагностикалық) және 
зерттеу амалдары түрінде болуы керек (айқындау, анықтау, құру 
және т.с.с.). Мұнда зерттеу мақсатын практикалық педагогикалық 
қызмет мақсаттарымен шатыстырмау қажет (сабақтар жүйесін өткізу, 
тәрбиелеу, үйрету). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет