Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың негізгі жалпы



Pdf көрінісі
бет66/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың негізгі жалпы 
міндеттері
1. Баланың өзі және айналасындағылар туралы түсінігін 
қалыптастыру.
2. Балалардың жалпы ой-өрісін дамыту.
3. Балаға әртүрлі іс-әрекетке (қозғалыс, көркем-эстетикалық, 
танымдық, ойын, еңбек, конструктивтік және т.б.) араласуға мүмкіндік 
беретін жалпы және арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру.
4. Таным процестерін (сезіну, қабылдау, ойлау, ес, зейін) және ой-
лау операцияларын (анализ, синтез, жалпылау, классификация, салы-
стыру, абстракциялау және т.б.) дамыту.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзінің таным әрекетін 
ұйымдастыру (сабақ орнын дайындау, істелетін жұмыстардың ретін 
жоспарлау, іс-әрекет барысы мен оның нәтижесін бағалау, бірге және 
жеке жұмыс істеу) қабілеттерін қалыптастыру.


94
6. Баланың тыңдау, жауап беру және сұрақтар қою, нұсқау бойынша 
әрекет ету, оқу міндетін орындау, сабақта оқыту процесінде еркіндікті 
сақтау білігін қалыптастыру.
7. Балалардың білуге құштарлығын және танымдық 
қызығушылығын дамыту.
8. Алған білімді, білікті және дағдыны шығармашылықпен 
түсіндіріп талдап беру қабілетін дамыту.
9. Оқу-таным, зерттеу, жаңа білім мен тәжірибені меңгеру, оқыту 
процесінде педагогпен өзара конструктивтік ықпалдастық әрекеттеріне 
жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
10. Балалардың мектепте оқуға жалпы және арнайы дайындығын 
қалыптастыру.
Бұл жалпы міндеттер балалардың жасына, оқу материалының 
бағыттылығына, оқыту түріне, оны дараландыру қажеттілігіне қарай 
нақтыланады.
6.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің 
құрылымы, функциялары, қозғаушы күштері
Оқыту процесі балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту 
және өзін-өзі дамыту процестерімен қатар мектепке дейінгі мекемедегі 
біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі болып табылады. 
Процесс ретінде оқыту процесінің мәнін ашу үшін оның құрылымын, 
функцияларын, мектепке дейінгі кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру 
қажет. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың құрамдық 
компоненттерін анықтаудың негізінде Ю. К. Бабанскийдің 
педагогикалық процесс пен оның жеке аспектілерінің бірыңғай 
құрылымы жөніндегі ұстанымы жатыр.
Сонымен, оқыту процесінің құрылымында өзара байланы-
сты бес компонент бар: 
қарқынды-мотивациялық
(мектеп жасына 
дейінгі балалардың таным белсенділігінің мотивациясын көздейтін); 
мақсатты
(мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың мақсаты 
мен міндеттерін көрсететін); 
мазмұндық 
(мектепке дейін білім беру 
мазмұнын анықтайтын); 
бақылаушы-реттеуші 
(бақылауды, реттеуді, 
оқыту барысы мен нәтижелеріне тиісті түзетулер енгізіп отыруды 
көздейді); 
бағалаушы-нәтижелі 
(оқыту нәтижелерін диагностикалауды 
қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі
балаларды оқытудың жаңа мақсаттары мен міндеттерін қою).


95
Оқыту процесі екіжақты сипатта 
болады
:
педагогтың іс-әрекеті 
(оқыту) және балалардың іс-әрекеті (оқу). Мектепке дейінгі кезеңде 
оқыту бір мезгілде балалардың үлкен адамдармен бірге іс-әрекетінсіз 
(жеке немесе ұжымдық), бұл екі жақтың дидактикалық өзара әсерінсіз 
мүмкін емес. Үлкен адам бұл кезде адамзаттың жинақтаған әлеуметтік 
тәжірибенің қайнар көзі және оны танудың бала үшін маңызды құралы 
болып табылады, оны бала меңгере алады (жас, физиологиялық және 
басқа да ерекшеліктеріне қарай).
Өткен материалға сүйене отырып (3-тақырып) еске түсірейік, 
оқыту процесінің 
қозғаушы күші қайшылық.
Дидактикалық проце-
сте қайшылық мысалы ретінде мынадай жағдайлардан туындайтын 
қайшылықтарды көрсетуге болады:
- қоғамның, мектептің талаптары мен мектепке дейінгі мекемеде 
балалардың білімінің, дамығандық деңгейі және оларды дайындаудың 
нақты деңгейінің арасындағы;

балалардың 
танымдық 
сұраныстары 
мен 
оларды 
қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің арасындағы;
- қоршаған дүние, өзі, басқа адамдар туралы алған бұрынғы білімі 
мен жаңадан алған білімінің арасындағы.
Қайшылықтар тізімі ары қарай ойлану мәселесі болуы мүмкін 
және оны жалғастыруға, нақтылауға, сыртқы және ішкі қайшылықтарға 
жіктеуге және т.с.с. болады. 
Оқыту заңды түрде мектеп жасына дейінгі бала тұлғасына, оның 
дамуына, тәрбиесіне, біліміне әсер етеді. Сондықтан дидактика-
да 
оқытудың 
өзара байланысты үш
функциясын бөліп көрсетеді: 
дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық. Тәрбие процесінен 
айырмасы оқыту процесінде
дидактикалық функция жетекші 
рөл 
атқарады
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет