Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Балаларды мектепке дайындаудын психологиялық-



Pdf көрінісі
бет106/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

9.7 Балаларды мектепке дайындаудын психологиялық-
педагогикалық проблемалары
Балаларды мектепке дайындау аспектісінде бірқатар проблемалар 
бар. Бұл проблемалар мен қайшылықтарды шешу отбасы мен мектепке 
дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындаудың 
теориясы мен практикасын қалыптастыруды дамытудың қозғаушы 
күші болады. Проблемаларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: 
ұдайы, білім беруді дамытудың кез келген кезеңіндегі өзекті пробле-
ма, мұны шешу педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде жүзеге 
асырылып отыруы тиіс; ситуациялық сипаттағы проблемалар, олар өз 
шешімдерін нақты уақытша ситуацияларда татбуды талап етеді. 
Бірінші топтың кейбір проблемаларын көрсетейік.
 
Мектепте оқуға көшу үшін оңтайлы жас кезеңін анықтау про-
блемалары.
 
Баланы мектепке нәтижелі бейімделуді қамтамасыз ету пробле-
малары (биологиялық, әлеуметтік).


184
 
Мектепте және балалар бақшасында баланы жалпы және ар-
найы дайындау сапасын көтеру проблемалары.
 
Мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балаларды мектепке 
білім беру мекемелерінің (орталықтар, қысқа мерзімді топтар) балама-
лы балабақшаларында дайындау проблемалары. 
 
«Балабақша - мектеп» жүйесінде дайындаудың сабақтастығын 
қамтамасыз ету проблемалары.
 
Баланы мектепке дайындаудың барлық түрлерін кешенді диагно-
стикалауды қамтамасыз ету проблемалары (кезеңділік, толыққандылық, 
жан-жақтылық).
 
Мектепке жалпы және арнайы дайындауды жүзеге асырудағы 
педагогикалық кадрлар проблемалары; тәрбиешілер мен бастауыш 
мектеп мұғалімдерінің жұмысының сабақтастығын жүзеге асыру про-
блемалары; бұл аспектідегі баламен жұмыстың отбасымен өзара әрекеті 
проблемалары.
 
Балаларды 
мектепке 
дайындағанда 
олардың 
жеке 
ерекшеліктерінен туындайтын проблемалар («солақай» балалар, да-
муында ауытқулары бар балалар, дарынды балалар, алты жасарлар, 
физикалық және психикалық даму ерекшеліктері бар балалар).
 
Баланы мектепте оқуға дайындағанда оның қандай да бір 
компоненттерінің болмауымен немесе жеткіліксіз қалыптасқандығынан 
туындайтын проблемалар.
 
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындағанда ата-
аналар мен педагогтардың теориялық және әдістемелік материалдардың 
көптігінен оларды дұрыс таңдай білу қажеттілігімен байланысты про-
блемалар; дайындау процесі ретіндегі нәтиже ретіндегі мектепке 
дайындықтың мәнін ашатын көзқарастардың әртүрлілігімен байланы-
сты проблемалар.
Бұл проблемалар кешенін жалғастыра беруге болады. Бұлардың 
әрқайсысынан дербес проблемалар бөліп алуға болады. Бұл тізім 
педагогикалық процестің нақты ішкі және сыртқы шарттары-
на негізделген, отбасы жағдайының ерекшеліктеріне және басқа 
да факторларға байланысты дайындықтың жеке проблемаларымен 
толықтырылуы мүмкін.
Тақырыпты аяқтай келе, оны ашуды толық аяқтадық деп айтуға 
болмайтындығын атап көрсетеміз. Тақырып ауқымды, оның қосымша 
өз бетімен зерттеуді және мектепке дейінгі мекемелер мамандарының 
саналы түрде ойлануын қажет ететіндей көптеген аспектілері бар. 
Ұсынылған әдебиеттермен өзіндік жұмыстарды, практикалық тап-


185
сырмаларды орындау бұл тақырыпты терең түсінуге, алған білімді 
практикалық сабақтарда қолдануға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жүргізгенде, білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметінде, 
ата-аналармен жұмыс жүргізуде көмек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет