Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


«Балабақша-мектеп» жүйесіндегі сабақтастық аспектілері



Pdf көрінісі
бет104/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

«Балабақша-мектеп» жүйесіндегі сабақтастық аспектілері
Педагогикалық ағарту жұмыстарының 
ақпараттық-ағартушылық 
аспектісі
мектепке дейінгі ересек және кіші жаста мұғалімдер мен 
тәрбиешілерді білім беру процесі міндеттерімен таныстыруды; білім беру 


174
бағдарламаларының мазмұнын зерттеуді; бұл жастағы топтардағы бала-
ларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту ерекшеліктерін зерттеуді қарастырады. 
Серіктестік түрі – біріккен педагогикалық кеңестер, семинар-практи-
кумдар, балаларды дамыту, мектепке бейімдеу қиындықтары, мектепке 
дайын болудың диагностика әдістері мәселелері жөнінде лекциялар.
Әдістемелік аспект
мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш 
мектептегі білім беру ісінің түрлерімен және әдістерімен бір-біріне та-
ныстыру, негізгі оқу пәндері бойынша сабақтарды ұйымдастырудың 
түрлері, әдістері, құралдарының арасында сабақтастық орнату. 
Серіктестік түрлері – мектепке дейінгі мекемедегі және бастауыш 
мектептегі сабақтарға өзара қатысу, талдау, талқылау; дербес әдістемелер 
бойынша семинар-практикумдарға қатысу; озат педагогикалық 
тәжірибемен бөлісу; оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, түрлері, әдістері 
мен құралдарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге нақты 
ұсыныстар жасау жөніндегі әдістемелік мәжілістер өткізу.
Практикалық аспект
, бір жағынан, мұғалімдердің мектепке 
дейінгі мекемедегі өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала таны-
суында, екінші жағынан – бірінші сыныпта оларды оқыту процесінде 
тәрбиешілердің өз бітірушілеріне бас-көз болуында көрініс таба-
ды. Бұл мұғалімге өз тәрбиеленушілерін – олардың мінез-құлық, іс-
әрекет ерекшеліктерін ертерек білуіне мүмкіндік береді – ол бірінші 
сыныпта педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажет болады. 
Тәрбиешілер мектепте балаларға барғанда олардың бейімделу процесін, 
оқуы мен тәрбиесіндегі жақсы және жағымсыз жақтарын көре ала-
ды. Бұл мектепке балаларды дайындау процесіндегі артықшылықтар 
мен кемшіліктерді айқындауға көмектеседі, өзінің педагогикалық 
жұмысына тиісті түзетулер енгізуіне мүмкіндік береді. Серіктестік түрі 
– өзара қатысу.
Жүйелі өзара байланысты жүргізілген педагогикалық жұмыс 
пен бейімделу нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекеме маман-
дары мен мұғалімдердің педагогикалық мәжілісі өткізіледі, оның 
қорытындысында мектепке дайындау процесін жетілдіру, «балабақша 
- бастауыш мектеп» жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету және 
психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және 
мектепке дайындауда сабақтастықтың басқа да жағдайларын жасау 
жөнінде практикалық ұсыныстар қабылданады.


175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет