Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Педагогикада субъектіні зерттеудің негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет29/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

3.3 Педагогикада субъектіні зерттеудің негізгі бағыттары
«Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұны, бұл 
құбылыстардың әдіснамалық аспектілерін ашу ең алғаш философиялық 
білім аясында жүзеге асты. Педагогикалық теорияда бұл ұғымдардың 
пайда болуы 20 ғасырдың жетпісінші жылдарымен байланысты. Бүгінгі 
таңда адам-субъектінің өсуінің әртүрлі жас кезеңдерінде, оның даму 
проблемалары, мектепке дейінгі мекемеде және семьяда баланың 
субъективтік қасиеттерін қалыптастырудың мазмұнын, шарттарын, 
технологияларын іздестіру педагогиканың аса маңызды міндетіне 
айналды. Бұл проблемаларды теория мен практикада бірге олардың 
арасындағы қарама-қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндін береді.
Субъектіге жүгіну кездейсоқ емес. Қазахстанның басқа
әлеуметтік-экономикалық және саяси формацияға көшуге ұмтылуы 
белсенді шығармашылықпен өзгеруге өзі де, оның айналасындағылар 
да дайын жеке тұлғаны дамытудың қажеттілігін тудырды. Мұндай 
ұстаным білім беру жүйесінің барлық сатыларында тәрбиенің осыған 
сәйкес түрін қарастыруға алып келді. Мектепке дейінгі педагогикада 
мұндай мақсаттың пайда болуы жеке тұлғаны ары қарай дамытудың 
іргетасын анықтаушы ретіндегі мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің 
маңыздылығы идеясының өзектілігін арттыра түсті.
Педагогикалық теорияда адам-субъектінің даму идеясының қандай 
жолдардан өткендігін қарастырайық. Бұл саладағы педагогикалық 
зерттеулердің негізгі бағыттарына жүгінейік.
Дәстүрлі бағыт ұзақ жеткілікті түрде жалғыз және бүгінгі күнге дейін 
сақталып келеді. Бұл бағыт аясында педагог педагогикалық процестің


40
субъектісі болады. Бала, балалар тобы – бұл процестің объектісі, оған 
оқытушылық, тәрбиелеушілік, дамытушылық мақсаттарын көздейтін 
педагогикалық амалдар кешені бағытталады. Педагогтың жүйелі және 
мақсатты бағытты ықпалының нәтижесінде бала тұлғасының даму 
процесі жүреді, ол білім алады. Педагогтың ықпалы дегеніміз, сол 
сияқты, білім беру мекемесінде ұжымның және жекелеген балалардың 
әрекетін басқару процесі. Дамытушы ретінде балаларға ересектердің 
және құрбыларының ықпалы қарастырылды. Педагогпен ықпалдастық 
болуы мүмкін, алайда ол ұдайы және оның әсері негізінде болады. 
Педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынас типі бұл 
бағытта – субъект-объектілік болады.
Бұл қатынас типін схема түрінде былай көрсетуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет