42
қатынасы қандай болуы керек және оның субъектік қасиеттерін қалай
қалыптастыру керек екендігі жөнінде нақты түсініктері жоқ. Баланың
тиісті қасиеттерін қалыптастыру үшін оған субъект ретінде қарау
жеткілікті ме? Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек? Жас және
жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керек? Педагогикада осы сұрақтарға
жауап беру керек. Лекциялық және семинар
сабақтарында бірігіп
жұмыс жүргізу барысында біз қойылған проблемаларды шешудің
өзіндік нұсқасын беруге тырысамыз.
Педагогикалық проблемалардың тағы
бір блогы субъектаралық
әрекеттестікті ұйымдастыру процесімен (субъект-субъектілік сипаттағы
әрекеттестік) - оқу-тәрбие процесіндегі белсенділік пен серіктестіктің
ерекше түрімен байланысты. Ол балаға субъективтік сапаларын
дамытуға, педагогқа – дамудың шығармашыл деңгейіне қол жеткізе оты-
рып, оларды еселеп арттырады. Субъект-субъектілік қатынастар ұдайы
қозғалыста, әртүрлі
пікірлердің, тұжырымдардың,
сұраныстардың,
көзқарастардың үйлескен жағдайында дамиды. Проблеманың бұл бло-
гы серіктестіктің мазмұны мен түрлеріне жаңа көзқарас ізденістерімен
байланысты.
Педагогикалық ізденіс аясы педагогикалық процестің барысы
мен нәтижелерін диагностикалау тәсілдерін анықтаумен байланысты,
онда өзара әрекеттестіктердің барлық қатысушыларының диагностика
мен өзін-өзі диагностикалауға саналы түрде қатысу мүмкіндігі, оның
субъектаралық сипаты есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: