Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет6/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

зерттеу әдістері. 
Бұл әдістердің көмегімен педагогикалық 
практиканы оқып-үйрену және қорыту, өз бетімен ғылыми зерттеулер 
жүргізу жүзеге асырылады. Оларға: әдебиетті оқу және талдау, экспе-
римент, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, интервью, байқау, тәуелсіз 
мінездемелер беру, педагогикалық құжаттарды, балалардың іс-әрекет 
нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Бұл мәселені толығымен алды-
мызда арнайы тақырыпта қарастырамыз. 
Ғылымның пәнін айқындап, мектепке дейінгі педагогиканың негізгі 
санаттарын анықтағаннан кейін оның функциялары мен міндеттерін 
ашуға көшеміз.
Сұрақтарға жауап беріңіз?
1. Мектепке дейінгі педагогика нені қарастырады? Қолда бар 
ақпараттың негізінде оның пәнін көрсетіңіздер.
2. Педагогиканың ғылым ретіндегі қарастыратын пәні не? (Тұлғаны 
тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің мағыналық қасиеттері 
мен заңдылықтары). 


9
1.2 Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері 
Мектепке
 
дейінгі педагогиканың теориялық негіздері
 
фило-
софияның, жаратылыстану ғылымдарының (биология) деректеріне, ба-
лалар психологиясы мен педагогикалық ойлар тарихы салаларындағы 
теорияларға, озат педагогикалық тәжірибеге негізделген. Осыдан мек-
тепке дейінгі педагогиканың жалпы теориялық негіздерінде төрт негізгі 
аспектілерді бөліп көрсетуге болады: философиялық, психологиялық, 
жаратылыстану-ғылымилық және тарихи-педагогикалық.
Философиялық негіздері. 
Педагогикалық зерттеулер мен 
педагогикалық процестерді ұйымдастырғанда және жүзеге асырғанда 
диалектиканың - материяның дамуының, сананың және қоғамның 
(қозғалыстың үздіксіздігі және материяның дамуы, санның сапаға 
ауысуы, детерминизм, жүйелілік, дамудың қозғаушы күші ретіндегі 
қайшылықтардың бірлігі мен күресі, таным мен практиканың бірлігі 
және т.б.) неғұрлым жалпы заңдары туралы ғылымның жалпы 
принциптері ескеріледі.
Мектепке дейінгі педагогиканың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет