Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі педагогиканың ғылым



Pdf көрінісі
бет9/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

1.3 Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі педагогиканың ғылым 
ретіндегі функциялары мен міндеттері
«Мектепке дейінгі педагогика» ғылымының ерекшеліктерін түсіну 
үшін оның функцияларын, оның шешетін міндеттерін қарастырайық. 
Функция
- бұл міндет, іс-әрекет аясы, тағайындау, рөл, іс-қимыл 
мен амалдардың жиынтығы. Мектепке дейінгі педагогиканың функци-
яларын анықтауды жалпы ғылымның функцияларын түсінуден бастау 
керек. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде негізінен бес функ-
ция атқарады.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі функцияла-
ры
1. Суреттеушілік - 
зерттеудің эмпирикалық (тәжірибелік, бастапқы) 
деңгейіне сәйкес келеді. Педагогикалық фактілер мен құбылыстардың 
жинағын, олардың классификациясын қамтиды.
2. Түсіндірушілік 
(негізгі) - педагогикалық құбылыстардың мәнін 
ашуға бағытталған, яғни олардың шығуын, құрылымын, берілген 
құбылыстың даму заңдылықтарын қарастырады. Функция зерттеудің 
теориялық деңгейіне сәйкес болады.
3. Жобалаушы-құраушы - 
педагогикалық әрекеттің нақты тех-
нологиясын жасау, білім беру процесіндегі педагогикалық қарым-
қатынастың жобаларын, бағдарламаларын, түрлері мен әдістерін жа-
сауды білдіреді.
 
4. Прогностикалық - 
оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын та-
нып білу негізінде болашақта педагогикалық жүйенің дамуын болжау-
ды жүзеге асырады.
5. Дүниетанымдық - 
қоғамдық ортада педагогикалық сананы 
белсенді түрде қалыптастыруға бағытталған.


13
Мектепке дейінгі педагогика педагогикалық практикаға бағыттаушы 
рөл атқарады. Мектепке дейінгі педагогика балабақшаның, отбасының 
тәрбиелік және оқыту өзара ықпалдастығының бірлігін, мектепке 
дейінгі мекеме мен мектеп жұмысының сабақтастығын қамтамасыз 
етеді. Мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі білім берудің 
мазмұнын, әдістерін, құралын және қажетті нәтижені негіздейді.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі міндет-тері мек-
тепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметінің сұраныстарымен 
анықталады. Сонымен қатар, ғылымның міндеті бар тәжірибені біліп 
түсіндіріп қана қоймай, практиканың ары қарай дамуын бағдарлау, 
жаңа перспективалық педагогикалық технологияларды жасау, нақты 
педагогикалық практиканы жетілдіру міндеттерін де атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет