Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


 Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды дамыту. Мектепке



Pdf көрінісі
бет97/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

9.2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды дамыту. Мектепке 
дейінгі мекеменің ересек балалар топтарында педагогикалық 
процесті ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі ересек жас – мектепке дейінгі балалық шақтың 
ерекше кезеңі. Бұл кезең жаңа жас сатысына, білім алудың жаңа 
жүйесіне, жаңа әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне дайындық және 
көшу кезеңі. Бұл кезең психологияда тоқырау ретінде сипаттала-
ды. Бұл дағдарыс физиология мен психиканың өзгеруіне, тұлғаның 
бойындағы, әлеуметтік статустағы, интеллектуалдық, эмоционалдық-
еріктік, адамгершілік, қозғалыс салаларындағы өзгерістерге қатысты.
Г. С. Абрамова, Я. Л. Коломинский, Е. А. Панько, В. С. Мухина 
бұл жастағы балалардың тілге сезімталдығы жақсы болады; олар көп 
сөз біледі, сөйлегенді жақсы көреді деп көрсетеді. Балалар өмірде ре-
алист те, және қиялшыл да болғандықтан олар өздерінің көпнұсқалы
түсініктерінде өзі туралы, отбасы туралы өздері тұрған әлеуметтік 
жағдайлардан ойдан ситуациялар құрады. Бірте-бірте бала ойын, 
түсінігін басқаруды үйренеді, эксперимент (өтірік әрекет жасайды, 
әдейі істеген түр көрсетеді және т.б.) жасайды. Әрине, бұл еріксіз амал 
болса да, негізі бар жасалған амал.
Уақыт өте келе 6 жасар бала басқа адамдармен қарым-қатынаста 
тәртібінің балалық өзінділігін жоғалтады. Өзіндік «Мен» құпиясы 
пайда болады, сондықтан бала неғұрлым тұйық және үлкендер үшін 
түсініксіздеу болады. Бұл олардың тәртіптерінде үлкендерің ырқынан 
шыққандығынан көрінеді (тыңдаймыз, бірақ өзіміздікін жасаймыз). 
«Мен – құпия» күйі қорғауды талап етеді, сондықтан бала өзіне ғана 
жеке дүниелерді ойлап таба бастайды. Әдейі балалық өтірік пайда бо-
лады (өз әлемін шақырылмаған қонақтардан қорғауға тырысады), сол 
сияқты әдейі жалғандық (бала шын мәнінде шындық пен өз ойын бөле 
алмайды) пайда болады. Өнімді және бағдарлы түсінік, міне осындай 
ерекше тұлғамен байланысты.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға танымдық белсенділік 
тән, өйткені олар шексіз «неге» сұрақтарын қояды және олардың 
зейінін ұйымдастырады. Олар өз тәртіптерін еркін реттей алады, оларға 
зейіннің еріксіздігі тән болса да, өздерін қызықтыратын нәрсеге на-
зар аударады. Оларда еріксіз еске сақтау өнімдірек болса да, өздеріне 
тартымды маңызды деген нәрселерді тез ұғып алады, есте ұстайды 
(ойындағы табысы, мейрамда өлең оқу және т.б.).
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың кез келген типі 


152
үшін өнімді іс-әрекетте оның нәтижесінен гөрі процессуалдық 
жағы көбірек қызықтырады, оны оқыту процесінде білікті (еңбек, 
ұйымдастырушылық) қалыптастыруда пайдаланған аса маңызды.
В. С. Мухина көрсеткендей, мектепке дейінгі ересек жастағы 
баланың санасында өзіндік сана құрылымының буындарының бәрі бар: 
мойындауға, өзінің бір жынысқа жататындығын түсінуге (өзін ұл не-
месе қыз екендігін білуге), өзін уақыт ішінде сезінуге, өзінің құқығы 
мен міндеттеріне көзқарасын түсінуге құлқы бар. Балалар тәртібінің 
нормалары мен ережелері жөнінде көп біледі, оларды орындай алады, 
үлкендердің, құрбыларының олардың ісіне берген бағасын жеңілірек
қабылдайды; өздерін-өздері бағалау қиынырақ болады.
Үлкендер баланы «үйретілген шарасыздық» күйіне жиі түсіріп 
қояды, ол баланың белсенділігі мен ынтасының болмауынан көрінеді. 
Бала әрекеттің қандай да бір түрінде көрінсе, бұл баланың бүкіл өмірлік 
әрекетіне жайылуы қауіпті.
Мектепке дейінгі ересек балалар үшін ата-аналарымен, 
жақындарымен (апасы, атасы және т.б.) тығыз эмоционалдық байланы-
стар болуы тиіс. Балалар үлкендерден үлкен эмоционалдық тәуелділікте 
болады, сондықтан үлкендердің қарым-қатынас стилі баланың 
психикалық саулығын анықтайды. Олар қайғыда да, қуанышта да терең 
күйзелуге бейім болады, сондықтан олардың сезімін бағаламауға бол-
майды.
Балалар үлкендермен өзара жағымды қарым-қатынасқа тырысады. 
Бұл олардың тәртібін ұйымдастырады. Қолдауға қол жеткізу – мектеп-
ке дейінгі ересек жастағы балалардың тәртібінің негізгі мотивтерінің 
бірі. Өз аяғына тұру ынтасы кейде, әсіресе қандай да бір тапсырманы 
орындай алмаған жағдайда бала еркелігіне себеп болады. Үлкендердің 
жағымсыз істері бала еркелігін күшейте түседі. 6-7 жастағы бала 
өзінің эмоциясына бағынып үнемі бір нәрсені ойлап жүреді. Олар өте 
экспрессивті – олардың сезімі тез тұтанады.
Бұл жастағы балаларға ерік күші жетіспейді. «Жасағым келеді» 
және «керек» мотивтері жекпе-жекке түседі. Адамгершілік мотив 
әрқашан жеңе бермейді. Бала үлкендермен жақсы қатынасын сақтау 
үшін кейде саналы түрде өтірікке барады. Ол адамның ең бірінші 
сұранысын - жағымды эмоцияларды қажет етеді. Бұл жаста жеткілікті 
түрде жақсы дамыған рефлексияға қабілеттілік оларға үлкендермен 
қарым-қатынаста бағдар алуға және өз ісін, тәртібін үлкендерге жағу 
үшін арнайы түзетуге мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, мектепке дейінгі ересек жастағы кейбір балаларды 


153
барлық түрдегі невроз сияқты психиканың бұзылуы айналып өтпейді.
Невроздың басты себебі – үлкендер тарапынан сүйіспеншіліктің 
жетіспеуінен туындайтын қорқыныш, сондықтан баланың психикалық 
жағымсыз күйінің дамуының мұғалімнің, құрбыларының, ата-
аналарының қайырымдылығына негізделген тиісті жайлы атмосфера 
орнату арқылы алдын алу қажет.
Балаларға нақты, бейнелі ойлауға негізделген сенгіштік және 
қуану қасиеттері тән. Қаншалықты «есейген» болса да, бала ол өз 
тәжірибесі аясындағы әлемде, соның күйзелістері мен интеллектуалдық 
мүмкіндіктері бойынша жүреді, сондықтан балалар әлемі үлкендердің 
көзіне түсе бермейтін тетіктер мен бояуға толы, деп көрсетеді Г. С. 
Абрамова.
7 жасқа қарай бала ол үшін мектеп оқушысының әлеуметтік ролін 
қабылдауға, жаңа (оқу) іс-әрекетті және нақты және қорытынды білім 
жүйесін меңгеруге дайын бола бастайды. Дегенмен бұл дайындықты 
қалыптастыру стихиялы түрде болды деуге болмайды. Баланың мек-
тепке дайындығы ұзақ және бағытты жұмыс процесінде қалыптасады, 
ол мектепке дейінгі мекеме педагогтарының да, ата-аналардың да бір 
ғана жылдық жұмысы емес.
Мектепке дейінгі жас аяғына қарай баланың жалпы дамуында 
қайта құрылу болады, ол бұл кезеңді өзгерісті кезең ретінде қарауға 
негіз болады. Жалпы дене дамуы неғұрлым үйлесімді бола бастайды. 
Ағзаның барлық жүйесі: жүрек тамырлары, демалу, сүйеніш-қозғалыс
аппараты қарқынды дами бастайды. Осымен байланысты қозғалыс
функциялары, физикалық сапалары жетіледі. Жүйке жүйесінің даму 
динамикасы, әсіресе мидың морфологиясы мен физиологиясында 
анық көрінеді. Мектепке дейінгі ересек балаларда күрделі және ұзақ 
әрекет үшін қажетті психофизиологиялық ресурстар көбейеді. Жүйке 
процестерінің жүруінде де өзгерістер болады, тежеу реакцияларының 
мүмкіндгі көбейеді. Бұл тәртібін, эмоциясын, іс-әрекетін еркін рет-
теу үшін алғышарт болады. Мектепке дейінгі ересек баланың әлсіз 
жағы – жүйке жасушаларындағы энергия қорының тез әлсіреуі, бұл 
педагогикалық процесті құруда ескерілуі керек. Дамудың бұл ерекшелігі 
бастауыш мектептің бірінші сыныбында да оқу кезеңінде сақталады. 
Бұл жас кезеңінің маңызды ерекшелігі жақын үлкен адамдармен күшті 
эмоционалдық байланыс болып табылады.
Сонымен, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке 
дайындағанда бала дамуының мынадай ерекшеліктеріне назар аудару 
қажет: балалар бұл жаста елестетуді белсенді пайдаланады, бірте-бірте 


154
оны басқаруды үйренеді; тікелей қарым-қатынас жасауы, басқа адам-
дармен өзара қарым-қатынас тәртібі төмендейді; бұл жасқа танымдық 
белсенділік тән; тәртібін, зейінін ретке келтіруде еріктілік пайда бола-
ды; еріксіз есте сақтауы неғұрлым дамиды; балалар өте экспрессивті, 
эмоционалдық жағынан жақын үлкен адамдармен байланысты.
Мектепке бару – бала өмірінде өзгеріс, дағдарыс сәті, ол мыналар-
мен:
• 
үйренген өмір салтының өзгеруімен;
• 
айналасындағылармен қарым-қатынас жүйесінің өзгеруімен 
(балада жаңа әлеуметтік рөлдегі қатынастармен реттелетін әлеуметтік 
маңызды іс-әрекет пайда болады);
• 
жетекші іс-әрекеттің ауысуымен;
• 
баланың жаңа әлеуметтік рөлді және соған байланысты 
міндеттерді, қиындықтарды қабылдауымен;
• 
оқу, тәрбие және дамудың жаңа жағдайына бейімделуімен бай-
ланысты.
Іс-әрекеттің негізгі түрі – оқу, ойынға қарағанда міндетті сипатта 
болады және оқушының өмірінде басты орын алады деп көрсетеді Г. Г. 
Кравцов. Ойынға бөлінген уақыт азаяды, күн тәртібі өзгереді, баланың 
өзіндік істеріне, тәртібіне, орындаушылығына, жинақылығына талап-
тар едәуір артады, әсіресе, іс-әрекетіне жеке жауапкершілік мөлшері 
мен оның нәтижелеріне жоғары болады.
Бұл орайда баланы бірте-бірте мектеппен байланысты болатын 
өзгерістерге дайындау (дене, психикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық) 
маңызды. Мектепке дейінгі мекеменің ересек балалар тобында 
педагогикалық процесті мектеп талаптарына, өмірлік жаңа кезеңге 
дайындауға бағдарлап құру қажет, ол балаларға өмірдің жаңа кезеңіне 
тез және жақсы бейімделуіне көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемеде 
«ересек балалардың» позициясы педагогикалық процесті ұйымдастыру 
ерекшеліктеріне себепші болады.
Топтың аты – «дайындық тобы» - бұл сатыдағы міндеттердің ерек-
ше екендігін көрсетеді. Педагогтың міндеті, бірінші жағынан, жас 
нормалары мен мүмкіншіліктеріне сәйкес бала тұлғасын жан-жақты 
дамытуды қамтамасыз етуді жалғастыру. Екінші жағынан – мектеп-
ке дейінгі мекемеде жаңа оқу пәндерін меңгеруге баланы дайындау 
үшін жағдай жасалуы керек, ал ол үшін арнайы дайындық қажет. 
Тәрбиеші балалар балабақшада өздерін ересек сезінетіндей ситуаци-
ялар туғызуы керек, өз бетімен іс істей алатындығын, кішкентайларға 
көмектесетіндігін сезінуі тиіс. Оларда мұғаліммен, кіші оқушылармен 


155
– мектепте экскурсия, біріккен спорт ойындары, кездесулер виктори-
налар өткізу сияқты жаңа әлеуметтік байланыс орнайды, онда балалар 
тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады, жағымды эмоционалдық фон 
қалыптасады, мектепте оқуға сұраныстар мен мотивация қалыптасады. 
Ойын процесінде, сабақтарда оқу білігі қалыптасады, онда балалар іс-
әрекеті нәтижелерінің объективті бағасы пайдаланылады, тәртібінің 
еркіндігіне көңіл аударылады, ұйымдасқан іс-әрекетте көптеген ереже-
лерге үйретеді. Яғни, баланың бар өмірі біртіндеп қайта құрыла бастай-
ды, олардың тәртібіне, іс-әрекетіне талап артады. Балаларды бірдей оқу 
міндеттерін шешкенде өзара әрекет етуге үйрететеді, өз әрекетін және 
оның өнімдерін талдау қабілетін қалыптастырады, ұйымшылдыққа, 
жауапкершілікке, өз бетінше әрекет етуге және басқа да тұлғалық 
қасиеттерді тәрбиелейді.
Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекетінің 
ерекшелігі барлық балалар үшін маңызды болашақта мектепке бару 
перспективаларының болуы. Сонымен бірге бұл позицияда мөлшерден 
аспау қажет және оны өзіндік мақсатқа айналдырмау керек. Мектепке 
дайындық жүйелі түрде жүреді, талаптар бірте-бірте енгізіледі және 
бала өмірімен кірігіп кетеді.
Мектепке дейінгі мекеменің дайындық тобындағы педагогикалық 
жұмыстың мазмұнын талдай келе, бірнеше ерекшеліктерді айқындауға 
болады:
• 
балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру мектепте оқытуға қажетті 
тұлғалық қасиеттерді – өз беттілігін, жауапкершілігін, еріктілігін, 
белсенділігін, даралығын, тәртіптілігін және жинақылығын, білуге 
құштарлығын, көпшілдігін, қабілеттілігіне тәрбиелеуге бағытталған;
• 
еркін және уақытпен мөлшерленген іс-әрекетте құрбылырымен, 
мұғалімдермен, кіші оқушылармен серіктестіктіктің жаңа түрлерін 
меңгеру;
• 
іс-әрекеттің қоғамдық бағытталғандығын ұсыну және оның 
нәтижелеріне жетуге талаптар қою;
• 
балалардың өз беттілігіне, жинақылығына, іс-әрекетті өздігінен 
басқару білігіне талаптардың пайда болуы, өзін-өзі көрсетуін реттеп 
отыру;
• 
режимдік процестерді орындауға уақыт қысқарады, бір 
әрекеттен екіншісіне көшу шапшаңырақ болады, іс-әрекет қарқынына 
талап өседі;
• 
педагог пен баланың қатынас стилі өзгереді, мектепке тән 
қатынастар мен талаптар енгізіледі;


156
• 
сабақ уақыты, оның саны көбейеді. Топта арнайы оқу зона-
сы жасалады. Балаларды мектеп құралдарымен, мектептегі тәртіп 
ережесімен таныстырады, оларды сабақта оқуға пайдаланады;
• 
сабақта оқыту мектептің оқу пәндерін меңгеруге дайындауға 
бағытталған, жаңа сабақтар пайда болады (сауатқа оқыту);
• 
сабақ барысында педагог оқу іс-әрекетінің элементтерін 
қалыптастыру мақсатын қояды. Оқу мотивациясын түсіну, жоспарлау 
қабілеті, оқу міндеттерін шешу процесін жоспарлау, құру және бағалау 
білігі қалыптастырылады. Балалар педагогты тыңдауды, оның тапсыр-
маларын орындауды, сұрақтар беруді және оларға жауап беруді, оқу 
міндетін қоюды және қабылдауды, оны шешу барысын жоспарлауды, 
іс-әрекетке баға беруді үйренеді;
• 
балалардың іс-әрекет нәтижелерін бағалауда басқаша 
тәсілдер жүзеге асырылады: педагог тапсырманы әрбір баланың 
орындауына, олардың нәтиже алуына қол жеткізеді, тапсырманың 
орындалғандығының нақтылығы мен сапасы, жұмыс қарқынын 
сақтауы, өзін-өзі бақылауы бағаланады;
• 
балалардың танымдық қызығушылығын, олардың таным 
белсенділігін дамыту жұмысы жүргізіледі, белсенді ой еңбегіне 
әдеттенуі қалыптасады, қоғамдық құбылыс аясы кеңиді;
• 
іс-әрекет мазмұны, оны іске асыру тәсілдері байыйды. Педагог 
іс-әрекетті ұжымдық түрде жоспарлау оны жүргізу процесінде 
серіктестік орнату, бірігіп нәтижелерге жету білігін;
• 
балаларды мектепке дайындаудың жалпы және дербес 
міндеттерін шешу жөнінде мақсатты бағытты жұмыстар жүргізеді;
• 
отбасы жағдайында дайындық мәселелерін шешуде, білім, 
білік, қатынас, қабілет әрекеттерін тиянақтау мақсатында ата-аналар-
мен қатар жұмыс жүргізіледі.
Сонымен, мектепке дейінгі мекеменің дайындық тобындағы 
педагогикалық процестің ерекшелігі балаларды білім берудің жаңа са-
тысына дайындау, мектептің жаңа жағдайы мен талабына бейімделу 
процесін жұмсарту қажеттілігімен анықталады. Педагогикалық про-
цесс өзінің дәстүрлі-тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық функ-
цияларын орындауды жалғастыра береді. Сондай-ақ, ол дайындықтың 
дербес міндеттерін щешуге де бағытталады. Келесі мәселеде мектепте 
оқытуға дайындықтың бағыттары мен міндеттерін ашып көрсетейік.


157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет