Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


«Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі бала-



Pdf көрінісі
бет59/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   128
6.1 «Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі бала-
ларды оқыту ерекшеліктері
Ю. К. Бабанскийдің анықтамасы бойынша, «оқыту – мақсатты 
бағытталған, ретті, педагог пен балалардың өзгеріп отыратын өзара 
әрекеті, оның барысында оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық 
міндеттері шешіледі». Бұл анықтама оқыту процесінде өзара әрекет 
белгілерін (мақсаттылық, бағыттылық, реттілік, динамикалық) және 
оның функцияларын (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық) 
көрсетеді.
И. Я. Лернер берген түсініктемеге сүйенсек, «оқыту – бұл педа-
гог пен баланың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының қандай да бір үзігін 
меңгеру мақсатындағы өзара әрекеті». Бұл анықтама оқытуды өзара 
әрекеттестік ретінде сипаттайды, бұл процестің мақсаты мен мазмұнын 
көрсетеді.
Оқыту - біртұтас педагогикалық процестің ажыратылмайтын бөлігі. 
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту көптеген оқытушылық, тәрбиелік, 


91
дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталған, бұл мектепке дейін 
білім берудің басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын 
жан-жақты, үйлесімді дамуына қол жеткізуге, жақындатуға жағдай 
туғызады.
Балаларды оқыту үлкендер (педагогтар) мен балалардың түрлі 
жағдайлардағы, уақытпен шектелген, еркін және білім беру процесіне 
қатысушылардың өзіндік іс-әрекет жасау процесінде жүреді.
Мектепке дейінгі педагогика бойынша эаманауи сөздіктерде мына-
дай анықтама кездеседі: «Оқыту – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға 
білімді, білікті мақсатты, бағытты түрде жеткізу, сол сияқты белгілі 
бір білім беру бағдарламасы бойынша дағдыларды, пайдалы әдеттерді 
қалыптастыру».
Біздің міндетіміз – осы анықтамаларды талдау және мектеп жа-
сына дейінгі баланы оқытудың қолданбалы тіректі анықтамасын 
бөліп көрсету. Педагогика курсынан біз И. Я. Лернердің анықтамасы 
толығымен оқыту процесінің мәні мен маңызын жан-жақты 
көрсететінін білдік. Бұл білім мен білікті ұрпақтан ұрпаққа беру ғана 
емес, бұл балалардың тиісті жас кезеңінде оның үйлесімді дамуына 
қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі (яғни, меңгеру тек білім, білік 
және дағды деңгейінде ғана емес, оның құндылығын, тұлғалылығын 
түсіну деңгейінде және осының негізінде шығармашылық әрекетін 
қалыптастыру деңгейінде) жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет