Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет96/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128
Мектепке дайын болу – тұлғаның жан-жақты даму нәтижесі және 
мектепке дейінгі педагогикада екі бағытта қарастырылады – жалпы 
және арнайы дайын болу. Дайын болудың аталған түрлерінің әрқайсысы 
мектепке дайындау бағыттарының тиісті нәтижесі болады.
Мектепке арнайы дайын болу – балада мектеп пәндерін (матема-
тика, қазақ тілі, жаратылыстану) оқып үйренуге қажетті арнайы білім, 
білік және дағдылардың болуымен анықталады.
Мектепке жалпы дайын болу – баланың мектепке барарда мектеп-
те оқудың жаңа жағдайына белсенді кірісе алуы үшін және оқу мате-
риалын саналы түрде меңгеру үшін қажетті негіз болатын физикалық, 
психикалық, ақыл-ой, адамгершілік, еріктік, коммуникативтік, 


161
эстетикалық даму деңгейіне жетуінен көрінеді. Жалпы дайын болу 
бала мектепке барарда қол жеткізетін белгілі бір психикалық даму 
деңгейімен сипатталады және тұтас бір диагностикалық әдістеме 
кешенімен айқындалады.
Мектепке психологиялық дайын болу – ғалымдардың жалпы дайын 
болу құрамына енгізген дайын болудың түрі.
Мектепке психологиялық дайын болу проблемасын талқылай 
келе, Л. И. Божович оның екі аспектісін қарастырады: тұлғалық және
интеллектуалдық дайын болу. Мұнда баланың психикалық дамуының 
мектепте оқудың жемісті болуына едәуір әсер ететін бірнеше
параметрлері айқындалады:

оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтерін қамтитын 
баланың мотивациялық даму деңгейі;

еркін жүріс-тұрысының жеткілікті дамуы;

интеллектуалдық аясы дамуының белгілі бір деңгейі.
Мектепке психологиялық дайын болудың негізгі критерийі Л. И. 
Божовичтің еңбектерінде жаңадан пайда болған «оқушының ішкі пози-
циясы», ол жаңа деңгейдегі үлкендермен қарым-қатынаста танымдық 
сұраныс нәтижесінде туындайтын баланың қоршаған ортаға жаңа 
көзқарасын білдіреді.
Д. Б. Эльконин мектепке дайын болу проблемасын талдай 
келе, бірінші орынға оқу іс-әректін меңгерудің психологиялық 
алғышарттарының қалыптасқандығын қояды. Аса маңызды 
алғышарттарға ол баланың мынадай біліктерін жатқызды:

өз жұмысының іс-қимыл тәсілдерін жалпы түрде анықтайтын 
ережелерге саналы түрде бағындыру;

жұмыста ережелер жүйесіне бағдар ұстау;

үлкендердің нұсқауын тыңдау және орындау;

үлгі бойынша жұмыс істеу.
Барлық бұл алғышарттар мектепке дейінгі жастан мектептің кіші 
жастағы оқушысына көшу кезеңіндегі баланың психикалық даму 
ерекшеліктерінен туындайды, атап айтқанда: әлеуметтік қатынаста 
тікелей әрекеттің жойылуы; бағасына байланысты алаңдаушылығы; 
өзін-өзі бақылау ерекшеліктері.
Н. Г. Салмина мектепке психологиялық дайын болудың негізгі 
көрсеткіші ретінде мыналарды бөліп көрсетеді:

еркінділік оқу іс-әрекетінің алғышарттарының бірі ретінде;

семиотикалық функцияның қалыптасқандық деңгейі;

қарым-қатынас ерекшеліктерін, қойылған міндеттерді шешу 
11–7463


162
үшін бірігіп жұмыс істеу білігін, эмоционалдық аясының дамуын және 
т.б. қамтитын тұлғалық мінездемесі.
Бұл көзқарастың ерекше белгісі семиотикалық функцияны баланың 
мектепке дайын болуының көрсеткіші ретінде қарастыруы, оның үстіне 
бұл функцияның даму дәрежесі баланың интеллектуалдық дамуын си-
паттайды.
Е. Е. Кравцова мен Г. Г. Кравцовтың жұмыстарында баланың 
мектепке дайын болуын сипаттағанда негізінен баланың дамуының 
пороліне сүйенеді. Үш сфера айқындалады – үлкенге, құрбысына және 
өзіне көзқарасы, бұлардың даму деңгейі мектепке дайын болу дәрежесін 
көрсетеді және оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттерімен 
үйлеседі. Бұл тұжырымдамада маңызды көрсеткіш баланың серіктестік 
және кооперация тұрғысынан үлкендермен және құрбыларымен 
қатынасының даму деңгейі болады. Серіктестігі мен кооперациясының 
көрсеткіші жоғары балалар интеллектуалдық дамудың да жоғары 
көрсеткішіне ие болады деп есептелінеді.
Н. Б. Нижегородцева мен Н. Д. Шадрикова мектепте оқуға жал-
пы (психологиялық) дайын болуды маңызды оқу сапаларынан (МОС) 
тұратын құрылым деп санайды. Әртүрлі маңызды оқу сапалары 
мектептегі оқудың жемісті болуына әртүрлі әсер етеді дейді. Осыған бай-
ланысты бағдарламалық материалды жемісті меңгерудің жемістілігіне 
едәуір әсерін тигізетін МОС-ын айқындап көрсетеді. Базалық және 
жетекші МОС оқудың басында бірінші сыныпта негізінен бірдей бола-
ды. Оларға жататындар:

оқу мотивтері;

көру арқылы талдау (бейнелеп ойлау);

оқу міндетін қабылдауға қабілеттілігі;

кірісу дағдылары;

графикалық дағды;

іс-әрекетін ретке келтірудегі еріктілігі;

үйренетіндігі.
Олар екі параметр бойынша бөлінеді. Базалық МОС-на тағы да 
жалпылау деңгейі жатады (логикалық ойлау алғышарттары), ал жетекші 
МОС-на вербалды механикалық ес қосылады. Болашақ оқушының оқу 
басындағы МОС құрылымы, «старттық дайын болу» деп аталады. Оқыту
процесінде оқу іс-әрекетінің әсерінен старттық дайын болуда мектепте 
екінші рет дайын болуға әкелетіндей өзгерістер болады, баланың ары 
қарай үлгеруі осыған байланысты болады. Авторлар бірінші сыныптың 
аяғына оқытудың жемісі старттық дайын болуға аса байланысты болмай 


163
қалады, өйткені білімді меңгеру процесінде старттық дайындыққа дейін 
болмаған жаңа МОС қалыптасады деп көрсетеді.
Зерттеулердің барлығында көзқарастардың айырмашылықтарына 
қарамастан бірінші сынып оқушысы оқытудың бастапқы кезеңі үшін 
кейін оқу процесінде дамытылатын және жетілдірілетін қажетті және 
жеткілікті сапаларды меңгерген жағдайда ғана мектепте оқыту тиімді 
деп саналады деген факті қабылданады.
Баланың мектепке психологиялық дайын болуын мектепте оқуға 
қажетті баланың психикалық даму деңгейімен анықтауға болады. Оның 
үстіне бұл білімнің көпкомпоненттілігін атап көрсеткен жөн. Мектепке 
дайын болуды талдауға арналған психологиялық әдебиеттерде, 
көбінесе психологиялық дайын болудың мынадай элементтері 
көрсетіледі: интеллектуалдық, жеке тұлғалық және еріктік. Қазіргі 
сәтке баланың мектепке дайын болу деңгейін анықтайтындай бірқатар 
психодиагностикалық әдістемелер жасалды (Л. А. Венгер, Г. Витцлак, 
Н. И. Гуткина, Е. Е. Кравцова және т.б.).
Мектепке психологиялық дайын болу мектепте жақсы оқу
тұрғысынан қарағанда бірінші сыныпқа түскен баланың психикалық 
даму көрсеткіштерін жинақтайды. Психологиялық дайын болу мына-
ларды қамтиды:

оқуға ұмтылып, мектеп оқушысы болуды қалайтын мектепке 
мотивациялық дайын болу;

танымдық іс-әрекетінің жоғары деңгейі мен ойлау амалдарының 
жеткілікті дамығандығы;

таңбалық-символдық функциялары туралы түсінігінің болуы 
және орнын басуға қабілеттілігі;

баланың оқу іс-әрекеті элементтерін меңгеруі;

еріктік және әлеуметтік дамудың белгілі бір деңгейі;

өз тәртібін еркін басқаруы;

мұғалімдермен 
еркін 
қарым-қатынас 
түрін 
орнату, 
құрбыларымен арақатынасын ретке келтіру.
Мектепте оқуға психологиялық дайын болу мәселелерін педагог-
тар, психологтар, дефектологтар: Л. И. Божович, Л. А. Венгер, А. Л. 
Венгер, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Керн, Е. Е. Кравцова, Г. Г. 
Кравцов, А. Р. Лурия, В. С. Мухина, С. Л. Рубинштейн, Е. О. Смирнова 
және басқалары қарастырды. Психологиялық дайын болу баланы сы-
нып ұжымына кіруге психологиялық алғышартты; оқу материалын са-
налы, белсенді меңгеруді; мектептегі көптеген міндеттерді орындауды, 
оқуға жауапты қарауды қамтамасыз етеді.


164
Балалардың мектепке жалпы мазмұнын анықтаудың әртүрлі 
көзқарастарын қарастырайық.
П. И. Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде
мектепке дайын болуды дайындықтың мотивациялық, еріктік, ақыл-ой,
коммуникативтік және сөйлеу түрлерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Мотивациялық дайындық – оқуға қоғамдық маңызды іс сияқты 
қарау және білім алуға тырысу. Бұл компонентті дамытудың алғышарты 
мектепке баруға жалпы құлшынысының, білуге құмарлығының болуы 
деп көрсетеді. 
Еріктік дайын болу – үлгіге сәйкес әрекет ету білігі және өзінің 
нәтижесін эталонмен салыстыру арқылы бақылау жасау. Үлгі үлкеннің 
әрекеті түрінде, ереже түрінде де болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың (интеллектуалдық) дайын болуы – таным 
процестерінің дамуының жоғары деңгейіне жеткілікті қол жеткізу (са-
ралап қабылдау, еркін назар, мағыналық есте ұстау, көрнекі-бейнелік 
ойлау, логикалық ойлауды меңгерудің бастапқы қадамдары).
Коммуникативтік дайын болу – үлкендермен ерікті-контекстік 
қарым-қатынас және құрбыларымен кооперативтік-жарыстың болуы.
Сөйлеу дайындығы – тілдің грамматикасы мен лексикасын 
меңгеру, өз сөйлеген сөзін саналы түрде түсінудің белгілі бір дәрежесі
сөйлеу формаларының (сыртқы, ішкі, диалогтық, монологтық) және 
функцияларының (қарым-қатынас, жалпылау, жоспарлау, бағалау) 
қалыптасуы.
Л. И. Божович мектепте оқуға дайын болу ойлау әрекетінің қандай 
да бір деңгейінен, танымдық қызығушылықтан, өзінің танымдық іс-
әрекетін еркін реттеу және оқушының әлеуметтік позициясына дайын 
болудан тұрады деп көрсетеді. Л. И. Божович жалпы дайындықтың 
екі аспектісін көрсетеді: тұлғалық және интеллектуалдық дайын болу.
Мұнда баланың психикалық дамуының баланың мектепте жақсы оқуына 
неғұрлым маңызды әсер ететін бірнеше параметрлері қарастырылады. 
В. И. Логинова, П. Г. Саморукова, Г. М. Лямина, Л. А. Венгер, А. В. 
Запорожец, Т. В. Тарунтаева баланың мектепке дайын болуын жалпы 
және арнайы дайындықтың бірлігі деп қарастырады. Жалпы дайындық 
құрылымында өз кезегінде бірқатар компоненттер анықталады: 
психологиялық, физикалық, адамгершілік-еріктік, интеллектуалдық 
дайын болу.
Н. В. Нижегородцева, В. Д. Шадриков баланың мектепте оқуға 
жалпы дайын болу құрылымы физиологиялық (бала организмі 
функционалдық жүйесінің даму деңгейімен, денсаулық жағдайымен


165
анықталады), әлеуметтік (мектепте оқу жағдаяттарына байланы-
сты қарым-қатынастың жаңа түрлеріне, қоршаған орта мен өзіне 
көзқарастың жаңа түрлеріне дайын болу арқылы көрінетін - тұлғалық),
психологиялық дайын болуды (МОС-ның қалыптасуымен анықталады) 
қамтиды деп көрсетеді.
Т. И. Бабаева мектепке дайын болуды эмоционалдық-мотивациялық 
(мотивтер, сұраныс, мектепке эмоционалдық көзқарас) бірлігі арқылы, 
мазмұндық-мағыналық (дүние туралы білімнің болуы, ой-өрісі, 
құндылық түсініктері), операциялық-әрекеттік (біліктің, дағдылардың, 
қабілеттің қалыптасқандығы), бақылау - реттеу (бағалауға қабілеттілік, 
әрекетті коррекциялау, еріктілік, өзінділік, жауапкершілік) блоктар-
дан тұрады деп қарастырады. Петербург мектебінің көзқарасына Н. 
Ф. Алиеваның, М. А. Галагузованың көзқарасы жақын, олар мектеп-
ке дайын болудың құндылық-мотивациялық, мазмұндық-мағыналық, 
қатынас-әрекеттік блоктарын анытап көрсетеді.
В. Г. Маралов мектепте оқуға дайын болудың үш блогын көрсетеді:

морфофункционалдық даму блогы – физикалық даму және 
денсаулық дәрежесі, дененің жас пропорциясы, анализаторлардың 
дамуы, физикалық сапаларының көріну дәрежесі, жүйке жүйесінің 
типологиялық ерекшеліктері, сөйлеу және бұлшық ет аппараттарының 
дамуы;

интеллектуалдық даму блогы – қабылдау, ойлау, ес, елестету 
және басқа танымдық процестердің қалыптасқандық дәрежесі;

тұлғалық даму блогы - мотивациялық-эмоционалдық аясының, 
баланың үлкендерге, құрбыларына, өзіне, қатынас жүйесі, жақсы оқу 
үшін қажетті тұлғалық қасиеттерінің болуы.
Р. С. Буре мектепке дайын болудың маңызды компоненттері
адамгершілік-еріктік дайын болу, тұлғалық позиция және оқуға 
құлқының болуы, жалпы адамгершілік тұрғыда тәрбиеленгендігі, 
мұғаліммен сыйластық қарым-қатынас, құрбыларының ұжымына кіруге 
ұмтылысы, олармен жағымды қарым-қатынаста болу деп есептейді.
Г. Гетцер, Э. Йирасек, А. Керн «дайын болу» және «мектеп жасына 
толу» ұғымдарын теңестіреді. Мектеп жасына толу құрылымында олар
морфофункционалды (физикалық дамуды, денсаулығын), интеллек-
туалды (таным процестерінің дамығандығын, ойлау операцияларын), 
эмоционалдық (еріктілігін, өзін-өзі реттеуін), әлеуметтік (құрбыларымен 
қарым-қатынас сұраныстарын, өз ісін балалар топтарының заңдарына 
бағындыра білуін, оқушының рөлін орындау қабілетін) жетілгендікті 
көрсетеді.


166
Н. Н. Поддьяков мектепке жалпы дайын болуды балаларда 
сөйлеу және таным іс-әрекетінің, тәртіп мәдениеті элементтерінің 
қалыптасқандығымен, өзін-өзі тануға бағдарлануымен байланыстыра-
ды.
Сонымен, жалпы дайын болу құрылымына бірқатар компоненттер 
кіреді екен, олар балаға жаңа әлеуметтік ситуацияға кірігуге, жаңа іс-
әркект пен әлеуметтік позицияға бейімделуге мүмкіндік береді.
Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, біз мектепке жалпы дайын 
болу құрылымын түсінуде авторлық позицияны анықтадық. Біз оның
құрылымына физикалық, мотивациялық, интеллектуалдық, тұлғалық, 
әлеуметтік дайын болуды енгіздік.
Баланың мектепке дене дамуы жағынан дайын болуының жақсы 
оқу үшін үлкен маңызы бар. Организмнің дайын болуы морфологиялық 
және функционалдық дамуымен анықталады. Егер бала физикалық 
тұрғыда әлсіз болса, оған өз денесін ұстау күрделі болады, парта-
да отырғанда тез шаршайтындықтан сабақта жұмыс істеу қиынға 
соғады. Жазуды меңгеру үшін бұлшық еттерінің ұсақ топтары дамуы 
керек. Одан басқа балада бұлшық еттерінің ірі топтары да, жүгіргенде, 
секіргенде, өрмелегенде, лақтырғанда және т.с.с. қозғалыс дағдылары 
дамыған болуы тиіс.
Баланың мектепке келуімен байланысты өмір салтындағы 
өзгерістер - күн тәртібінің өзгеруі, салауатты оқу, еңбегі, сабақтардың 
ұзақтығы, үй тапсырмаларын орындау баладан әжептәуір күш-жігерді 
талап етеді.
Мектепке дене дамуы дайын болу көптеген компоненттерді 
қамтиды:

баланың жақсы денсаулығы;

шыныққандығы;

ағзасының белгілі бір төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі;

ағзасының қарсы тұруының жоғары дәрежесі;

баланың үйлесімді физикалық және жүйке-психикалық дамуы;

баланың морфологиялық және физиологиялық дамуының жас 
көрсеткіштеріне сәйкестігі;

моторикасының жоғары даму деңгейі;

баланың мәдени-гигиеналық дағдыларын меңгеруі;

жеке гигиена ережелерін сақтау әдетінің қалыптасқандығы;

мектеп жасына толуды қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет