95
Оқыту процесі екіжақты сипатта болады
: педагогтың іс-әрекеті
(оқыту) және балалардың іс-әрекеті (оқу). Мектепке дейінгі кезеңде
оқыту бір мезгілде балалардың үлкен адамдармен бірге іс-әрекетінсіз
(жеке немесе ұжымдық), бұл екі жақтың дидактикалық өзара әсерінсіз
мүмкін емес. Үлкен адам бұл кезде адамзаттың жинақтаған әлеуметтік
тәжірибенің қайнар көзі және оны танудың бала үшін маңызды құралы
болып табылады, оны бала меңгере алады (жас, физиологиялық және
басқа да ерекшеліктеріне қарай).
Өткен материалға сүйене отырып (3-тақырып) еске түсірейік,
оқыту процесінің
қозғаушы күші қайшылық. Дидактикалық проце-
сте қайшылық мысалы ретінде мынадай жағдайлардан туындайтын
қайшылықтарды көрсетуге болады:
- қоғамның, мектептің талаптары мен мектепке дейінгі мекемеде
балалардың білімінің, дамығандық деңгейі және оларды дайындаудың
нақты деңгейінің арасындағы;
-
балалардың
танымдық
сұраныстары
мен
оларды
қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің арасындағы;
- қоршаған дүние, өзі, басқа адамдар туралы алған бұрынғы білімі
мен жаңадан алған білімінің арасындағы.
Қайшылықтар тізімі ары қарай ойлану мәселесі болуы мүмкін
және оны жалғастыруға, нақтылауға, сыртқы және ішкі қайшылықтарға
жіктеуге және т.с.с. болады.
Оқыту заңды түрде мектеп жасына дейінгі бала тұлғасына, оның
дамуына, тәрбиесіне, біліміне әсер етеді. Сондықтан дидактика-
да
оқытудың өзара байланысты үш
функциясын бөліп көрсетеді:
дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық. Тәрбие процесінен
айырмасы оқыту процесінде
дидактикалық функция жетекші рөл
атқарады
.
Достарыңызбен бөлісу: