Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижесін бағалау



Pdf көрінісі
бет70/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
6.8 Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижесін бағалау
Оқыту процесінің нәтижелерін бағалау оның мінетті компоненті 
болып табылады, оқытудың барлық кезеңдерінде орын алады. Мектепке 
дейінгі мекемеде кешенді бағалау жылдың басында, ортасында және 
соңында жүргізіледі. Білім беру ісінің тиімділігін ағымдық байқауды 
педагог балалармен күнделікті жұмыс барысында жүргізеді. Бағалау 
стандартқа сәйкес балалардың білім мазмұнын меңгергендік дәрежесін 
білу үшін, педагогикалық процестің нәтижелілігін, әр баланың даму 
динамикасын білу үшін маңызды.
Оқыту нәтижелерін бағалау үш бағытта жүргізіледі.
1. Объективті диагностика – мектепке дейінгі мекеме маман-
дарының жұмысын бақылаудың түрлері мен әдістерінің арнайы 
жүйесінің көмегімен жүргізіледі.
2. Оқыту барысында және оның нәтижелеріне бойынша бала-
лардың оқу-танымдық жұмыстарын бағалау.
3. Оқыту процесінде балалардың өзін-өзі бағалауы.
Оқытудағы бағалау бағыттарының әрқайсысына жеке-жеке 
тоқталайық.
Педагогикалық диагностика – балалардың білім беру 
бағдарламасын меңгеру деңгейін, білім алғандық, дамығандық және 
тәрбиеленгендік деңгейін өлшеу. Оның нәтижелері педагогикалық 
процестің, педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін, әр баланың 
даму сипатын көрсетеді. Бақылау және диагностика басқару функ-
циялары болады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтары білім беру 
нәтижелерін және оқыту процесін бағалауда қиындық көреді. 
Заманауи білім берудің кешенді бағдарламаларының авторлары бұл 
қиындықтарды жеңілдетуде педагогтар үшін мектепке дейінгі білім 
мазмұнын меңгеру деңгейін объективті бағалау мақсатында оларды
диагностикалық құралдар ретінде пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесіндегі диагности-
ка бірнеше функциялар орындайды: диагностикалық, дидактикалық, 
тәрбиелеушілік, дамытушылық. Оқыту функциялары диагностикалық 
тұрғысынан дұрыс, өйткені оның әдістері (тестілер, практикалық тап-
сырмалар, жұмыс нәтижелерінің өнімдері және т.с.с.) оқытуға ұқсас, 
бірақ сонымен бірге диагностикалық функция атқарады. Ол жетекші 
рөл атқарады.


109
Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесі нәтижелерін диагности-
калау әртүрлі бақылаулар арқылы жүзеге асады.
Ағымдық бақылау – оқытуда балалардың әлеуметтік тәжірибені 
меңгергендігін жүйелі түрде тексеру (білім, білік, дағды, шығармашылық 
тәжірибесі, айналасындағылармен қарым-қатынас тәжірибесі). Ол 
икемді, шапшаң, ретті, түрлері, әдістері және құралдары жағынан 
әрқилы.
Кезеңдік бақылау білім беру бағдаламасының ірі тақырыптарын, 
бөлімдерін аяқтағанда, ұзақ мерзім оқу қорытындысында жүргізіледі. 
Мұнда ағымдық бақылау мәліметтері ескеріледі.
Қорытынды бақылау оқу жылының аяғында өткізіледі (ма-
мыр). Оның мақсаты – жыл бойғы оқытуды қорыту, баланың білім 
алғандығын, ондағы өзгерістерді білу. Бағдарламаны меңгеру деңгейін, 
ары қарай оқытудағы күтілетін мүмкін болатын жетістіктерді бағалау 
жалпы педагогикалық процесті бағалауға негіз болады.
Бақылаудың барлық түрлерінің мағлұматтарына сүйеніп 
қорытынды, ұсыныстар жасалады, жөндеу міндеттері, балалармен 
істелетін жеке жұмыс түрлері, педагогтардың өздік білім алу мәселелері, 
ата-аналармен жұмыс бағыттары анықталады.
Оқыту нәтижелерін жүйелі диагностикалау мысалы ретінде Б. 
Блумның кестесін алуға болады. Оқыту процесінің нәтижелілігінің 
критерийлері ретінде ол мыналарды көрсетеді: бала біледі, түсінеді, 
қолданады, талдайды, қорытады, бағалайды. Бұлар тексеруге жатады, 
сол сияқты балалардың әлеуметтік және жалпыпсихологиялық дамуы 
бағаланады. Бағалау аясы – когнитивтік, әлеуметтік, психологиялық.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқыту процесінің 
нәтижелерін бағалау өзіндік ерекшеліктері бар әдістермен жүзеге 
асырылады. Бақылау әдістері – оқытудың табыстылығы жөнінде 
мағлұмат алу мақсатында онымен кері байланыс орнатуға ықпал ететін 
диагностикалық іс-әрекет тәсілдері. Балаларды оқыту нәтижелерін 
бақылау әдістерін шартты түрде ауызша және жазбаша бақылау әдістері, 
практикалық тапсырмалар орындау, байқау, арнайы жасалған, ғылыми 
негізделген диагностикалық әдістер деп бөлуге болады.
Ауызша бақылау әдістері. Оның негізі – баланың монологиялық жа-
уабы немесе сұрақ-жауап жүйесі. Әдістер жеке, топтық, жаппай жалпы 
түрде қолданылуы мүмкін. Бұл әдістерге айтып беру, әңгіме, түсіндіру, 
қайталап айтып беру, балалардың көргендерінен хабарлама жасау. 
Құралдар – дидактикалық ойындар, карточкалар, суреттер, сұрақтар, 
оқытудың техникалық құралдары, заттар, суреттер сериялары.


110
Жазбаша бақылау әдістері. Классикалық түрде мектепке дейінгі 
мекемеде балалармен жұмыста бұл әдіс пайдаланылмайды. Мектепке 
дейінгі ересек жаста балаларға арнайы тапсырмалар – баспа әріптерін 
жазу, графикалық диктанттар, заттардың контурын сызу, штрихтау және 
т.б. берілуі мүмкін. Бұл әдістер бағалау балалардың тапсырма бойынша 
жұмыс істеу – сурет салу, штрихтау білігін бағалауға жағдай туғызады.
Практикалық жұмыстар мен тапсырмалар балалардың 
практикалық білікті меңгеру деңгейін, қабылдау және тапсырманы 
орындау, жоспарлау, үлгі бойынша және онсыз жұмыс істеу, өз жұмысын 
және басқалардың жұмыстарын бағалау қабілеттерін анықтайды. 
Бұл математикалық амалдарды, тәжірибелерді, еңбек амалдарын, 
дидактикалық ойыншықтар мен материалдармен амалдар орындау.
Білім беру бағдарламасының бөлімдерін меңгеру деңгейін бағалау 
мақсатында балалардың іс-әрекетін бақылау. Педагог баланы табиғи, 
еркін және өздігінен іс-әрекет жасап жүрген жағдайда бақылайды. 
Баланың алған тәжірибесін қолдану қабілеті, оны күнделікті өмірге 
шығармашылықпен бейімделуі, баланың әртүрлі іс-әрекетінде білім 
мен білікті пайдалануы, баланың өздігінен және өзара оқуға қабілеті 
бағаланады.
Арнайы жасалған диагностикалық әдістер психикалық процестердің, 
ойлау операцияларының, оқу іс-әрекеті компоненттерінің, меңгерілген 
білімнің, қабілеттің көлемінің, толықтығының және беріктігінің даму 
деңгейін анықтайды.
Бұл әдістер объективті нәтижелер алу және оқыту процесіне дер 
кезінде түзетулер енгізу мақсатында өзара байланыста қарастырылады.
Педагогтың оқыту процесінде балалардың іс-әрекетін бағалауы 
бірқатар міндеттерді орындауды көздейді:

балалардың танымдық белсенділігін арттыру;

оқыту процесінде мадақтау және балалар үшін жетістік ситуа-
цияларын жасау арқылы жайлы жағдай туғызу;

балалардың іс-әрекетті бағалау білігін қалыптастыру.
Оқыту процесінде бала үшін олардың істерін құптауы, ынтасы мен 
талаптарын мадақтауы, тапсырмаға және жұмыс сапасына сәйкес оның 
дұрыстығына талдау жасау сияқты үлкендердің бағалауы аса маңызды. 
Педагог бала жұмысының нәтижесін тапсырмамен, үлгімен, жасына 
қарай осы жұмысты орындау талаптарымен салыстырады.
Бағалау түрі маңызды. Мысалы, «суретте үй дұрыс салынбаған» - 
мұндай баға дұрыс емес. Неге? Оқыту процесінде баланың іс-әрекетін 
бағалауға ұсыныстарды бөліп көрсетейік.


111
Бағалауда алдымен жағымды, содан кейін жағымсыз жақтар 
көрсетіледі, олар жөндеуге келетіндей болуы мүмкін. Бағалау баланың өзіне 
емес, оның іс-әрекет нәтижесіне сай болуы тиіс. Ол сөз түрінде, таңбалау 
түрінде де болуы мүмкін (белгі, түс, фишка және т.б.). Балаларда өздерінің 
кемшіліктері мен нақты емес жұмыстарына дұрыс, конструктивті көзқарас 
қалыптастыру қажет. Оқытудың нәтижелілігі мәселесі балалардың 
нақтылы мүмкіндіктерімен байланыстырылады. Педагог балалардың оқу-
танымдық іс-әрекетін және оның нәтижесін дұрыстығы мен амалдардың 
реттілігі, нәтиженің талапқа сәйкестігі тұрғысынан бағалауы тиіс.
Баланың жұмысын формалды қарауға болмайды.
Оқытудың нәтижелілігінің көрсеткіші оқытудың бағдарламалық 
мазмұнын барлық балалардың меңгеруі, бала тұлғасындағы оның 
шығармашылық және коммуникативті тәжірибесіндегі өзгерістер бо-
лып табылады. Балалардың оқыту мақсатына жету дәрежесі әртүрлі, 
өйткені бұл баланың бастапқы жеке тәжірибесіне, оның қабілеттеріне, 
мектепке дейінгі мекемеден тыс жердегі даму жағдайына байланысты.
Оқытудың сабақтағы нәтижелерін балалар іс-әрекеттің басқа 
түрлерінде пайдаланады (ойында, еңбекте, қарым-қатынаста), өйткені 
нәтиженің әрқашанда практикалық маңызы бар. Балалардың оқытуда 
алған тәжірибесін пайдалану қабілеті оқытудың жемісті болғандығының 
тағы да бір көрсеткіші болып табылады.
Нәтиже алу фактісі балаларға тәрбиелік ықпал етеді. Оларды про-
цесс қана емес, нәтиже де қызықтырады. Балалар 4 жастан бастап өз 
жұмысы мен оның нәтижесі мен білім көзін байланыстыра бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет