Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет100/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   292
3.4. Географиялық атластар
Карталарды жинау үшін «Атлас» атауын алғаш рет 1595 жылы 
Меркатор аңыздағы Ливия каролі Атластың құрметіне аспан 
денелерінің глобусын құру барысында қолданды. Уақыт өте келе 
ол ғылымда кеңінен қолданыла бастады. 
Басты құрамдас бөлігі географиялық карталар жүйесі бо-
лып табылатын жалпы атауы мен шындықты бейнелеуде 
бір тұтас картографиялық құралды пайдалануы біріктіретін 
бірыңғай бағдарлама бойынша құрылған картографиялық өнімді 
географиялық атлас
дейміз. Бұл жер беті мен ондағы құбылыстар, 
ғылым мен халық шаруашылығының соңғы жетістіктері туралы 
ғылыми білімнің энциклопедиясы. 
Атластар орасан зор географиялық зерттеулерді жинақтап 
қана қоймай басқа географиялық карталармен салыстырғанда, 
аумақ туралы жан-жақты терең сипаттама беретіндей жинақы, 
əрі бір-бірімен беттестіре алатындай нышанда кескінделуімен 
ерекшеленеді. Атластарда аумақ туралы, сонымен қатар
географиялық сипаттаулар мен оның ерекшеліктері жөніндегі 
деректер, əртүрлі кестелер мен нұсқаулар болады. Оларды 
құруға картографиялық кəсіпорындардың, ғылыми-зерттеу 
мекемелерінің, академиялар мен университеттердің көптеген 
жетекші мамандары қатысады. 
Табиғат корларын оқып-үйрену мен бағалау, өнеркəсіп, ауыл 
шаруашылығы мен көлік кəсіпорындарын тиімді орналастыру, оқу 
жəне емдеу мекемелері торларын құруды жоспарлау, табиғатты 


160
қайта түлету, сонымен қатар, халық шаруашылығының көптеген 
мəселелерін шешу барысында атластарды кеңінен қолданады. 
Жалпы географиялық карталар сияқты атластарда аумақты 
қамтуына, қызметіне, мазмұны мен рəсімделуіне тағы басқа 
белгілеріне қарай жіктеледі. Аумақты қамтуына қарай 
дүниежүзінің, материктердің, жеке елдер мен облыстардың атла-
стары болып бөлінеді. 
Мазмұнына қарай: жалпы географиялық; салалық тақырып-
тық (геологиялық, климаттық, топырақ, ландшафттық, ауыл 
шаруашылығы, экономикалық); өзара байланысқан құбылыс-
тарды (климат пен мұхитты) қамтитын карталар кіретін кешенді, 
сонымен қатар, аумақтың табиғаттын, халқын, экономика-
сын, саяси-əкімшілік құрылымын сипаттайтын көп мақсатты 
атластарға жіктеледі. 
Атқаратын қызметтеріне қарай ғылыми-анықтамалық, өлке-
танулық, оқу, туристік, жол тағы басқа атластар болады. 
Өлшеміне қарай бірнеше томнан тұратын столға қоятын, ірі 
жəне шағын қалтаға салатын атластар болып бөлінеді. 
Кез-келген атластың сапасын оның тұтастығы, ақпараттың 
кеңдігі, ішкі бірлігі, құрылымы мен деңгейі айқындайды. КСРО 
кезеңінде құрылған атластардың ішіндегі ең маңыздыларының 
қатарына 1967 жылы геодезия мен картографияның бас бас-
қармасы шығарған дүние жүзінің үлкен анықтама атласы, ҚазКСР 
ғылым академиясының география институтының ғалым 
дары 
шығарған Қазақстанның екі томдық физикалық жəне экономи-
калық географиялық атластарын жатқызуға болады. 
1980 жылы КСРО геодезия мен картографияның бас 
басқармасы шығарған мұғалімдерге арналған дүние жүзінің 
үлкен атласы 191 беттен, 149 картадан тұрады. Аталған 
картографиялық өнімнің бірінші бөлімінде дүние жүзінің, 
екінші бөлімі жеке материктердің, үшінші бөлімі КСРО-ның 
табиғатының ерекшелігін, халқы мен шаруашылығын сипат-
тайтын жалпы географиялық, физикалық-географиялық жəне 
экономикалық-географиялық тақырыптық карталарынан тұрады.
Карталарға берілетін түсініктемелерінде кескінделген 
құбылыстарды түсіру əдістері, қолданылған картографиялық 
проекциялардың негізгі түрлері туралы деректер келтірілген. 


161
Атласта жер бедерінің түрлері мен оларды кескіндеудің əртүрлі 
тəсілдері көркем бейнеленген карталардың үлгілері көрсетілген 
кестелер де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет