Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Бір аумақтың мазмұны əртүрлі географиялық карталар



Pdf көрінісі
бет99/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   292
Бір аумақтың мазмұны əртүрлі географиялық карталар 
сериялары. 
Оларға белгілі бір аумақтың мазмұны əртүрлі кар-
талары жатады. Бұл сериядағы карталарға белгілі бір аумақ ту-
ралы терең əрі жан-жақты ақпарат беру тəн. Белгілі бір аумақтың 
табиғаты, шаруашылығы мен халқы туралы жан-жақты əрі мол 
мағлұмат беретіндіктен оларды басқа карталармен беттестіре от-
ырып қажетті аумақтың ерекшеліктерін оқып-үйрену мақсатында 
пайдаланудың маңызы зор.
Бір аумақтың мазмұны бір текті
географиялық карта-
лар сериялары. 
Бұл түрге жататын карталар сериялары бірінші 
жəне екінші түрдің белгілерін біріктіріп, бір аумақтың біртекті 
мазмұнын түзеді. Мұндай карталарда мазмұнының салмағы, 
картаға түсіру əдістері, нысандарды жинақтау тəсілдері мен шарт-
ты белгілері бірдей болады. Оларға материктердің оқу картала-
ры мысал болады. Серияның құрамына Ламберттің тең аудан-
ды проекциясымен құрылған материктердің саяси, физикалық, 
климаттық, табиғат зоналарының, халықтар жəне экономикалық 
карталары кіреді. Жоғарыда аталған сериялармен шығарылған 
карталарда аумаққа тар немесе біршама кең ауқымда сипаттама 
беруге болады. 
Орта мектепке арналған өнеркəсіп салалары мен ауыл 
шаруашылығының қабырға карталар сериялары тақырыбы 
жағынан ауқымы біршама кеңейтілген. Елдің анықтама карта-
лар сериясы мазмұнының ауқымы одан да кең. Оның құрамына 
физикалық, геологиялық, тектоникалық, топырақ, өсімдік, орман 
жəне зоогеографиялық карталар енгізілген. Белгілі бір аумақтың 


159
карталар сериясының картографиялық проекциясы, масштабы
географиялық негіздері мен бұрыштамалары бірдей болады.
Карталарды талдау серияның құрамында немесе жеке пайда-
лану мүмкіндігін бағалаумен аяқталады. Картаны терең талдау 
үшін ірі масштабты карталарды, сипаттамаларды, анықтамаларды 
тағы басқа материалдарды қосымша қолданады. Карталар серия-
ларын, əсіресе, географиялық атласты біршама күрделендірілген 
талдау мен бағалау, карталар сериялары мен карталар топтарын
ғана емес, атластағы барлық карталар жүйесінің тақырыптық 
толықтығын, бірлігі мен үйлесімділігін саралауды қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет