Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет130/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   292
түс бөлу
болып табылады. Түстерді бөліп алғаннан кейін бейнені 
растрлап, векторлық элементтер өлшемдері нақтылы бір орындағы 
түстердің ашықтығына сəйкес келетін нүктелерді терумен алма-
стырылады. Бейненің растрланып бөлінген түсі фототеру аппара-
тына жіберіліп онда əр түске бірден төрт фотопленка шығарылады. 


215
Содан кейін бұл түстер полигафия үрдісінде біріктіріледі де 
көп түстер түзеді. Шығарар алдында полиграфиялық үрдістің 
нəтижесін көру арқылы бағалау мақсатында пленкалардың сына-
малары тексеріледі. Принтерлер мен плоторлар басып шығарғанда 
бейненің растрлы құрылымдарын ашып көрсете алмайтындықтан 
бұл қондырғыларды тексеруге қолдану тиімсіз. Сондықтан түс 
сынамалары дайын қалыптан жоғары сапалы қағазда шығарып 
тексеріледі.
5.3. Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі 
масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне монито-
ринг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін 
шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған 
қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динами-
касын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды 
талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған 
карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде 
жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін, 
сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан 
жобалық түрлендіруді қажет етеді. Жоғарыда аталған карта-
лар қолданбалы сипатымен, қарапайымдылығымен, күрделі 
дизайнерлік өңдеуді қажет етпейтін рəсімделуінің стандартты 
болуымен ерекшеленеді. ГАЖ белгілі бір аумаққа нысандардың 
кесте (электронды карталар, слайдалар, фототүсірулер, диа-
граммалар) мəтін-кесте түріндегі сипаттамалары бар кешенді 
ақпараттық база жасауға мүмкіндік береді. Нысандардың 
артибутивті деректер базасымен үйлестірілген ГАЖ карталар 
электронды түрде қолданылады жəне жедел карта ретінде қағазға 
бастырылып шығарылады. 
Картографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда ГАЖ-үлгілеу, ба-
сып шығару, картографиялық шығармаларды құру, бақы лау, əртүрлі 
шешімдер қабылдау қызметін атқаратын, кес теалық, тақырыптық 
деректер базасымен жұмыс істеуге арнал ған автоматтандырылған 
жүйе. ГАЖ деректерді тез іздеуге, аэро ға рыш тық фотосуреттерді 
өңдеп, түрлендіруге жəне оларды сан дық карталармен үйлестіруге, 


216
проекциясы мен масштабын өзгер туге, əртүрлі үлгілерді қолдана 
отырып кеңістіктік өзара байла ныс ты анықтауға, сонымен қатар, 
кең көлемді ақпараттарды син тез деуге мүмкіндік береді. Картогра-
фиядан айырмашылығы ГАЖ басымдық деректер мен алуан түрлі 
формада ұсынылған нəти же лерді (карталар, кестелер, кестетер, 
фотосуреттер) талдау ға арналған. 
Геоақпараттық жүйелерге төменде көрсетілген жүйе 
тармақтары енеді: 1) деректерді жинау (əртүрлі дерек көздеріндегі 
деректерді алдын-ала талдау); 2) деректерді сақтау жəне іріктеу; 3) 
деректерді манипуляциялау жəне талдау; 4) қорытынды шығару.
Сəулеті (деректерді ұйымдастыруы) жағынан ГАЖ бірнеше 
түрге бөлінеді. 
Жабық
түрлері
қолданылуы қарапайым жəне арзан 
болуымен ерекшеленгенімен,пайдаланушымен сараланбайды. 
Көптеген қосымшалар мен көбейткіштерден тұратын
арнайыла-
ры
белгілі бір ауқымды міндеттерді шешу мақсатында құрылады. 
Соңғыларын орнату есебінен олардың бағасы қымбаттайды. 
Ашық түрі өте қымбат болғанымен, қосымша шығынсыз ұзақ 
пайдалануға болады. 
Сонымен қатар, ГАЖ 
кəсіби
(мысалы, бірінші деңгейлі ESRI 
ArcInfo, InterGraf MGE жүйелері) жəне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет