Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР СӨЗДІГІ



Pdf көрінісі
бет265/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

441
КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР СӨЗДІГІ 
Абсолют биіктік –
Жер бетіндегі кез келген нүктенің теңіз деңгейінен 
алынған биіктігі. Қазақстан мен ТМД елдерінде абсолют биіктікті Балтық 
теңізінің деңгейінен (Кронштадтағы судың деңгейін өлшеу қосынынан) 
есептеу қабылданған. 
Азимутты проекциялар – 
глобустың градус торла-
рын жанасатын жазықтықта жобалау арқылы құрылатын картографиялық 
торлар. Қалыпты азимутты картографиялық тор жазықтықты глобустың по-
люсында, ал көлденең азимуттыны экваторда, көлбеу азимуттыны глобус-
тың кез-келген бөлігінде жанастырып жобалау нəтижесінде құрылады.
Алидада –
теодолитердегі бұрыш өлшейтін лимбасы бар тікелей 
өлшем алатын прибордың айналып тұратын бөлігі.
Анаглифті карталар
(
анаглифтер
)-бұл параллактикалық ығысу 
нəтижесінде екі бейнеде стереожұп түзетін, бірін-бірі өзара толықтыратын 
екі түсті бояумен бастырылған карталар. Мұндай карталарды қызыл жəне 
көк-жасыл стереоəйнекті арнайы стереосүзгілі көзілдірікпен қарағанда əр 
көз тек «өзінің» бейнесін көре алатындықтан олар біртұтас көлемді ақ-
қара стереоскопиялық бейнеғана көрінеді. 
Ареал тəсілі (area)
– (латын тілінде аудан, кеңістік) картада кескін-
делетін құбылыстардың (пайдалы қазбалардың алаптары, өсімдіктер мен 
жануарлардың жеке түрлерінің таралған аумағы, ауылшаруашылық дақыл-
дарының өсірілетін аудандарының) кеңістіктік таралуымен қамтыл ған ау-
мағының шекарасын айқындайтын шартты белгі. 
Атластар – 
біртұтас шығарма ретінде бірыңғай бағдарламамен 
құрыл ған карталардың жүйеленген жиынтығы. Тақырыбы өзара үйлесіп, 
бірін-бірі толықтырып отыратындықтан атластағы карталар бір-бірімен 
беттестіріліп талдау жасау қызметін атқарады. Олар кеңістікті қамтуына, 
атқаратын қызметіне, мазмұнына жəне тағы басқа белгілеріне қарай 
жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет