Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет38/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

59
2.3 сурет.
Глобустың бір бөлігін созып немесе сығу арқылы картада 
кескіндеу
Картографиялық бұрмаланудың түрлері. 
Жазықтыққа 
көшіргенде созылып, жиырылып, жыртылуына байланысты 
жердің сфералық бетінің пішіні өзгереді. Жазықтықта кескіндеу 
барысында жердің физикалық бетінің пішіні мен ауданының, 
бұрыштарының табиғи қалпын сақтау үшін картаның белгілі бір 
бөлігін қысып немесе созуға тура келеді.
Жазықтықта кескіндеу барысында геойд тəрізді жер бетінің 
белгілі бір бөлігі мен ондағы нысандардың геометриялық 
қасиеттерінің өзгеруін 
картографиялық бұрмалану
дейміз.
Жер бетін жазықтықта кескіндеу барысында ұзындықтар, 
белгілі бір бағыттың арасындағы көлденең бұрыштар, 
географиялық нысандардың ауданы мен пішіндері алып жатқан 
орындары бұрмаланады. Қорыта айтқанда, картографиялық 
бұрмаланудың төрт түрі болады. Олар: ұзындықтың, көлденең 
бұрыштардың, географиялық нысандардың пішіндері мен 
аудандарының бұрмалануы. 
Сызықтардың ұзындықтарының бұрмалануы
жер 
бетінің белгілі бір бөлігін жазықтыққа көшіргенде ұзындық 
масштабының өзгеруінен пайда болады. Жердің деңгейлік 
бетінің картада кескінделген бөлігінің ұзындығы əр түрлі 
болады. 
Географиялық картадағы ұзындықтың бұрмалануын көршілес 
жатқан екі параллельді қиып өтетін меридиандардың өлшемдерін 


60
салыстыру арқылы анықтаған қолайлы. Олардың барлық 
жақтары тең болса, меридиандардың бұрмалануы жоқ, ондай 
теңсіздік болмаса, бар деп есептелінеді (3.6-суреттегі 
ВА
жəне 

қиындысының аралығы). Жердің ірі бөлігі қамтылған карта-
да экватор мен 60º ендіктер көрсетілсе параллельдердің бойын-
да бұрмаланулар өзгеруін экватор мен 60º ендіктердің көршілес 
меридиандармен қилысын бір-бірімен салыстыру арқылы оңай 
анықтауға болады. 60º параллельдің ұзындығы экватордан екі 
есе қысқа болатындықтан, оларды бір-бірімен салыстырған 
жеткілікті. Егер 60º ендіктегі параллельдің ұзындығы экватор-
дан екі есе қысқа болса, бұрмалану жоқ, одан артық болса бар 
деп есептелінеді. Мысалы: жартышарлар картасындағы 20º-30º 
ендіктердің 70º-140º меридиандар қиып өтетін бөліктеріндегі 
параллельдердің аралықтарындағы ұзындықтарының бірдей 
емес екенін көруге болады [2.4-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет