Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет218/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   292
363
10.3 сурет.
Геодезиялық тордың белгілері
Орталықтар мен реперлердің орнатылу тереңдігін анықтау 
үшін тау жыныстарының маусымдық қатуы, көпжылдық тоң 
мен сусымалы құм шағылдар, жартастар, қорым тастар мен 
батпақтар таралған аймақтар көрсетілген аумақты аудандастыру 
картасы құрылған. Құрылыстар салынған аумақтарда мемлекеттік 
геодезиялық тордың қосындары ғимараттардың қабырғасы мен 
іргетастары да бекітіледі. 
Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік геодезиялық мекемелері 
1984–1993 жылдар аралығында американдық жер серіктік по-
зициялау жүйесінің бірінші ұрпағы TRANZIT-тің көмегімен 162 
қосыннан тұратын 
қосымша геодезиялық тор (ҚГТ) 
құрды.
Қазақстан Республикасының əскери қарулы күштерінің 
Топографиялық қызметі Ресейлік ГЕОИК-1, ЭТАЛОН 
геодезиялық жер серіктерінің, сонымен қатар, жерсеріктік по-
зициялау жүйесінің көмегімен 
ғарыштық геодезиялық тор
(ҒГТ)
құру ісін жзеге асыруда. Қазіргі кезеңде бұрынғы КСРО 
аумағында 26 ғарыштық геодезиялық тор, Антарктидада 7 қосыны 
бар. Қосымша геодезиялық тор мен ғарыштық геодезиялық 
тордың қосындары сəйкес келетін астрономиялық-геодезиялық 
торлардың қосындарымен үйлестірілген. Оларды бірлесіп 
басқару нəтижесінде біртұтас координаттар жүйесіндегі134 
қосынның кеңістіктік орны анықталған. Көршілес қосындардың 
арақашықтығы 400-500 шақырым құрайды. Бұл қосындардан 
бірлесіп басқару нəтижелері басқа жаңа мемлекеттік геодезиялық 
торларға таратылады. 


364
Болашақта Қазақстан Республикасында ғарыштық геоде-
зия əдісімен жəне жерсеріктік позициялау жүйесінің көмегімен 
құрылған мемлекеттік геодезиялық торлар төменде көрсетілген 
үш деңгейлі тордан тұруы тиіс:
– бірінші деңгейді Қазақстан Республикасы аумағында құры-
лып жатқан бір-бірінен 700-800 шақырым қашықтықта орналаса-
тын өзара орналасу қателігі 1-2см аспайтын іргелі астрономиялық-
геодезиялық торлар құрайтын оннан астам қосындар құрайды.
– екінші деңгей еліміздің аумағында құрылатын орташа 
ара қа шықтығы 150-300шақырым жəне өзара орыналасу дəлдігі 
2-3см болатын жоғары дəлдіктегі астрономиялық-геодезиялық 
торлардан тұрады. 
– үшінші деңгейді 1 класты жерсеріктік геодезиялық тордан 
тұрады. Ол халық тығыз қоныстанған аумақтарға 1000 шақырым
2

аз қоныстанған аумақтарға 2000 шақырым

бір қосыннан деген 
есеппен құрылады. Көршілес қосындардың арақашықтығы 40-50 
шақырымнан өзара орналасу дəлдігі 1-2 см болады. 
Барлық геодезиялық жұмыстар мен топографиялық 
түсірулерге негіз болатын ғылыми-тəжірибелік мақсатта құрыла-
тын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет