2
ƏОЖ 528(075.8)
КБЖ 26.12я73
Т 53
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған
Пікір жазғандар:
география
ғылымдарының докторы,
профессор
А. Р. Медеу;
география ғылымдарының докторы, профессор
Ж. Д. Достай;
география ғылымдарының кандидаты, доцент
Қ. Ш. Мұса.
©
Тоқпанов Е. А., Мазбаев О. Б., 2012
©
ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
Т 53
ƏОЖ 528(075.8)
КБЖ 26.12я73
ISBN 978-601-217-352-9
Тоқпанов Е. А., Мазбаев О. Б.
Картография жəне топография негіздері
: Оқулық. – Алматы:
«Дəуір», 2012. - 464 бет.
ISBN 978-601-217-352-9
Жоғары оқу орындарына арналған «Картография жəне топография
негіздері» оқулығы 5В011600-«География»
мамандығының типтік оқу
бағдарламасына сəйкес жазылған.
Бірінші бөлімінде географиялық карталардың проекциялары, мазмұнының
ерекшеліктері, картографиялық жинақтаудың түрлеріне,
карталарды құрудың
дəстүрлі жəне қазіргі заманауи əдістері қарастырылған.
Екінші бөлімінде топографиялық карталардың қасиеттері, пайдалану
əдістері, ірі жəне орта масштабты карталардың
номенклатурасы жер бетінде
қашықтықтан жүргізілетін түсірулердің түрлеріне, географиялық нысандар
мен құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктеріне талдау жасалған.
Үшінші бөлімде жергілікті жерде жүргізілетін далалық жоспарлы,
биіктіктік жəне жоспарлы-биіктіктік түсірулердің түрлері
қашықтықтан
түсіру əдістері, олардың топографиялық жəне ұсақ масштабты карталарды
құру дағы алатын орнын айқындайтын негізгі түсініктер жайлы мағлұматтар
берілген.
Авторлардың ұзақ жылдар оқыған дəрістері мен далалық түсіру
жұмыстары
негізінде жазылған оқулық география мамандығының студенттеріне, оқыту -
шылар мен мектеп мұғалімдеріне арналған.