444
Биполярлық координат –
бір-бірімен түзу сызықпен байланысқан
екі қозғалмайтын полярлық білік арқылы М нүктесінің координатын
анықтау. Биполярлық координатты анықтау үшін бір түзудің бойында
бірдей қашықтықта орналасқан қозғалмайтын РО Р
1
О
1
полярлық білігін
тұрғызады да, О жəне О
1
нүктелерін бір-бірімен қосады.
Биіктік белгісі –
географиялық карталардағы санмен көрсетілген
нүктелердің метр есебімен алынған теңіз деңгейінен биіктігі. Картада
биіктік белгісі нүктемен жəне оның жанына сан жазу арқылы көрсетіледі.
Брандистің эклиметрі –
диоптрлы көру түтігінен, білікті бойлай ай-
налатын көру түтігіне бекітілген айналу шеңберінен тұратын біршама
кең таралған жергілікті жерде беткейдің көлбеулігін анықтау қызыетін
атқаратын прототипті прибор.
Бір жағы байланыстырылған теодолиттік жүріс –
бір шеті
геодеодезиялық негіздеудің қосынына байланыстырып, екінші шеті еркін
қалатын жүріс.
Достарыңызбен бөлісу: