71
математикалық əдістерін
картографиялық проекция
дейміз.
Жердің градус торларын
картада кескіндеуді
картографиялық
тор,
ал меридиандар мен параллельдердің түйілісетін нүктесін
тоғысу нүктесі
дейміз. Ол К əрпімен белгіленеді.
Картаны құру үшін алдымен жазықтықта картографиялық
торлар, содан кейін тордың ішіне географиялық нысандарды
шартта белгілермен белгілеп олардың кескіндері түсіріледі.
Градус торларын құру əртүрлі тəсілдерді
қолдану арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін.
Перспективті проекцияны
қолданғанда, картографиялық
тор шардың бетінен жазықтыққа
немесе басқа қосалқы
геометриялық жазықтықтарға (конус, цилиндр)
перстективті
тоғысу нүктелері
арқылы жобаланып, содан кейін жазықтыққа
бұрмаланусыз көшіріледі. Перспективті
проекицямен құрылған
карталарға солтүстік жəне оңтүстік жартышарлардың картала-
ры мысал болады [2.9 жəне 2.10 суреттер]. Кескіндеу жазықтығы
солтүстік полюсте (Р) жер бетімен жанасады.
Орталығындағы
К тоғысу нүктесінен түзу сызықты жобалау сəулелері эква-
тор мен параллельдер меридиандармен қиылысатын 30º-60º
ендіктер аралығында кескіндеу жазықтығына көшіріледі.
Көшіру барысында сол параллельдердің жазықтықтағы
радиусы анықталады. Меридиандар орталық нүкте полю-
стен таралатын бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан
тең бұрышты түзу сəуле түрінде жүргізіледі. 3.9 жəне 3.10
суреттерде картографиялық тордың жартысы кескінделген.
Қажет болғанда оның екінші
жартысын жазықтыққа ойша
көшіруге болады. Жоғары математикалық өлшемерді қажет
етпейтітіндіктен оны ерте заманнан бері қолданып келеді.
Қазіргі кезеңде картографиялық өндірісте картографиялық
тордың тоғысу нүктелерінің жазықтықтағы
орны математикалық
əдіспен алдын-ала есептеліп шығарылатын
перспективті емес
əдістерде
қолданылады. Тоғысу нүктелерінің жазықтықтағы
ендіктері
мен бойлықтарын, тік бұрышты координатта-
ры Х пен Y есептеп шығару үшін күрделі теңдеулер жүйесі
қолданылады. Олардың ішіндегі салыстырмалы түрде біршама
қарапайымдарына төменде
көрсетілген теңдеулер мысал
болады: