Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Географиялық картаның құрамдас бөліктері



Pdf көрінісі
бет9/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Географиялық картаның құрамдас бөліктері. 
Картаны жа-
сап шығару, толыққанды пайдалану үшін оның қасиеттері мен 
ерекшеліктерін білу қажет. Сондықтан картаны оқып-үйрену мен 
құру оны түзетін құрамдас бөліктеріне жіктеп, мəн мағынасын 
түсінуді, əрбір құрамдас бөлігінің маңызы мен атқаратын қызметін 
білуді, олардың арасындағы байланысты анықтауды талап етеді. 
Картаның құрамдас бөлігктеріне картографиялық кескіндеу, мате-
матикалық негіздері, қосымша жабықтау элементтері жатады.


15
Картографиялық түсіру
кез-келген картада қамтылған табиғи 
жəне əлеуметтік-экономикалық нысандар мен олардың орналасу 
ерекшеліктері, өзара байланыстары туралы үйлесімді ақпарат беретін 
ең басты бөлігі болып табылады. Картаның мазмұнын айқын дайтын 
бұл деректер кескінделген нысандардың біртекті тобы на қарай жеке-
леген географиялық элементтерге бөлшектеніп кетуі мүмкін. Мыса-
лы, топографиялық карта мазмұнының негізгі элементтеріне су ны-
сандары, жер бетінің бедері, өсімдіктер жа мыл ғысы, қатынас жолда-
ры, байланыс жəне электр желілері, өнер кəсіп пен ауыл шаруашылық, 
мəдени-ағарту тағы да басқа нысан дар жатады. 
Мазмұнының элементтер кешені əр түрлі карталарда бірдей 
болмайды. Атап айтсақ, тақырыптық карталарда мазмұнының ба-
сты құрамдас бөлігі пайдалы қазбалар, топырақ жамылғысы, жа-
нуарлар дүниесі, өнеркəсіп кəсіпорындары болуы мүмкін. Бірақ 
солардың ішінде бір құрамдас бөлігі басқа элементтерді бір-бірімен 
байланыстыратыруға мүмкіндік беретін бастысы болып табы лады. 
Картографиялық кескіндерді талдау барысында мазмұны мен 
олардың белгілі бір картографиялық шартты белгілер мен жазу-
лар жүйесімен берілу нышанына мəн беру қажет. 
Картографиялық кескіндерді құрудың геометриялық 
заңдылықтары мен олардың геометриялық қасиеттерін 
картаның 
математикалық негіздері
айқындайды. Картаның бұл құрамдас 
бөлігіне картографиялық проекциялар жəне онымен тығыз бай-
ланысты координаттар торы, масштаб пен геодезиялық тірек тор-
лары жатады. 
Картографиялық проекцияның мəні жер эллипсойдының 
бетіндегі нүктелердің координаты мен олардың жазықтықта 
кескінделуінің арасындағы байланыстың болуы картаны құруды 
эллипсойд бетімен сəйкес келетін жазықтық координаттар 
сызығынның жүйесін жасаудан бастауға міндеттейді. 
Қандай да бір координаттар торы кез-келген географиялық 
картаны құрудың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ 
шағын кеңістікті қамтыған кескінделген құбылыстарды өлшеуді 
қажет етпейтін сызба-нұсқа түріндегі кейбір карталарда коорди-
наттар торы болмайды. 
Геодезиялық тірек торлары жердің физикалық бетінен эл лип -
сойд тың бетіне өтумен қатар, картаның географиялық құрамдас 
бөліктерінің координаттар торына қатысты орнын дұрыс анық-


16
тауды қамтамасыз етеді. Геодезиялық тор жергілікті жерді кес кін-
деу жұмыстарын жүргізу үдерісінде қолданылып, топогра фия лық 
карталарда көрсетіліп, мазмұнының құрамына енгізіледі. Мас -
штабына сəйкес координаттар торының жалпы өлшемін анық тап
нысандардың орналасуы мен бағдарлауды, ірі аумақты қам тыған 
карталарды жеке беттерге бөлуді бұрыштамалар қамта ма сыз етеді. 
Картаны оқуды, онымен жұмыс істеуді жеңілдететін 
картографиялық кескіндеуден басқа 
қосымша құрамдас
бөліктері 
болады. Олардың қатарына картада пайдаланылған картографиялық 
шартты белгілер мен кестелер, диаграммалар, ірі масштабты карта-
ларда жүргізілетін картометриялық өлшемдердің түсініктемелері 
жатады. Оның құрамына карта мен баспаның аттары, шыққан 
жылы сияқты шыққан орны деректері де жатады. Кейде картаның 
бұрыштамаларының ішіндегі бос орында қосымша карталар мен 
графиктік құрулар (көлденең қима-сызбалар, блок диаграммалар, 
жеке диаграммалар) кестелер, мəтіндік деректер беріледі [1.1 сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет