342
1:25 000, 1:50 000 масштабты карталарға ені 5 метрден асатын,
1:100 000 масштабты карталарда ені 10
метрден асатын барлық
өзендер мен каналдар кескінделеді [9.10-сурет].
1:50 000 масштабты карталарда ені 5 метрден асатын өзендер
мен каналдар екі көк түсті сызық пен ені 5 метрден аспайтындары
бір көк түсті сызықпен кескінделеді.
Ірі масштабты карталарда
өзендердің ені мен тереңдігі бөлшек сан, ал ағысының бағыты
мен жылдамдығы бағдар сызықпен жəне
оның аралығында
жазылған санмен беріледі .
Көлдердің жағалау сызығында суының деңгейі көтерілген
жəне төмен түскен кезеңдердегі теңіз деңгейлерінен биіктіктері
белгіленеді. Өзендер
мен каналдардағы өткелдер, тас бөгеттер,
шлюздер мен паромдар өздеріне сай келетін сандық сипаттары-
мен қоса түсіндірмелі шартты белгілермен көрсетіледі.
Құдықтар көк түсті шеңбермен белгіленіп Қ əрпі
қоса жазы-
лады. Далалар мен шөлді аудандарда сумен қамтамасыз ететін
басты нысан болып табылатын құдықтарды картадан оңай тауып,
таңдау үшін біршама ірі шартты белгілермен кескіндейді. Сол
жағына
абсолют биіктігі, оң жағына құдықтың тереңдігі, литр
есебімен алынған толу жылдамдығы жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: