Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет88/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   140
Таких примеров есть немало:
Коль слабый сильному, хоть движимый добром.
Открыть глаза правду покусится,
Того и жди, что же с ним случится,
что с Комаром.
Ахаңда: 
Мысалы қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пəле делік аңдып-баққан.
Пəленің түрін көрген мен-сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Қос мысалшының соңғы ой-тұжырымдарынан аңғарылатындай 
оқиға бір, ой алшақ, мақсат өзге. Сюжеттегі оқиға желісінде де 
көптеген айырмашылық бар. Салыстырып көрелік. Крыловта:


264
Пастух под тенью спал, надеялся на псов,
Примется то, змея из-под кустов,
Ползет к нему, вон высунувши жало.
А. Байтұрсыновта:
Бір малшы көлеңкеге келіп жатып,
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк шалғының самал жерде,
Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып.
Келеді қара жылан шағайын деп,
Қапысын ұйықтағанда табайын деп…
Қарап отырсақ, Крыловта оқиға дамуы қарапайым, бір сарын-
ды. Ахмет Крыловтың қара сөз тектес, əңгімелеу стиліндегі жолда-
рын əсерлі өлең жолдарына түсіре отырып, көркемдігін арттырған. 
“Тілге жеңіл” өлең жолдары кейіпкер характерін молынан ашып, 
ерекшеліктерін айқындай түседі. “Тырайып қалды сабаз ұйықтап 
қатып” деген жолдарда малшының қаннен-қаперсіз, бейқам күйінің 
əдемі суреті жасалған. Осылай ойнақы басталған өлең жолда-
ры келесі сəтте адамның жүрегін дір еткізеді. “Келеді қара жылан 
шағайын деп, қапысын ұйықтағанда табайын деп”. Ақын оқиғадағы 
іс-əрекет дамуын бірте-бірте ширатпай, кілт өзгертіп жіберіп 
жəне үдете, үстемелей дамытады. Крыловтағы көп жыланның бірі 
ретінде алына салған жылан “Қара жылан” болып заһар шашса, 
“қапысын ұйықтағанда табайын деген” зымыстан ойы, оны одан əрі 
зəрлендіре түседі. Ахаңның оқиғаны күрт өрбітіп, көркемдік суретті 
қоюландыра түсуінің себебі түсінікті. Ұйқыдан мəңгілік оянбау-
ын діттеген, соны жүзеге асыруды көздеген қатерлі жаудың қаскөй 
əрекеті мен залым ойын халқына жеткізу. Масаны ұрып түсірген 
соң, оқиға Ахаң мысалында өзгеше бір қисынға бет бұруы осыдан. 
Сөзіміз дəлелді болу үшін тағы да мысалдарға жүгінейік:
Крылов:
Проснувшися, Пастух змей убил;
Но прежде Комара спроснья так хватил,
Что бедного его как не бывало.
А. Байтұрсынов:
Ұйқысын малшы оңды ашпай тұрып,
Өлтірді шағып тұрған Масаны ұрып.


265 
Көтеріп жерден басын біраздан соң,
Қарады жан-жағына мойнын бұрып.
Жыланды көрген шақта малшы өкінді,
Достығын сары масаның сонда ұғып.
Крылов мысалы Малшыға Жыланды өлтіртсе, Байтұрсынов 
оқиғаны Малшының өкінішімен аяқтайды. Мұның себебі, Ахмет 
назары бейқам ұйықтап жатқан Малшыны қатерден құтқарған Сары 
маса тағдырына түскен. Ол жебеушісін танымай, достықты қастық 
көрген ұйқыдағы малшы наданның ісіне налыса, жөн сілтеп, қатерді 
көрсеткен əлсіз болса да адал достың аянышты халіне қабырғасы 
қайысады. Сондықтан да:
Сөзімнің сөкпеңіздер шолақтығын,
Демеңдер сөз жазуға олақтығын.
Жыланды Малшы көріп болғаннан соң,
Келмеді бір-біріне жолатқызғым, –
деп доғарады.
Ақын Сары маса мен Малшы оқиғасынан өз заманының шыншыл 
суретін танып, “Пəленің түрін көрген мен – Сары маса, халықты 
оянсын деп сөзбен шаққан”, – деп түйеді.
“Қырық мысалда” жазған Сары маса туралы хикая ақынның 
кейінгі кітабының атын алып, оның тынымсыз тірлігі сол кітаптағы 
бүкіл идеяның алтын тамырына айналды.
Ахмет туындыларын төл дүниеміз ретінде тануымызға толық 
хақымыз бар. Өйткені олардың мазмұны Крыловтікі болғанымен, 
ой сонылығы, баяндау əдісі, құрылысы, табиғаты тыңнан табылған 
төл шығармадай етіп жазылған. Осы тұста ежелгі орыс əдебиетін 
зерттеуші-академик Д. Лихачевтың өзге жұрттан ауысқан аударма 
жəдігерлерді орыс мəдениетінің ірге ажырамас бір бөлшегі ретінде 
қарастыруын еске ала кеткен орынды. Ол былай деп жазады: “Так 
называемая переводная литература была органическая частью на-
циональных литератур; и она не имела четких границ, отделяющих 
ее от литератур оригинальной. Переводчики и писцы по большей 
части были соавторами и соредакторами текста”.
Крылов мысалдары түпнұсқада поэзиялық шығарма емес. Ол 
жайында М. Əуезов былай дейді: “Орыс əдебиетінде мысал (басня) 
өлең (стих) емес. Ол өзі бөлекше жанр. Оның жол өлшеулері өлеңге 
тəн өзгешеліктей болып, шумаққа да бөлінбейді. Əр кезде сөйлеп 
18–853


266
айтатын ауызша əңгіме, халықтық əңгіменің нақышты, ырғақты, 
қара сөзіне бейім келеді. Қысқа қайырылған, өте мазмұнды жауап-
тасу, қағысулар оқиғалы желіге құрылады”.
Осы ерекшеліктерді орыс зерттеушілері де атап өтеді: Басня рас-
сматривалась Крыловым как жанр, произносимый, “разговорный” и 
обращенный к слушателю, к широкой и разнообразной аудитории, 
П. Вяземский писал о том, что Дмитриев пишет басни свои, Крылов 
их рассказывает”. 
Ал Крыловты аударған қазақ аудармашыларының бəрі, оның 
ішінде А. Байтұрсынов та, оның осы ерекшелігін сақтамаған. 
Қазақша аударғанда орыс əдебиетінің өзіндік ерекшелігі бар жан-
ры қазақша бөлекше сипат алып шыға келеді, тіпті баяндау, жеткізу 
формасының өзі өзгеріске ұшыраған.
Крылов жайында пікір толғаған сыншы Белинский оның мысал-
дарын ешқандай да шет жұрт тіліне аудару мүмкін емес, оларды тек 
қайта жасауға болады деп білген.
Демек, Эзоп, Федр, Бабрий, Лафонтен, соның ішінде Крылов 
мысалдары аударылғанда сол халықтың төл туындысына айна-
лып кетіп отырады. Осы тұста Белинскийдің Крылов туралы тағы 
да бір пікірін келтіре кетейік: “Ол өзінің кейбір мысалдарының 
мазмұнын Лафонтеннен алғанымен, оны аудармашы деу-
ге болмайды, өйткені оның таза орыстық табиғаты барлығын 
орыстық түрге қайта өңдеп, орыстық рухтан өткізген”. Ендеше, 
Белинскийдің осы пікірі Крылов мысалдарын аударған Ахметке 
де қатысты айтылғандай. Ахмет мысалдарды қазақ халқының 
даналыққа толы ой-сана сүзгісінен өткізіп, өзіне дейінгі əдебиет 
үлгілерінің бай дəстүрінің ең ыңғайлы, ең өтімді формасымен 
жырлаған. Сондықтан да, Ахмет – ақын Крылов мысалдарын 
қазақтың төрт жолдан тұратын он бір буынды қара өлеңімен 
қайта жазып шығарған. Бұл – бірінші жəне ең басты ерекшелігі. 
Яғни Крыловтық əңгімелеу, диалогтық құрылымға поэзиялық əр 
беріп, образға жан бітірген.
Екіншіден, Байтұрсынов өз аудармаларында Крылов ұсынған 
композициялық құрылымдарды сақтай бермейді. Бұл, əсіресе, 
мысалдың басталуы мен аяқталуынан айқын көзге шалынады. 
Сондықтан да Ахмет мысалдарында жалпы ой жетекке алынып, 
сақталынғанымен, сипаттау, баяндау тəсілі өзгеше. Оған нақты 
дəлел – «Кісі мен Аю» мысалы. Жол сандары да қарайлас, Кры-
ловта – 61, Ахметте – 68. Оқиғаның дамуы да, шарықтауы, шешімі, 


267 
аяқталуы – бəрі ұқсас. Бірақ Байтұрсынов мысалының басты екі 
айырмашылығы бар. Алдымен, мысал мазмұнын қазақ құлағына 
сіңісті ертегі тектес уақиға етіп жеткізеді.
Бір адам айдалада елден жырақ,
Жеке-тақ, жапан түзде қылды тұрақ.
Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой,
Жалғыздық олардан да қиынырақ.
Көк шалғын, ағаш, бұтақ – бəрі жақсы
Болмайды нақ адамдай серік бірақ
Сөйлесіп іштің шерін тарқата алмай,
Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап.
Егер Ахмет Крыловтан аудардым демесе, еш қазақ жатырқамастан 
өз дүниесіндей қабылдары хақ.
Екінші айырмашылық оқиғаны Крыловша өрбіткенімен, сөзден 
сурет сала отырып, ажарландыра түсе ді. Крыловта «человек» бол-
са, Ахаңда «Жеке-тақ». Ə, деген де, бұл жай айтыла салған атау бо-
лып көрінгенімен, аюдың адамға қарап сөйлеуінде ерекше міндет 
атқарып, аңқау аюдың досына деген құрметінің белгісі осы сөзге 
оранып жатқандай.
Сонда оған Аю айтты: “Жеке-тақжан!
Айтайын мен бір ақыл, құлағыңды сал!
Күзетіп жан жолатпай мен тұрайын
Сен ұйықтап, біразырақ тынығып ал!”
«Жеке-тақжан!» бірауыз сөз арқылы бүкіл мысалдың өн бойы-
нан Аюдың досына деген жылылық мейірімінің шуағы төгіліп тұр. 
Ал енді, осылайша, жанындай жақсы көрген досын шыбыннан 
қорғамақ боп, таспен ұрып өлтіргенде, аю надандығына күйінбеске 
шараң жоқ. 
Шығарманың өне бойынан қазақы сөз оралымдар, қалыптасқан 
тіркестердің молынан көрініс табуы мысалдың поэзиялық ажарын 
əрлендіре түскен. Крыловпен замандас Жуковскийдің «Переводчик 
в прозе есть раб; переводчик в стихах – соперник», – деген пікірі 
осындай озық сипаттағы аудармаларға бағытталса керек.
Крылов мысалдарында көбіне қорытынды мораль жеке бөлініп 


268
айтылмайды. Ахмет əрбір мысалдың соңынан үнемі өзіндік ой-
пікірін тұжырымдап, ғибрат айтып отырады. Осы құбылысқа ой-
лана қарасақ, Ахмет мысалдарының екі бөлімнен тұратындығын 
байқаймыз. Біріншісінде оқиға бағдары, кейіпкер əрекеті баяндалса, 
екіншісінде қорытынды түйін, мораль беріледі. Сондықтан да əрбір 
мысалға ақындық қатынас, шығарушының мақсаты айқындала 
түседі. Мұның өзі Ахмет мысалдарының бірін-бірі толықтырар, бір-
бірімен сабақтас екі бөліктен тұрар толыққанды дүние екендігін та-
нытса керек. Атақты Лафонтенде осыны жақтаған. Оның “Тело есть 
басня, Душа - мораль”, - деп кесіп пікір айтуы бұған куə.
Крылов мысалдарының Ахмет аудармасын төл туындымыз деу-
ге үшінші негіз – олар қазақ өміріне бейімделіп, сахара тіршілігіне 
үйлестірілуінде. Қазақ тұрмысына сай емес образдар мен есімдер 
халқымызға тəн бейнелермен ауыстырылған. Бұған дəлел өте көп.
Ал “Қасқыр мен Мысық” мысалында адам аты қазақшаланып 
қана қоймай, сол адамдардың мінездерін ашатындай, адамдық 
қасиеттерін айқындайтындай етіп алынған.
Крыловтың “Волк и Кот” мысалында аңшылар қуып келе жатқан 
қасқыр деревняға кіріп, қайда тығыларын білмей, мысықтан ақыл 
сұрап, жақсы бір адамның үйін нұсқап жіберуін өтінеді. Сонда 
мысық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет