274
хат”, “Жауға түскен жан сөзі”, “Жауап хаттан” жəне т.б. өлеңдерінің
тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой аңғарында жатыр.
1923 жылы А. Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойына
арналған мақаласында қазақ əдебиетінің классигі М. Əуезов: “…
Ахаңның майданға алғаш жыры шығып, əдебиет, саясат жолын-
да жол бастаған күндері бəріміздің есімізде… Ахаңның бұрынғы
айтқан сөзін қазақ даласы əлі ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі са-
рын əлі ескірген жоқ. Əлі күнге қазақ даласының күшті санасы бо-
лып, арқаның қоңыр желімен бірге есіп, шалқып жатыр” деп, оның
поэзиясындағы азатшылдық идеяны ту көтерген өлең жолдарының
тот баспас асылдығын танытқан еді.
“Маса” жинағына енген өлеңдерден, əсіресе, кейінгі басылымда-
рына енген өлеңдерінен төңкерісшіл рух, 1905-1907 жылдардағы са-
яси толқулар мен рухани сілкіністерден қанаттанған тасқын күштің
серпілісі ұшқын шашады. Ақын өлеңдеріндегі төңкерісшілдік са-
рын өлең жолдарындағы ішкі тегеурінде ширыққан шымыр ойлар
арқылы білінеді:
Достарыңызбен бөлісу: