80
бірі бар жерде, екіншісі жалғаса жүреді”. Олар үнемі бір-бірімен
жалғасып жатады. Бір творчестволық тұлғаның шығармаларынан
романтизмнің де, реализмнің де іздерін тануға əбден болады. Түрлі
əдеби ағым-бағыттар “қалайда осы екі əдістің біреуін тірек етеді”.
ХХ ғасыр басындағы əдеби бағыттардан да осындай бірлікті таба
аламыз.
Жаңа ғасыр басындағы əдебиетте осы екі əдіс қабаттаса, қа-
нат та са көрініс тапты. Бірқатар ақын-жазушылар өткен баба
ерліктерін асқақ рухпен жырлап, болашақ күнге қиялшыл сезіммен
қараса, екінші бір топ өз дəуіріндегі өмір шындығын нақты си-
паттап, өткір сынай білді. Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, М.
Жұмабаев, М. Дулатов жəне т.б. шығармалары бұған нақты дəлел
бола алады. Махамбет, Шəңгерей шығармашылығынан айқын
көрінген романтизм рухында Мағжан өзінің сыршыл да сұлу жыр-
ларын туғызып, əсем де асқақ ойларының ажарын ашты. Қазақ
əдебиеті тарихындағы “ақтаңдақтар ақиқатын” ашқан профессор Т.
Кəкішев “Əр дарынның тарихта өз орны бар” деген мақаласында:
“М. Жұмабаев қазақ əдебиетінде романтикалық арнаның негізін
қалаушы деп тауып, өзіндік мектебін жасағанын именбей айтуы-
мыз керек. Мағжанның ақындық мектебін айтқанда Бернияз Күлеев,
Ғұбайдұлла Балақадыровты алғашқы “шəкірттері” қатарына қосып,
“оқта-текте дəріс тыңдағандар” ішінде І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов,
Ə. Тəжібаев қана емес, осы күнгі “сырттан оқыған” көп ақындардың
біразын” жатқызуға болады деп түйіндейді.
Романтизм Шəкəрім, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Ахмет шығар-
ма шылықтарынан да көрініс тапты. Романтизм əдісінде жазылған
деп Шəкəрім поэмаларын, Міржақып, Ахметтің, Сұлтанмахмұттың
азаматтық лирикаларын атай аламыз. Ахаңның:
Я, құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян-мен нақақ.
Достарыңызбен бөлісу: