Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
164
VІІ т а р а у
ƏДЕБИ БАЙЛАНЫСТЫҢ ДАМУЫ 
Қазақ əдеби-мəдени байланыстардың халықаралық дең-
гейде дамуы. Қазақ əдеби туындыларының аударылуы. Көркем 
аударма. 
Адамзат, оның жаратылысы жөнінде қилы көзқарас, алуан ой-
пікірлер бар. Аспан əлемін, қоршаған ортаны, табиғат та машаларын 
алға тартқан қисындар да көп-ақ. Марксизм-ленинизм ілімі 
маймылдың маңына апарып, оны еңбек көрегінде қыздырып, мадақ 
сезіміне бөлеп, толғаныс-тебіреніске түсіріп, əспеттеп-ақ көрсетті...
Ақиқатында, еселі де ерен еңбек, əр алуан əрекет-қимылдар, 
бəрі баршасы – Сөзге келіп саяды. Сөзбен басталып, жүйелі жал-
ғасып, межелі мақсат-мұраттарға жетіп отырған. Адам мұраты, 
өмірі мен еңбегі, арман-аңсарлары - Сөз арқылы жүзеге асқан. 
Қоғамда, өмір-тұрмыста мұның дерек, мысалдары мол. Айталық, 
Сөзде - тарих, таным, тағылым бар.
Сөзде - ақыл-парасат, көркемдік мұрат, ой жүйесі басым 
болады.
Сөзде - кие де, ие де бар...
Алыс - жақын елдердің танымал тұлғаларының туын ды лары, 
атап айтқанда: А. Дюма - 250 роман жазса, Бальзак- 150, Гете -143, 
Л. Толстой - 90 том шығармалар жинағымен əлемдік қазыналар 
қорына мол олжа салды.
Ұлттық əдебиетте – М. Əуезов - 50, С. Мұқанов - 16, И. Есен-
берлин – 10, Ə. Нұршайықов - 10, Қ. Мырза Əлі - 20, Ə. Кекіл-
баев - 15, М. Мағауин - 13, Д. Досжан - 13 томдық туындыларын 
қалың көпке тарту етті.
Бір шығарманы əлденеше рет көшіріп, əр түрлі нұсқа-үлгісін 
жасағандар саны да жетерлік...
Қысқасы, бұның бəрі-баршасы қалың көпке – Сөз арқылы жетті.
Бұдан шығатын түйін: Сөз - ақыл-парасат жемісі, ойлар мен 
толғаныстар нəтижесі, жан-жүректің нұрлы да сəулелі сəттері, 
тарих пен танымның көркем шежіресі, руханият қайнарының 
мəңгілік мұрасы болып табылады.


165
Сөз сарасы мен ой жүйесі-көне кезеңнен бермен қарай ақыл-
парасаттың, көркемдік танымның, сыр-сезімнің, ізденіс пен ізгі-
ліктің мейірім шуағындай əсер етеді. «Аталар сөзі - ақылдың көзі» 
екенін өмір шындыққа шығарды. Даналық пен даралықтың үлгісін 
Дулат ақын: «Сөз - жібек жіп, жыр - кесте» десе, Абай əлемінен: 
«Өнер алды - қызыл тіл», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп жүйелі дамытқаны ай қын 
аң ғарылады. Білікті ғалым С. Е. Маловтың: «Түркі халықтарының 
ішіндегі ең суретшіл,бейнелі тіл-қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешен-
дігімен, əсем ауыз əдебиетімен де даңқты», - деген сөзінде зор 
шындық, тəлімді тағылым бар. Қазақ қаламгері М. Мағауиннің 
«Еш қашан ескірмес, мəңгілік - Сөз ғана. Əмірші зұлым, ақылман 
- Тұлғаның соңғы сөзі. Ақынның барлық сөзі. Барлық сөздің 
ішіндегі мəйегі. Перғауин пирамидаларынан да жоғары, тынымсыз 
бұрқасын да, ұйытқыған жел де, жылдар тізбегі, ғасырлар керуені 
де тоздыра алмас, бақилық мұра» деп жазуынан // Соңғы сөз. - 
«Алтын тамыр», 2009, №6. - 60 бет // кеше-бүгін байланысы, 
дəстүр мен сабақтастық сырлары, мол өмір тəжірибесі танылады.
Халық əдебиетінен нəр алған - асыл сөз əлем халықтары тіл-
деріне аударылып, арналы ағыс құрап, кең өріс алды. Бұған да 
мəн беріп, маңызды тұстарына назар аударған жөн. Өйткені, алыс-
жақын елдердің – қазақ тарихына, оның сөз өнеріне ден қоюы 
қазіргі кезеңде, тəуелсіздік тұсында аса мəнді факторлардың бірі. 
Өткен тарих пен бүгінгі танымымызды таразылар болсақ, 
еліміздің даму бел-белестері өмірдің өзіндей күрделі, əрі «тар 
жол, тайғақ кешу» мол болған. Тарих жылнамаларына ден қойсақ, 
Орта Азия мен Қазақстан халықтары мен жері, рухани қазыналары 
алыс-жақын шетелдіктердің назарын ерте аударған. Ғылыми 
коммунизмнің негізін салушы, ойшыл Ф. Энгельс «Россияның 
Орта Азияға қарай жылжуы» деген мақаласында қазақтардың 
Ресей құрамына енуінің кейбір тұстарын, прогрестік мəнін сөз 
етсе, Бірінші Петр: «Қырғыз-қайсақ даласы азиялық бүкіл елдер 
мен жерлердің кілтін ашып кірер қақпа» деп атады. Бұл бағыт 
қызыл империя тұсында «жаңа сатыға» көтеріліп, шығыстанушы 
неміс Б. Шпуллер айтқандай, «Орыстың терезесінен» қарауға, сол 
тілде сөйлеп, ойлауға үйретті. Бұл «дерттен» əлі де арыла алмай 
келе жатқанымыз жасырын сыр емес... 


166
Ақиқатында, сайын далаға əскери-ғылыми экспедициялар, 
азаттықты аңсап айдауда болғандар, басқа да түрлі мақсат иелері 
тарихшы-ғалымдардың көптеп келуі-қазақ елі, жері, дəстүрі-
өнегелері хақында мол материал, дерек көздерін жинап, жариялау 
ісіне үлкен мүмкіндіктер ашты. Айталық, Бүкіл Россиялық 
империя атласын жасаушылардың бірі, Орынбор өлкесін зерттеуші 
орыс ғалымы, əрі мемлекет қайраткері П. И. Кириллов (1689-
1737) өзінің «Қырғыз-қайсақ жəне қарақалпақ ордалары» деген 
еңбегінде қазақ елі мен даласы, табиғаты туралы мол мағлұмат 
берсе, тарихшы-этнограф П. И. Рычковтың (1712-1777) «Орынбор 
қаласының сипаттамасы», «Татарлар туралы қысқаша мəлімет» 
секілді еңбектерінде орыс-қазақ өмірі, кəсіп-тұрмыстары т.т. кең 
көлемде сөз етіледі. Сондай-ақ, қазақ елінің өткен тарихы, əскери 
өнері, жер-су, кісі аттары мен халық əдебиетінің қазына үлгілері де 
шетелдік саясатшы ғалымдар арнайы экспедицияда болған зиялы 
қауымның еңбек-жазбаларынан көрініс тауып отырады. Мысалы, 
ұлты неміс жиһанкез-ғалым П. С. Палас (1741-1811) түркі 
халықтары өмірінен «Россия империясының əр түрлі бөліктеріне 
саяхат» деген көп томдық еңбек жазып (СПб.,1779) онда қазақ 
өмірі мен тұрмысына бақсы-балгерлер табиғатына ден қойылса, 
итальян саяхатшысы Марко Поло (1254-1324) Қытай мен Орта 
Азия, Қазақстан халықтарының əлеуметтік өмірін, мəдени-рухани 
тұрмыс, дəстүрі туралы маңызды дерек көздерін қалдырды. Ал, 
венгерлік зиялылардың бірі А. Вамберидің «Орта Азияға саяхат» 
(СПб.,1865), «Орта Азия очерктері» (М.,1868) деген еңбектерінде 
қазақ тақырыбы, атап айтқанда көшпенділер тұрмысы мен өмір 
салты, ырым-наным дəстүрі кеңінен көрініс табады. Сондай-
ақ, бір топ шетел зиялылары - Э. С. Вульфсон, Г. Ю. Клапорт, 
К. Рихард, И. Шильтбергер т.б. қазақ өмірі мен тарихын, тұрмыс-
тірліктері мен тəлім-тəрбиесін, жер жағдайын, тіл ерекшеліктерін, 
т.т. əр қырынан қарастырып, қызғылықты дерек, мəн-маңызы 
жоғары материалдарды алға тартады (Қазақтың тəлімдік ой-пікір 
антологиясы. - Алматы, 1994. - 219-246 бб.).
«Қазақтар туралы» алғашқы монографиялық еңбектердің 
авторы А. П. Левшин (1799-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-
қайсақ далаларының сипаттамасы» атты күрделі де көлемді 
еңбегінде орыс-қазақ қатынасымен қатар қазақ сөз өнері, сəу-


167
лет мұрасы, халық əдебиетінің өзіндік белгі - ерекшеліктері 
туралы толғамды ой айтады. Қазақтардың ақындық əлеміне, 
импровизация иіріміне енеді. (Описание киргиз-казачьих или 
киргиз-кайсакских орд и степей.СПб., 1832). 
Бөлекше айтар бір жəйт, бұл ғалымдар (П. С. Палас, 
А. И. Левшин т.б.) «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» кешенін алғаш 
зерттеушілер əрі халық арасында осы тақырып төңірегіндегі аңыз-
əңгімелерді жазып, жариялаушылардың бірі болды (Ə. Марғұлан. 
«Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» кешені. - Алматы,1994.7б.). 
Қазақ халқы əдебиетін жинап, зерттеп, жариялау ісінде өзіндік 
орны бар түрколог ғалымдардың бірі - В. В. Радлов (1837-1918). 
Іргелі ғалым Алтай, Қазақстан, Сібір халықтарының мəдениеті 
мен таным баспалдақтарын, тарихи тағлымдарын «Солтүстік 
түркі елдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Түркі тілдері 
сөздігін жасау тəжірибесі», «Солтүстік түркі тілдерінің фоне-
тикасы» еңбектерінде тереңнен қозғаса, Тұран əлемін - «Түркі 
тайпаларының халық əдебиеті үлгілері» атты көп томдық ең-
бе 
гімен (үшінші кітабы қазақтарға арналған) толықтырады. 
Аталмыш еңбектің 3-томына қазақ елінің қалыптасуы мен дам-
уы, түп-тегі, əлеуметтік өмірі, тұрмыс-салты, сөз өнерінің үлгі 
өрнектері кең көлемде қарастырылады. Атап айтсақ, ақын-
жыраулар шығармашылығынан - Бұхар, Шортанбай мұралары, 
айтыстардан - Жанақ пен Түбек, Шортанбай мен Орынбайдың 
жəне жұмбақ айтысы, дастандардан - Бозжігіт, Сақыпжамал, ха-
лық өлеңдерінен бата мен бақсы сөздері, өтірік өлең, батырлық 
жырлардан - Ер Көкше, Сайын батыр, аңыз бен тарихи жырлардан 
- Абылай хан, қазақтың түбі, Кенесарының өлеңі, Қойкелді, т.т. 
ғылыми мəні жоғары, рухани əрі тəлім-тəрбиелік əсер, ықпалы 
мол материалдар болып табылады. Осылардың ішінде ғалым ел 
əдебиеті үлгілерін - өлең жəне жыр ертегілері-батырлық, жəй 
деп бөліп, əрбірінің өзіндік белгілерін тап басып таниды. Өткен 
тарихты ойға алсақ, В. В. Радлов Қазақстанға жасаған алғашқы 
сапарында (1862) Шығыс Қазақстаннан бастап Іле өңіріне, 
Ыстықкөлге дейін жолы түскен. Ал, 1868 жылы Сырдария 
өлкесін араласа 1869 жылы Қапал, Алтынемел арқылы Жетісу 
жерінде болады. Нəтижесінде қазақ, қырғыз халықтарының 
ел əдебиетіне, тарихы мен этнографиясына қатысты мол мате-


168
риалдар жинайды. (В. В. Радлов. Алтын сандық. - Алматы, 1993. - 
5-15 бб.). Жалпы, ғалымның қазақ фольклоры мен оның түрі, тілі, 
эпостық жырлары жөнінде жазып-жариялап, зерттеп-таратуы 
(насихаттауы) əдебиеттану ғылымы үшін де зор маңызы бар. 
Қазақ əдебиеті мен мəдениеті тарихын танып, таныстыруда 
Г. Н. Потаниннің (1835-1920) үлес салмағы зор. Оның мол мұ-
раларының («Солтүстік Монғолия очерктері»), «Қазақтардың 
жəне алтайлықтардың аңыздары, аңыз-əңгімелері жəне ерте-
гілері», «Қазақтардың соңғы ханзадасының үйінде», т.т. едəуір 
бөлігі қазақ халқы мен оның фольклорына арналған. Əсіресе, 
Абылай, Алдар Көсе, Алаша хан, Əз Жəнібек, Жиренше шешен 
секілді жекелеген тұлғалар мен «Ер Төстік», «Ер көкше», «Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу» жырларын жазып, өзге елдердегі осы сарын-
дас туындылармен салыстырулары, ондағы тақырыптық-идеялық 
ерекшеліктері мен көркемдік-тілдік тұрғыдағы белгі-бедерлерін 
танып-таразылауы аса мəнді. Əсіресе, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 
мұнарасын, оның сюжет құрылысын қызыға зерттеуі фоль-
клортануда айрықша маңызға ие (Ə. Марғұлан. «Қозы Көрпеш 
- Баян сұлу» кешені. - Алматы, 1994.- 11б.).
Г. Н. Потаниннің естелік пен мақала, хаттарының едəуір 
бөлігі қазақтың ағартушысы - демократ ғалымы Ш. Уəлихановқа 
арналған. Өзінің қазақ елі мен рухани мұрасы жөніндегі 
мəліметтер жинауға Шоқан Уəлихановтың берген ақыл-кеңесі, 
əсер-ықпалы мол болғанын, сол арқылы П. П. Семенов- 
Тяньшанский, С. Ф. Дуров т.б орыс зиялыларымен тығыз қарым-
қатынасты орнатуға мол септігі тигенін жазады. 
Қазақ ғалымы Ш. Уəлиханов пен Сібір мен түркі тілдес 
халықтар тарихын зерттеуші Н. М. Ядринцев (1842-1894), қоғам 
қайраткері, жиһанкез П. П. Семенов-Тяньшанский (1827-1914), 
жазушылар Н. И. Наумов, Ф. М. Достоевский (1821-1881) т.б 
дос тық қарым-қатынаста болумен бірге азаматтық, білімдарлық 
қасиеттерін, өмір мен ғылымдағы орнын, үлесін кеңінен көрсетеді. 
Қазақ елінің қымбат қазыналарының бірі - халық əдебиеті 
туралы мол материалдар қалдырып, іргелі еңбек, бағалы пікірлер 
айтқандардың бірі - А. Е. Алекторов. Халық ағарту саласында 
көп жылдар еңбек еткен А. Е. Алекторов қазақ өмірі мен тұр-
мы сы, ел əдебиеті жөнінде маңызды дерек көздерін табумен 


169
қоса елеулі еңбектер де жазып қалдырды. Атап айтқанда, ол 
еңбектерде («Қырғыз есімдері», «Қырғыздар өмірінің бейнесі», 
«Қырғыздардың жер бөлісулері», «Қырғыз халық əдебиеті», 
«Қырғыздар туралы кітаптар», журналдар мен газеттердегі 
мақалалар мен хабарлардың көрсеткіші», т.т.), шығыстық сюжетті 
негіз еткен - «Бозжігіт», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», 
«Шəкір-Шəкірат» дастан-қиссалар мен «Ер Тарғын», «Қыз Жі-
бек» жырлары жөнінде əдеби-мəдени материалдар ғылым, 
руханият үшін құнды деректер береді. 
Сонымен қатар қазақ халқының өткен өмірі мен мəдениет 
тарихына, жекелеген тұлғаларға (Шоқан, Ыбырай т.б. достық қа тынас 
хаттары т.б.) шынайы көзқарас, қамқорлықпен қара ған П. Н. Бе-
резин, В. В. Вильяминов-Зернов, А. В. Васильев, М. В. Го товицкий,
В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, Я. Я. Лютш, Н. Ф. Катанов, 
И. А. Кас танье, Н. Ф. Костылецкий, Р. А. Колпаковский, Ф. Р. Остен-
Сакен, А. П. Харузин т.б ел əдебиеті мен тарихына, этнографиясына 
ерекше назар аударды. Насихатталуы мен таралуына да көптен-көп 
көңіл бөлді. 
Қазақ елінің өмір-тұрмысы, мақсат-мұраттары бірқатар көркем 
туындылар арқылы да таныс болды. Мысалы, В. А. Ушаковтың 
«Қырғыз-қайсақ» (повесть), В. И. Дальдың «Бөкей мен Мəулен», 
«Майна», «Түн ортасы» (əңгімелер), «Орал қазақтары» (очерк), 
«Дүр батыр» (қисса), Д. Н. Мамин-Сибиряктің «Ақбозат», 
«Бай маған», «Көшімнің қазынасы», «Патша əйелдің көз жасы» 
(аңыз-əңгіме) т.т. туындыларынан қазақ даласы, халықтың 
тұрмыс-дəстүрлерімен бірге қоғамдық-əлеуметтік қайшылықтар 
мен шындықтар, адами-имандылық мəселелер, өнер-білімге 
құштарлық қасиеттер т.т көркем, келісті көрінеді. 
Қазақстанның шөл даласында он жыл айдауда болған
Т. Г. Шев ченконың «Бақытсыз», «Варнак», «Егіз» повестері 
мен күн делік-хаттарынан қазақ халқының əлеуметтік өмірі, дала 
сыры мен тынысы жан-жақты танылса, М. Пришвиннің қазақ 
даласы, табиғат құбылыстары мен елдің мəн-жайын аңғартар 
күнделік, жазбаларында маңызды материал, суреттемелер көп. 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының мазмұнына қызығып, 
осының негізінде жаңа туынды жазу мақсатының болғаны - 
қазақ-орыс байланысының терең тамырынан мол сыр аңғартады. 
12–1036


170
Қазақ əдебиеті мен мəдениетінің əлемдік деңгейде танылуына 
«пролетариат өнерінің ірі өкілі» (В. И. Ленин) А. М. Горькийдің 
ерекше үлесі бар. Қазақстан тарихы туралы Г. Н. Потанин, Н. 
М. Ядринцев, Г. Д. Гребенщиков, А. Е. Новоселов т.б еңбектері мен 
баспасөз материалдары арқылы таныс А. М. Горький «Қазақ хал-
қының мың əні» (А. В. Затаевич) атты жинақ арқылы музыка лық, 
фольклорлық мұраға ден қойған. С. Мұқанов, Н. Анов т.б кезде-
сіп, шығармашылық байланыста болған. С. Мұқанов қаламгермен 
кездескеннен кейін «Тау тұлғалы жазушы» деп таниды, бірнеше 
мақала («Адамдығы зор адам», «Ұлы ұстазымызға ескерткіш») 
мен еңбектерінен //«Менің мектептерім», «Өсу жолдарымыз»// 
М. Горький дəстүрінің тағылымдары танылады. 
Қазақ қаламгерлері арасында М. Горький мұрасын игеру, 
насихаттау ісіне Ж. Жабаев, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Т. Жа-
роков, Ə. Тəжібаев, Ғ. Қайырбеков т.б белсене қатысты. 
18 ғасырдың алғашқы ширегінен бастап қазақ даласына орыс, 
батыс саяхатшыларының көптеп келуі - ел өмірін, тұр мыс тарихын 
танып, таныстыруда елеулі мəні болды. 1735-1737 жылдары 
Орынбор экспедициясының құрамында болған ағылшын суретшісі 
Джон Кэстль «Саяхаттар күнделігін» өмірге əкелді. «Күнделікте 
18 ғасырдың 30 жылдарындағы орыс-қазақ, башқұрт қатынастары, 
Қазақстанның Ресейге қослуының алғашқы сəттеріндегі Кіші 
жүздегі саяси ахуал, бұл оқиғаға түрлі əлеуметтік топтардың 
көзқарастары, қазақ халқының қолөнері, киім-кешегі, тұрмыс-
салты, шаруашылығы, Орта Азия халықтарымен сауда жүргізуі 
материалдық жəне рухани мəдениеті жөнінде əр алуан мəліметтер, 
құнды деректер жинақтаған» (К. Есмағамбетов: «Қазақтар шетел 
əдебиетінде». - Алматы, 1994, 8б). 
Сондай-ақ, «Күнделікте» қазақтардың көші-қоны, кəсіп-
тірлігімен бірге Əбілқайыр хан, Ералы сұлтан, Ботай ханым, т.б. 
суреттері де орын алған. 
Ағылшын көпестері П. Ганвей, Дж. Томпсон, Р. Хоуг пен 
ғалымдар А. Жарри де Манси, Генрих-Юлий Клапорт қазақ 
тілінің мол мүмкіндіктерін айрықша атайды. 
Американдық Ю. Скайлер мен Я. Мак-Гахан, Дж. Кеннанның 
қазақ өмірі мен тұрмысы жайлы дерек, жазбаларында ұлттық 
ерекшеліктер мен рухани мəдениеттің алуан үлгілері кездеседі. 


171
Сондай-ақ, ағылшын Г. Ландсделл, неміс Р. Карутц, А. Бастиан, 
шведтік С. Гедин мен Г. Мозер, француз М. Уйфальви, т.б.қазақ 
халқына құрметпен қараумен қоса дала сырына, қала мен 
қамалдарға, онда тұрған тұрғындар тұрмысына, тарихы мен 
тағдырларына да назар аударған. Мұның мысалына қазақтар 
туралы шетел əдебиетінде зерттеулер мен жазбалар қалдырған 
ағылшындар - А. Боджер, Дж. Уорделл, АҚШ-тық - О. Кэроу, 
М. Б. Олколтт, француздар - А. Москович, Б. Коэн, т.б. еңбек, 
ізденістеріндегі дерек көздерінің мəні зор. 
Қазақ халқының рухани өмірінің алыс-жақын шетел оқыр-
мандарына насихатталып, таралуына қазақ даласына жер 
аударылған демократияшыл көзқарастағы зиялы топтың əсері, 
ықпалы мол болды. Айталық, революциялық қызметтері үшін 
қуғын көрген Т. Зан, Б. Залесский, Г. Зеленский, А. Су 
зин, 
Л. Турно, А. Янушкевич, т.б. қазақ жерінде болып, ел өмірімен, 
тұрмыс-тіршіліктерімен танысады. Əр алуан си 
паттағы əлеу-
меттік қайшылықтарды, отаршылдық саясат салқынын, 
сайын да 
ланың сұлу табиғатын, адамдар қарым-қатынасы 
мен қасиеттерін, т.т. көріп-сезіп, түсінеді. Поляк-қазақ мə-
дени байланыстарын нығайту ісіне бұл есімдердің еңбек-
мұраларының алар орны айрықша. 
Польшадағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысып, қазақ жерінде, 
Аякөз, Балхаш, Жетісу мен Есіл, Тобыл өзендері бойындағы қазақ 
ауылында айдауда болған Г. Зелинский (1809-1881) қыр өмірін, 
тұрмыс-дəстүрлерін жақсы білген. Оның қазақ елі, өмірі мен 
тұрмысынан алынып жазылған «Қазақ», «Дала» поэмаларының 
стилі мен сюжетінде романтикалық сипат бар. Мазмұны қызық, 
пейзаждық элементтері мол əрі əсерлілігімен ерекшеленеді. 
«Қазақ» поэмасында əлеуметтік əділетсіздік сырлары, зұлым-
дық пен махаббат күресі терең ашылады. Қос ғашық - жігіт пен 
Жəмиланың өрт құшағында жан тапсырулары - үстем тапқа 
қарсылық, өмірге сүйіспеншілік сезімді аңғартады.
Поэма еуропа елдерінің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ 
тілінде де басылды (Аударғандар - Ə. Ахметов пен Т. Жароков, 1964). 
«Дала» поэмасы құрылымы жағынан төрт бөлімнен («Дала», 
«Таулар», «Бəйге», «Жыр») тұрады. Өлең-толғау түрінде өріс 
алатын поэма қазақ халқына тəн жалпы қасиеттермен бірге елдік 


172
пен ерлік үлгілері, жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары, құмды 
дала мен таулы аймақ суреттері, т.т. бедерлі өрнек құрған. 
Қысқасы, қазақ тақырыбы аталған екі туындыда да айқын 
аңғарылады əрі тақырыптық-көркемдік сипаттары жоғары.
Еуропа елдерінде қазақ халқының рухани əлемін та 
ныс-
тыруда А. Янушкевич (1803-1857) айтулы орын алады. Ол 
Польшадағы ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, өз елінің еге-
мендігі жолында қилы қасіреттерді басынан кешті. Əскери сот 
шешімімен ұзақ жылға жер аударылды (Сібір, Тобольск, Ишим, 
Омбы). Қазақ даласына жіберілген экспедиция құрамымен көп 
жерлерді (Аякөз, Жетісу, Қапал, Семей, Балқаш, Тарбағатай) 
аралайды, Өзі көріп-білген, естіп-сезген жəйларды күнделік, 
хат үлгісінде жазған. А. Янушкевич оларды елдегі анасына, дос-
жарандарына жолдап отырған.
Араға ғасырдан да ұзақ уақыт салып «Қазақ даласына саяхат 
кезіндегі күнделіктер мен хаттар» деген атпен Ф. Стеклованың 
аудармасы (орыс тілінде) жетті (1966). Бұл еңбекті төл тілімізде-
«Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасалған саяхат 
туралы жазбалар» деген атпен М. Сəрсекеев сөйлетті («Жалын», 
1979). 
«Күнделіктер мен хаттар» жазбаларында-қазақ жері, өзен-
көлі, тау-тасы, орман-тоғайынан өзге əлеуметтік, саяси, рухани 
мұра- олжалар да мол, қыр елінің тұрмысы мен əдеп-ғұрыптары, 
ақындық-шешендік өнер хақында қызғылықты мəлімет- деректер, 
суреттемелер көп. Жекелеген тұлғалар - Абылай, Шыңғыс хан, 
Барақ батыр, Бейбіт би, Құнанбай қажы, Жанақ, Орынбай, т.б. 
ақындар мен Тобықты, Тарақты елдері, адам есімі мен лақап аттар, 
əйел-еркек орны, уақыт өлшемдері, т.т. нақты дерек, қарапайым 
мысалдармен беріледі. 
«Саяхаттар» кітабына енген бір хатта: «...қазақ тілін, қазақ-
тардың жөн-жоба, салт-сана, əдеп-ғұрпын үйренбесем болатын 
емес» десе, енді бірде: «Қазақтардың ойлау қабілеттерінің 
кереметтігіне менің барған сайын көзім жетті. Сөзге дегенге 
ағып тұр. Əрбір қазақ шаруасын түбін түсіре түсіндіреді, ал 
қарсы жақтың сылтауын тіпті бет қаратпай табан астында жоққа 
шығарады. Тіпті балаларының ақылы да ерте жетіледі» - дейді 
(«Күнделіктер мен хаттар». - Алматы, 1979.216 б.). 


173
Демек, А. Янушкевич есімі мен еңбегі өткен ғасырдағы қазақ 
елінің өмір-тұрмысын, əлеуметтік-рухани саладағы жетістік- 
көріністерін қаз-қалпында баяндауымен бағалы. Мұның өзі 
егемендігін нығайтуға, тəуелсіздік талаптарын баянды ету 
жолындағы халқымыздың рухани өмірінде алар орны алабөтен. 
Ой түйінін поляк ұлттық-мəдени орталығының төрағасы 
М.Славецкий пікірімен тиянақтасақ, көп жəйге қанығамыз. 
«Тарих беттерін ақтара қалсақ» - деп жазады ол, - 1870-1980 
жылдары Қазақстанға жер аударылған поляк ғалымдары қазақ 
халқы туралы шындықты Еуропаға жеткізген шежіре көпір 
сияқты. Алғаш Абайдың кім екенін де батысқа танытқан поляк 
ғалымдары. Ғалым, саяхатшы А. Янушкевичтің қазақ халқы 
туралы пікірінің өзі озық ойлы жанның арман мүддесі еді ғой. 
Қазақ халқының болашағын болжай білген батыстың кемеңгер 
пікір айтқан алғашқы ғалымдарының бірі еді...» («Қазақ əдебиеті», 
1995 жыл, 2 мамыр).
Біздің бұған қосарымыз француз халқының рухани əлемін 
1950 жылдардан кейінгі кезеңде М. Əуезовтың «Абай жолы» 
эпопеясы, Ə. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы, 
Ғ. Мү сіреповтың «Қазақ солдаты» мен М. Симашконың «Маздақ» 
романдары, О. Сүлейменовтың «Қыш кітабы», «Оттың құбылуы» 
т.т. өлең-поэмалардан тұратын кітаптары жан- жақты байытты. 
Ол еңбектер туралы Луи Арагон, Андре Вюрмсер, Пьер Филибер, 
Тристан Рено, Ален Боксе т.б. жазушы, сыншылар ой- пікірлері 
ден қоярлық (М. Маданова. Қазақстан - Франция. 1993. С.4-10). 
Сондай-ақ, Парижде басылған «Орынбордан Бұқарға саяхат» 
атты еңбекте (Г. Мейендорф) қазақ өмірі мен өнері, əдеп- 
ғұрыптары, əр алуан суреттемелерге кең орын берілген. Аталмыш 
кітаптың құндылығы мен əсері Италия ақыны Д. Леопордидің 
(1798-1837) «Азиядағы көшпелі бақташының түнгі жыры» атты 
лирикалық туындысын өмірге əкелді (Ш. Сəтбаева. Достық 
дастандары. - Алматы, 1983. 69б.). 
Бұлардан басқа, атап айтқанда француз жазушысы Дюма 
(əкесі) Ресеймен бірге қазақ жеріне де жолы түскен. «Парижден 
Астраханьға» деген очкеркінде қазақ даласын суретімен қоса, 
той-думанда болғаны, сый-сыяпат көргені хақында тартымды 
суреттер, дереккөздері бар.


174
Сол секілді Орта Азия халықтары өмірінен көркем шығарма 
жазған Ж. Верн «Клодиус Бомбарнак», «Михаил Строгов» 
сын ды туындыларында қазақ халқының өзіндік ерекшелігін 
айқындайтын маңызды мəлімет, ұнамды ойлар мен көзқарастар 
көптеп кездеседі.
Француз ғалымдары Капю мен Бонваланың «Қырғыз 
трубадуры» мақаласында қазақ өлеңі мен əн өнері, ондағы 
мазмұн, түр, басқа да ұлттық аспаптар мен оның əсер, ықпалы 
Ыдырысқұл есіміне байланысты айтылады.
Қазақ өмірі, ондағы этнографиялық көрініс-суреттер 
Т. Аткинсон мен Р. Каруцтің «Орта Азия мен Батыс Сібір», 
«Маң ғыстаудағы қырғыздар мен түрікмендер арасында» секілді 
кітаптарында едəуір орын алған. Қазақ сөз өнерінің терең 
иірімдері, ұлттық ою-өрнектер сыры əдебиет, мəдениет тарихына 
қатысты қарастырылады. 
Демек, қазақ халқының рухани өмірі шетелдік зиялы қауым 
өкілдерінің еңбек, мұраларынан тиісінше орын алып, əр кезеңде 
сөз етілуі - оңды құбылыс, үлгілі үрдіс деп білеміз. Мəдени-рухани 
қарым-қатынас, ағысты арна да алады, тамырын тереңге тартады.
Бүгінгі күннің бір шындығы, сыры осы.
Асылы, қазақ халқы өмірі, тұрмысы мен тарихы, сөз өнерінің 
қадір-қасиеті əр кез-ақ көңілді тербеп, жүрекке жылы ұялаған. 
Бұған бір дəлел - қазақ халқы, оның дəстүрі мен салты көне 
дəуірлерден тамыр тартқаны дер едік жəне ондағы «айналысы 
жұп-жұмыр» ой мен сөздің одағы хақында жүректен қозғаған 
ой-пікірлерінен жиі кездестіреміз. Мəселен, бұған дейін орыс 
ойшылдары, атап айтсақ, В. В. Радлов: «Қазақтардың тілі жатық 
та, шешен, əрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге 
келгенде таң қаларлықтай оралымды сөйлейді. Кезкелгені, 
тіпті, сауатсыздарының өзі ана тілінде біздің Еуропада байқап 
жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дəрежесіне сөйлей 
біледі» десе, П. М. Мелиоранский: «Қазақ тілін зерттеушілердің 
бəрі де бірауыздан қазақ тілі түрік тілдерінің ішіндегі ең таза əрі 
ең бай тіл деп куəландырып отыр» деп ақиқатын айтады. Осындай 
ойлы пікір, атап айтсақ француз А. Жарри да Мансидің аузынан 
төмендегінше естіледі: «Қазақ тілі түрік тілдері ішіндегі ең бір 
таза тілдердің бірі», ал чех ғалымы Лудек Гржебичек: «Сіздердің 


175
(қазақтардың) тілдеріңіз синонимге өте бай ғой» деп бүкпесіз 
мойындайды («Ана тілі», 1992 жыл, 4 маусым).
Қазақ зиялылары ұлттық тілдің, ой мен сөздің құдіретін, 
мүмкіндігін терең танып, оған үлкен мəн бергені белгілі. 
Айталық, Абай: «Тіл өнері дертпен тең» немесе «Өнер алды 
- қызыл тіл» деп əрі қысқа, əрі нұсқалы үлгіде білдірген. 
Сондай-ақ, Х. Досмұхамедұлы: «Біздің тəжірибемізде қазақ 
тілі бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелсе, 
ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз 
керек» десе, Мəшһүр Жүсіп Көпеев: «Қазақ тілінен асыл, қазақ 
тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін 
осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, 
дін де осында, əулиелік те те осында. Солай болғаны үшін 
бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың бəрі жақсы болып өтті» 
немесе Мағжан Жұмабаев: «Тіл - адам жанының тілмашы... 
Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы. Ұлттың 
тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағынын көрсетеді. Ұлт 
тілінде қазақтың сары даласы, біресе желсіз түндей тымық, 
біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен 
тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бəрі көрініп 
тұр» деп ағынан жарылады (Бұл да сонда).
Қазақ қаламгерлерінің еңбек, мұралары алыс-жақын шет 
тілдеріне үстіміздегі ғасырдың алғашқы ширегінен кейін кеңінен 
насихатталып, достық дəнекері-аударма өнері арқылы жүзеге 
асырылып, тарай бастады. Мысалы, Ш. Уəлиханов мұраларының 
кейбірі - Берлин, Лондондағы ғылыми жинақтарға енген. 
Қоғам қайраткері, социолог Э. Рекло 19 томдық зерттеуінде 
Ш. Уəлиханов еңбектері де аталады (Ш. Сəтбаева. Достық 
дастандары. - Алматы, 1983. 96б.) 
Абай əлемі жер жүзі халықтарына тарағаны анық. Ақын 
өлеңдерін төңкеріске дейін орыс тіліне аударғандардың бірі - 
С. Сабатаев екендігі кейінгі кезде анықталды («Қазақ əдебиеті», 
1994 жыл, 4 наурыз).
Ақын мұраларының мəңгілігі туғаныны 150 жыл толған 
тұста жарқырай көрінді. Мерейтой қарсаңында (1995) 
Қазақстанда жəне əлем елдерінде 70-тен астам жаңа кітап- 
жалпы тиражы 1,5 млн данамен тараған («Егемен Қазақстан», 


176
1995 жыл, 9 тамыз). Олардың арасында «Абай» энциклопедия-
сы - 100 мың дана таралыммен, 120 баспа табақ көлемде 
жарық көрді. Мұнда ақын өмірі мен шығармашылығы, түрлі 
дерек-құжаттар, суреттер бар. 
Сондай-ақ, ақынның акдемиялық екі томдық жинағы да 
қалың көптің қолына тиді. Алғашқы кітапқа - 1895-1896 жылдары 
жазылған өлең, аудармалары енсе, келесі кітапқа - 1896 жылдан 
өмірінің соңына дейінгі аралықтағы өлең, аударма, поэмалары, 
қара сөздері орын алған.
Сол секілді қазақ Пен клубы шығарған «Абай» атты кітапта 
ақынның өлеңдері - қазақ жəне орыс тілдерінде берілген. Осы 
еңбекке ақын əндері нотасымен де енген. 
«Абай елі» фотоальбомы да өзіндік бедер, бояуымен руханият 
əлеміне жылы ағыстай болып қосылғаны анық. 
Абай мұрасына байланысты байқау қорытындысында 
Ғ. Мұқанов - ақынның 45 қара сөзін, «Ескендір», «Масғұт» дас-
тандарын француз тіліне аударғаны үшін (алғы сөзін де жазған) 
жеңімпаз деп танылды («Рауан», 1994. 2000 дана).
Пікір орайында, «Абайдың таңдамалы шығармалары» атты 
жинақты айырықша айту да орынды. Жинақтың бірнеше ерекшелігі 
бар деп білеміз. Солардың ең бастысы ақын мұрасының түрік 
тілінде тұңғыш жарық көруі (Анкара, 1995). Тағы да бір өзгешелік 
- ақын өлеңдері мен қа ра сөздері - түрік тілінде, қазақшасы - латын 
жəне орыс графикасымен берілген.
Абайдың өзі де ақындар - Пушкин, Лермонтов, Крылов, 
Гете, Байрон, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин, Писарев, 
ойшылдар - Спиноза, Дервин, Дрепер, т.б. оқып-танумен 
бірге аударма өнерімен де айналысқан. Айталық, неміс ақыны 
И. В. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» өлеңін М. Лермонтов 
аудармасы негізінде көркем сөйлетті. Бұдан басқа М. Лер-
монтовтан - «Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға» («Дитя в 
люке»), «Əм жабықтым, əм жалықтым» («И скушно, и грустно»), 
А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» өлең – романын - «Онегин 
сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің 
Татьянаға жазған хаты», «Татьяна сөзі», И. А. Крыловтан «Емен 
мен шілік» («Дуб и трость»), «Жарлы бай» («Бедный богач»), «Есек 
пен бұлбұл» («Осел и соловей»), «Қарға мен бүркіт» («Вороненок»), 


177
«Əншілер» («Музыкант»), «Піл мен қанден» («Слон и моська») 
т.т. туындыларының мағына-мазмұнын сақтай отырып көркем де 
əсерлі аударды. Сонымен бірге А. Құнанбайұлы шығармалары 
əлемнің (ағылшын, қытай, араб, монғол, армян, француз, чех, 
т.т.), ТМД елдерінде өзбек, орыс, түрікмен, қарақалпақ, украин т.т. 
тілдеріне аударылғанын аңғарамыз. Ал ақын өмірбаяны хақындағы 
деректер - Лейпциг қаласында (1972, неміс тілінде) жарық көрген.
Бұл ретте жазушы Қ. Исабаевтың Абайдың «Қараңғы түнде тау 
қалғып» өлеңін мəрмəр тасқа қашатып, Гетенің ГДР-дегі Габелбах 
мұражайына жеткізіп, ақын өлеңінің магнитофонға жазылған 
таспасын тапсыруы əдеби қауым үшін ғана емес, қазақ-неміс 
халықтарының рухани байланысының жарқын көріністерінің бірі 
болды (Советтік Қазақстан жазушылары/ Био- библиографиялық 
анықтамалық.- Алматы, 1987. 285 б.).
Сол секілді «Жұлдызды сəт» («Звездный час») атты жинаққа 
ақындар: Т. Əбдірахманова, Ж. Əбдірəшев, т.б. таңдаулы өлеңдері 
енген (Венгрия,1980).
«Совет поэзиясы антологиясы» атты қос томдыққа 
(Венгрия) көптеген елдердің ақындарымен бірге қазақ қалам-
герлері Ж. Жабаев, Ғ. Орманов, Қ. Бекхожин, Ə. Сəрсенбаев, 
Х. Ерғалиев, Ж. Молдағалиев, С. Мəуленов, Ғ. Қайырбеков,
Қ. Мыр залиев, О. Сүлейменов, т.б. таңдаулы өлеңдері енген.
Ақын-жазушылар Қ. Əбдіқадыров («Қажымұқан», монғол: 
«Трактор»(монғол), Д. Əбілев («Өлеңдер», монғол, өзбек, неміс), 
К. Əзірбаев («Өлеңдер», болғар) жəне М. Айтқожина мен Е. Əуке-
баев, т.б. таңдамалы туындылары «Дала əуендері» атты жинақта 
басылған (1976, неміс тілінде). Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» 
(ағылшын), «Дариға» (ағылшын) өлеңдер жинағы жеке жарық 
көрді (1964, 1973).
Сондай-ақ көптеген ақын-жазушылар, атап айтқанда Ы. Алтын -
сарин (венгер, монғол, орыс), М. Əлімбаев (болғар, монғол, қырғыз, 
орыс, неміс, түрікмен), К. Ахметова (башқұрт, неміс, латыш, 
қырғыз, орыс, якут), С. Бақбергенов (армян, башқұрт, грузин, 
қырғыз, орыс, украин, эстон), Қ. Баянбаев (өзбек, латыш, қырғыз, 
орыс, түрікмен), Қ. Бекхожин (ағылшын, венгер, орыс, неміс), 
С. Ғаббасов (ағылшын, орыс, қырғыз, неміс, француз), Жамбыл 
(албан, чех, ағылшын, француз), С. Дөнентаев (венгер), М. Дүйсенов 


178
(өзбек), Ə. Дүйсенбиев (болғар, қырғыз), А. Елші беков (монғол), Ұ. 
Есдəулетов (ағылшын, орыс, болғар), М. Етекбаев (неміс, украин), 
Х. Есенжанов (неміс), Т. Жароков (ағылшын, неміс), С. Жиенбаев 
(неміс), Т. Жұртбаев (қырғыз, украин), М. Зверев (болғар, монғол, 
неміс), Ғ. Қайырбеков (венгер, орыс, неміс), С. Қалиев (венгер, 
өзбек, орыс, неміс, француз), Т. Молдағалиев (ағылшын, орыс, 
неміс, француз), Ғ. Орманов (ағылшын, венгер, неміс), Н. Оразалин 
(молдаван, қырғыз, украин), Ж. Саин (венгер, неміс), С. Санбаев 
(венгер, неміс, орыс, поляк), Ə. Сəрсенбаев (болгар, венгер, неміс, 
тəжік, түркімен, орыс, эстон), С. Сейфуллин (ағылшын, монғол), 
А. Сейдімбеков (венгер, неміс, өзбек, орыс, қырғыз), С. Сматаев 
(орыс, словак), О. Сүлейменов (венгер, неміс, ағылшын, араб, 
болғар, испан, вьетнам, монғол, түрік, француз), Ə. Тəжібаев 
(венгер, неміс, орыс, ағылшын), Қ. Тұрсынқұлов (армян, баш-
құрт, өзбек, орыс, түрік, украин, чех, якут), М.Өтемісов (венгер, 
монғол), М. Хакімжанова (армян, ағылшын, қарақалпақ, 
орыс, қырғыз, неміс), С. Шəймерденов (башқұрт, өзбек, неміс, 
татар, тəжік, якут), И. Шухов (неміс, қытай, орыс, румын), т.б. 
туындылары əлем халықтары тілдеріне аударылған. 
Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлық иегері, жазушы 
Ə. Əлімжанов еңбектері Азия-Еуропа елдерінің бірнеше тіліне 
аударылған. Атап айтқанда, «Жəмшит тостағаны» (үнді), 
«Отырардан жеткен сый» Мəскеуде (ағылшын, испан, 1972), 
Тəшкенде (хинди, 1980) басылған. «Махамбеттің жебесі» 
неміс (1971), монғол (1975), тəжік (1983), орыс тілдеріне 
аударылған. 
Абай өмірі мен қаламгерлік қызметі М. Əуезовтың «Абай 
жолы» эпопеясы арқылы əлемнің көптеген тілдеріне аударылды. 
Қазақ халқының даму бел- белестері хақында мол дерек көзі болып 
табылатын бұл еңбек «Дон Кихот» (Сервантес), «Робинзон Крузо» 
(Дефо) т.т. кітаптарымен қатар алынып, қазақтың «Иллиадасы» 
ретінде бағаланды. Сонымен бірге ТМД елдерінде (қырғыз, 
татар - 1957), түрікмен - 1958, украин - 1959, өзбек, эстон - 1960, 
латыш- 1963, қырғыз - 1965, башқұрт - 1972; шетелдерде- венгер- 
1956, грек - 1959, румын - 1961, монғол - 1981 т.т. аударылса, 
«Жас Абай» ( 2 том) - вьетнам, 1965; «Көксерек» - поляк, 1961; 
монғол, 1983; голландия, 1986; т.т. тілдерде сөйлеп, қазақ елінің 


179
өткен тарихы мен тұрмысын, дəстүр-ғұрпын, адам əлемінің мың 
сан иірімдерін, т.т. кеңінен көрсетеді. 
Жазушы Т. Ахтановтың «Боран» романы орыс, түрік, түрікмен 
тілдерінде басылса, «Дала сыры» мен «Қаһарлы күндер», 
«Шырағың сөнбесін» шығармалары немісше, түрікменше 
аударылып қалың көпті (оқырманды) қазақ халқы басынан 
кешірген қиын да күрделі сəттермен рухани жүздестіреді. 
Б. Бегалиннің таңдамалы əңгімелері неміс (1979), монғол 
(1956) тілдерінде, сондай-ақ, «Сəтжан» (орыс – 1958, украин – 
1958, өзбек – 1959), «Жас аңшы» (азербайжан – 1959), «Кішкене 
Сейіттің түйесі» (поляк – 1951) т.т. тілдеріне аударылған. 
Д. Досжановтың əңгіме, повесть, романдары жекелеген 
жинақтардан өзге 20-дан астам əңгіме, повесть, романдары алыс- 
жақын шет тілдеріне аударылған. Оның қаламынан – 11 роман, 23 
хикаят, 100-ден астам əңгімелер туды. Олар: «Жусан мен гүлдер», 
орыс – 1971; неміс – 1975; «Табалдырығыңа табын», орыс – 
1975; «Жөкей», ағылшын – 1979; «Құм жұтқан қалалар», испан 
– 1979; «Қымыз», венгер – 1980; «Жібек жолы», орыс – 1980; 
венгер – 1982; неміс – 1987; украин – 1988; монғол – 1989; «Дала 
əңгімелері», жапон – 1982; «Келіншектаудағы тас түйелер», орыс-
1987; «Абақты», француз - 1993 т.т.
Ал, И. Жақановтың «Қайта оралған əн» (повесть) - қырғыз, 
1973; «Кертолғау» (роман) - қырғыз, 1989; І. Жансүгіровтің бір 
топ өлеңдері, «Россия» - ағылшын, 1973; «Домбыра», ағылшын, 
неміс - 1964; Т. Жароковтың «Дала туралы əн» (өлеңдер) - тəжік, 
1963; өзбек - 1961, т.т. тақырыптық-көркемдік қырларымен 
ерекшеленіп, əлденеше рет аударылып, кеңінен тарайды. 
Қазақ қаламгерлерінің енді бір тобы əлем жəне ТМД 
халықтары тілдеріне ел өмірі мен тұрмысын, əлеуметтік- 
қоғамдық жайттарды, адам мен оның еңбегін, т.т. көркем де 
келісті, шындық сипатында суреттеулерімен назар аудартып, 
бірнеше тілде сөйлейді. Олар: І. Есенберлиннің («Алтын орда», 
армян - 1989), «Ғашықтар», өзбек - 1977; армян - 1984; «Көш-
пенділер», поляк - 1982; «Қатерлі өткел», украин - 1985, литва 
- 1987. Д. Исабековтың «Шойынқұлақ» (венгер), «Гауһартас» 
(неміс). М. Қабанбаева «Арыстан, мен жəне виолончель», 
орыс -1980; молдаван - 1984; неміс - 1984; латыш - 1986; 


180
«Жаң 
ғы 
рық», украин - 1984. Ə. Кекілбаевтың «Ханшадария 
хикаясы» (болгар, неміс), «Дала балладалары» (неміс, эстон). 
А. Лекеровтың «Ақ қайың туралы əн» (повесть)- өзбек, 1966; 
Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», ағылшын - 1964; неміс - 1979; 
«Түнгі күзетші» (əңгімелер), ағылшын - 1973. М. Мағауин «Көк 
мұнар», латыш-1981. Б.Момышұлының «Артымызда Москва», 
болгар - 1965, венгер - 1980, орыс тіліне бірнеше рет аударылған. 
Ж. Молдағалиевтың «Əн туралы əн», татар - 1959; «Батырлар 
туралы поэма», өзбек - 1962; «Əн өлмейді», тəжік - 1963 жəне 
əлемнің бірнеше тіліне (ағылшын, арб, монғол, неміс, орыс, 
словак), С. Мұқановтың «Алтын аймақ», француз, «Балуан 
Шолақ», ағылшын, поляк, неміс - 1964; «Ботакөз», монғол, 
түрік, поляк, чех; «Менің мектептерім», болғар, қытай, 
румын; «Өмір мектебі», чех; «Бақташының баласы», 
қарақалпақ - 1961; С. Мұрат бековтың əңгімелері - ағылшын, 
венгер, орыс, неміс, испан; «Жусан иісі», өзбек - 1987; Ш. 
Мұртазаның «Мылтықсыз майдан», молдаван - 1976; Ғ. 
Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» - болғар, венгер, испан, монғол, 
орыс, чех; «Этнографиялық əңгімелер» - болғар, венгер; «Оянған 
өлке», украин - 1961; қырғыз - 1962; «Кездеспей кеткен бір 
бейне», армян - 1980. Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» - ағылшын, 
румын; «Дауылдан кейін», тəжік - 1965, 1987; «Шығанақ», 
өзбек - 1962; «Миллионер» - болғар, қытай, поляк, орыс, неміс. 
Қ. Мұхаметжановтың «Көктөбедегі кездесу» (пьеса) – ағылшын, 
болғар, неміс, поляк. Қ. Мырзалиевтың «Күміс қоңырау»- өзбек- 
1975. Ə. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» - ағылшын, араб, неміс, 
түрік, орыс, француз, чех; Ə. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» 
- украин, чех, өзге туындылары - қырғыз; «Жезкиік» - өзбек; 
М. Симашконың «Маздақ» - ағылшын, болғар, венгер, неміс, 
орыс, поляк, француз; С. Санбаевтың «Ақ аруана» - венгер, неміс, 
түрікмен, орыс, поляк; О. Сүлейменовтың «Январьдан апрельге 
дейін», «Оттың құбылуы» - француз; «Айналайын» - өзбек, 
«Əр күн - арайлы таң» - якут; Б. Соқпақбаевтың «Менің атым-
Қожа» - болғар, орыс, өзбек, латыш; Ə. Шəріповтың «Партизан 
қызы» - қырғыз, өзбек; С. Омаровтың «Батыл достар» - тəжік, 
түрікмен; Ф. Оңғарсынованың «Шілде» - эстон; Е. Өтетілеуовтың 
«Ең күшті адам» - қарақалпақ, өзге шығармалары - азербайжан, 


181
армян, болғар, грузин, татар, орыс, украин; т.б. түрлі жанрдағы 
туындылары көркемдік-идеялық байлықтарымен, тілдік- стильдік 
ерекшеліктерімен дараланып, оқырмандарына қымбат рухани 
нəр сыйлайды. 
Осы орайда, шығармашылық жолы 1962 жылдан басталған, үш 
тілде (неміс, орыс, қазақ) жазатын, Президенттің бейбітшілік пен 
рухани татулық сыйлығының иегері Г. Бельгер орыс тіліне 200- 
ге жуық қазақ, неміс прозаиктерін аударған. Олардың арасында 
қазақ қаламгерлері - Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, Х. Есен жанов, 
Ə. Тəжібаев, А. Жұбанов, Ə. Нұрпейісов, Т. Ахтанов, Қ. Мұха-
метжанов, З. Қабдолов, Ə. Кекілбаев, М. Мағауин, Д. Дос -
жанов т.б. туындыларын түпнұсқа дəлдігін сақтап, көркемдік 
талаптарға сай аударған. Сондай-ақ, А. Брагин, А. Жовтис,
И. Изимов, Л.Кривощеков, Б. Канапиянов, Л. Макеев, В. Мирог-
лов, Ю. Плашевский, С. Санбаев, З. Сəмеди, М. Симашко, С. 
Скальковский, Д. Снегин, т.б. қазақ ақын-жазушыларының 
шығармаларын орыс тілді оқырмандарға аударып жеткізуде 
ерекше еңбек етті. 
Көптеген қазақ ақындары, атап айтқанда Ж. Əбдірəшев, 
Ш. Сариев т.б. ТМД елдері шеңберінде өткен жас ақындардың 
Бүкілодақтық V-VII фестивальдарына барып, (Ереван - 1970, 
Ташкент - 1972, Душанбе - 1974) əріптестерімен бірге өлең сөздің 
қыр-сыры жөнінде өзара пікір алысса, сыншы қалам гер лер А. 
Егеу баев, Ұ. Есдəулетов, Т. Оразбаева, т.б. Мəскеуде өткен жас 
ақын-жазушылардың Кеңесіне қатысып (1979-1984), туысқан 
халықтардың əдеби-мəдени өміріндегі жақсылық-жетістіктер 
туралы тəжірибе алмасты, ортақ мақсат-мұраттар хақында 
кеңінен ой бөлісті. 
Қысқасы, қазақ əдебиетінің əлемдік арнада көрініп, таралуы 
кең өріс алып келеді. Мұның өзі егемен елдің тəуелсіздік 
тұғырын рухани салалар арқылы да нығайтып, шеңбер-аясын 
жаңа тақырып, мазмұнмен, соны түр, өлшем-өрнектермен көркем 
де келісті бедерлей түскеннің бір белгісі болса керек. 
Қазақ əдебиетінің əлем халықтары тіліне аударылып, таралуы 
мен насихатталу жəйін сөз еткенде арнаулы кітап тардың (жинақ, 
сериялық еңбектер, т.т.), халықтар арасындағы достықты нығайтуға 
байланысты түрлі ұйым, мекемелердің, т.т. белгілі дəрежеде 


182
мəн-маңызы болғанын да атап кету лəзім. Бұл ретте КСРО-ның 
«Художественная литература» баспасынан жарық көрген «Əлем 
əдебиеті» кітапханасын айналып өту мүмкін емес. Аталмыш 
серияға дүниежүзі халықтары əдебиетінің таңдаулы үлгілері енген 
(3235 ақын-жазушы еңбектері, 23.800 шығарма бар).
Үш серияға топтастырылған «Əлем əдебиетінің» алғашқы 
кітаптары 64 том құраған. Осы серияның эпостық жырлар 
арасында «Қобыланды батыр» бар. Қазақ поэзиясының үлкен 
өкілі Бұхар жырау Қалқаманұлының толғаулары мен ақын, əнші, 
өнерпаздар - Ш. Қаржаубайұлы, С. Аронұлы, Ы. Алтынсарин, 
А. Құнанбаев, Б. Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақан 
сері Қорамсаұлы, С. Торайғыров, Балуан Шолақ, Сара, т.б. өлең, 
мұралары енген. 
«Совет поэзиясы» атты екі томдыққа - Ж. Жабаев, С. Сей-
фуллин, І. Жансүгіров, Т. Жароков, Ə. Тəжібаев, Қ. Аманжолов 
т.б. поэтикалық шығармалары енсе, «Совет əңгімелері» атты 
екі томдыққа - М. Əуезовтың «Көксерек», Ғ. Мүсіреповтың 
«Этнографиялық əңгімелері» топталған.
Классикалық күрделі еңбектер қатарынан М.Əуезовтің 
«Абай жолы» эпопеясы орын алса, «Кітапхана» көркемдігі 
мен безендіру ісіне Ə. Қастеев, Е. Сидоркин, С. Айтбаев секіл-
ді қылқалам шеберлері қатысып, əрбір еңбектің тақырып- 
мазмұнына сай, образдар ерекшеліктеріне орай ұлттық бояу мен 
түрлі нақыштарды өз орындарында қолданды, нəтижесінде əрбір 
көрініс-құбылыстар айқын да бедерлі сипаттармен табиғи əрі 
көркемдік келісім құрайды. 
Ал ТМД халықтары шеңберінде жарық көрген арнаулы 
жинақтардан мəдени-рухани алмасу мен жетістіктер, көркемдік 
иірімдері айқын аңғарылады. 
Олар: «Қазақ мақалдары» (Құраст.: Ə. Диваев. Ташкент, 1927). 
«Қазақ ақындары» - қарақалпақ, 1961. «Қазақ ақындары» - армян, 
1968; татар, 1968. «Қазақ əңгімелері» - армян, 1968. «Алтын дала» 
(қазақ ақындарының өлеңдері) - башқұрт, 1977. «Қазақ ертегілері» 
- молдаван, 1970; эстон, 1975. «Абай жері» (қазақ əңгімелері) - 
башқұрт, 1977. «Қазақстан ақындары»/ Құраст.: М. Мағауин. 
Л., 1978; «Аруана» (қазақ əңгімелері) - 1979. «Сарыарқа» (қазақ 
ақындарының өлеңдері) - қырғыз, 1988, т.т. 


183
Осы орайда, Қазақстан егемендігін алғаш мойындаған Түркия 
мемлекетіне қатысты жəне бір игілікті істі еске алу артық емес. 
Халықаралық ұйым - «Түріксой» (Түрік мəдениеті мен көркем 
өнерін бірге басқару бас мекемесі) түркі тілдес мемлекеттердің 
мəдениет министрлігінің Стамбул, Баку жəне Алматыда өткен 
жиналыста (1993, 12 шілде) құрылды. «Түріксой» мақсаты - 
түркі мəдениетін, көркем өнерін, тарихы мен басқа да рухани 
байлықтарын жариялау, насихаттау.
Түркістанда өткен түрік əдебиеті өкілдерінің халықаралық 
кеңесі (1993), онда қабылданған Декларация негізінде екі елде 
(Қазақстан, Түркия) поэзия фестивалі дəстүрлі өтіп келеді. 
Алғашқы фестиваль Түркияның Кония, Бурса қалаларында болды 
(1994). Мағжан, Абай күндері табысты өтті. 
Ойды ой қозғайды демекші, Түркияның Ізмер қаласындағы 
Егей университеті əдебиет факультетінің түрік тілі мен əдебиеті 
бөлімінің доценті Иауыз Ақпынар мырзаның хабарына қарағанда, 
Ататүрік елінің зиялылары Тұран халықтарының көне дəуірден 
қазіргі кезеңге дейінгі əдебиет тарихының көптомдығын жазып, 
бастырып шығармақшы екен. Көптомдық еңбектің құрылымы, 
жалпы сипаты туралы И. Ақпынар былай дейді: - Жұмыс төрт 
бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыттағы 13 том тек əдебиет 
тарихына арналады. Бұл томдарда мүмкіндігінше ауыз əдебиетінің 
барлық жанрлары, орта ғасырдағы жəне XVIII-XIX ғасырлардағы 
əдебиет, сондай-ақ қазіргі кезең əдебиеті толық қамтылады. XVIII-
XIX ғасырларға дейінгі əдебиет бүкіл түрік дүниесіне ортақ екені 
белгілі. Бір есім, бір шығарма атауы ескерусіз қалмауға тиіс. Сол 
13 томның соңғы бес томы жаңа кезеңдердегі Түркиядан тыс 
республикалардағы жекелеген түрік əдебиеттеріне арналады. 
Бірақ қай-қай елдің əдебиетіне де тұтас бір том арнау мүмкін емес. 
Сондықтан жекелеген əдебиетіне арналған материалдар үлкенді- 
кішілі очерк түрінде болады. Бұл 13 томда ақын-жазушылардың 
өмірбаяны аса көп сөз етілмейді, тек шығармалары əңгімеленеді. 
Өйткені, Түрік əлемінің бүкіл ақын-жазушыларының жыршы-
жырауларының, əдебиеттанушы ғалымдарының өмірбаяны 
екінші бағыттағы томдарда баяндалатын болады. Мұндай 
томдарда да жалпы саны 8- 10 болуы мүмкін.
Жұмыстың үшінші тармағы бойынша барлық түрік қауымдары 


184
əдебиеттерінің тəуір үлгілерінен тұратын антология немесе 
хрестоматиялар іспетті тағы да он шақты том дайындалады. 
Ал, төртінші сала - түрік халықтары əдеби терминдерінің 
салыстырмалы түсіндірмелі сөздігі. Бұл да бірнеше томдық еңбек 
болатын сияқты. Мысалы, «дастан», «поэма» ұғымдарын алайық. 
Əзірбайжан тілінде дастан термині «поэма» мағынасында 
қолданылады. Түркия түріктерінде мұндай ұғым жоқ. Қазақтарда 
«поэма» кейінгі жазба əдебиетке ғана қатысты ұғым. Қысқасы, 
жұмыстың əр саласы, əр томы түрік дүниесінің арасындағы 
ынтымақты, бірлікті нығайтуға қызмет етуі тиіс.
Еңбектің барлық томы Түркия түріктерінің тілінде жарық 
көреді. Сондықтан жер-жерде, ел-елде дайындалған материалдың 
бəрі түрік тіліне аударылып отырады. Үшінші бағыттағы 
томдардың, яғни антологиялық томдардың материалдары да 
түгел аударылады. Əр томның көлемі 350-400 беттей. Демек, 
жұмыс өте үлкен...» («Қазақ əдебиеті», 1995 жыл, 5 қыркүйек).
Көңіл қуанатын жəне бір жəйт - көптомдық еңбек екі жылда 
аяқталып, оған жұмсалар барлық шығынды Түркия мемлекеті 
мойнына алған. Осы тұста еске алсақ, Анкарадан жарық көрген 
«Түркиядан тыс тұратын халықтар əдебиеті» сериясымен қазақ 
əдебиетінің – 2.700 жылдық антологиясы екі кітап түрінде жарық 
көрді // «Қазақ əдебиеті», 2006, 14 шілде //. Бұл да көңілді өсіреді. 
Жаңа ізденістерге бастайды.
Қазақ əдебиетінің шетел тілдеріне аударылып, насихатталу 
ісіне Қазақ мемлекеттік авторлық жəне сабақтас құқықтар 
агентігінің (ҚазМАСҚА) қосып келе жатқан елеулі үлесі бар. 
«... агенттікте барлығы 37 мыңнан астам автор тіркелген. Олардың 
ішінде Қазақстанның 1689 авторы, атап айтсақ, 241 драматург, 
87 аудармашы, 436 сазгер, 448 эстрадалық текст авторы, 471 
суретші бар» («Егемен Қазақстан», 1995 жыл, 5 қазан). Аталмыш 
агенттік дүниежүзілік интеллектуалдық ұйымның қамқорлығы-
мен «Орталық Азия аймағында авторлық жəне сабақтас 
құқықтарды қорғау» деген тақырыпта халықаралық семинар 
өткізіп (1995, 28-30 маусым), онда осы бағыттағы мүдделес 
мекеме, сала қызметкерлерін өркениетті елдер іс-тəжірибесімен 
таныстырып, авторлық-шығармашылық құқықтың қыр-сыры 
кеңінен сөз болды («Қазақ əдебиеті», 1995 жыл, 18 шілде). Ең 


185
негізгісі, достық қатынас пен рухани байланыстарды нығайтуға 
оң қадамдар жасалды. 
Көркемдік даму бағыты мен рухани байланыс арналарының 
бір саласы - шетелдердегі Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу 
орталықтарының жұмысы болып табылады. Мысалы, Гарвард 
университетінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік елдерінің 
азаматтық қозғалысымен, отаршылдық сипатын, ұлтаралық 
мəселелері бойынша арнайы топ (С. Зенковский, М. Риквин, Дж. 
Хаф, Н. Хир, т.б.) жұмыс істеген. 
Колумбия университетінің орыс институтында Орта Азия мен 
Қазақстан халықтары тілдері мен мəдениеті факультеті бар. Ал, 
Калифорния университетінде осы елдердің тарихы мен əдебиетін 
оқып-үйренуге ерекше көңіл бөлінген. 
Сондай-ақ, Германияда Орта Азия мен Қазақстанды зерт-
теу ісінде профессор Герхард фан Менден есімі құрметпен 
аталынады. Франциядағы Азия қоғамы, Түркиядағы түрік 
мəдениетін зерттеу институттары мен Африкада «Орыс Орта Азия 
қазақтарының фольклоры мен əдебиеті» (Т. Веннер), Польшада 
«Поляк əдебиетінің қазақ бұлақтары» (Ю. Гжеляк), «XIX 
ғасырдағы поляк əдебиет зерттеушілерінің қазақ фольклорымен 
шұғылдануы туралы жаңа еңбектер» (Ян. Рейхман), Швецияда 
«Түркия қазақтары» (М. Кришинер) секілді кітаптардың жарық 
көріп, онда қазақ халқының өмірімен бірге əдебиеті, мəдениетінің 
арнайы сөз етілуі маңызды факторларының бірі. Сондай-ақ, неміс 
ғалымы жəне аудармашысы Х. Ахмет Шмидт түрік əлемінің 
ортақ мұрасы «Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне аударып, оны 
«Анадолы» баспасы «Деде Коркуртс бух» деген атпен жарыққа 
шығаруы («Ана тілі» апталығы, 1995 жыл, 5 қазан) да қазақ 
халқының рухани өміріне оң көзқарас, құштарлықтың белгісін 
танытса керек.
Бұған қоса, «Қазақ əдебиеті жəне оның интернациональдық 
байланыстары», «Қазақ əдебиеті шетел сынының бағалауында», 
«XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ-еуропа бай-
ланыстары», «Шетелдік достар Қазақстан жайында», т.т. же-
келеген еңбектерден қазақ халқымен қоса əдебиетіне, мəдениет 
тарихына қатысты көзқарас, достық ілтипат, сезімдер сезіледі. 
Бір ғана ГДР-да шыққан «Совет əдебиеті халықтарының 
13–1036


186
əдебиеттері» (Лейпциг, 1967), «Совет əдебиеті жөніндегі 
анықтама (1917-1972)» т.т. еңбектерде қазақ əдебиетіне қатысты 
бөлім, талдаулардың берілуінің өзі халықтар арасындағы достық 
қарым-қатынастың кең көлемде арна алғанын, əрі рухани-мəдени 
мұраға деген шынайы сезім-сүйіспеншілікті де терең танытады. 
Сондай-ақ, «Достық кемесінде» (Р. Бердібаев (1976), 
«Взаимо 
связи и взаимодействие национальных культур» (М., 
1961). «Восток-Запад» (Исследования. Публикация. Переводы. 
М., 1982,1985,1988), «Сравнительное литературоведение: Восток 
и Запад».Л., 1979; «Казахские литературные связи». Алматы, 
1968; «Межнациональные связи казахской литературы». Алматы, 
1970; «Казахско-европейские литературные связи XIX и первой 
половины XX века» (Сатпаева Ш. - Алматы, 1972), «Достық 
дастандары» (Сатпаева Ш. Алматы, 1983); «Казахская литература 
и Восток» (Сатпаева Ш. - Алматы, 1982), «Казахстан-Франция» 
(Маданова М. - Алматы, 1993), «Абай и его литературные 
наследники во Франции» (французские авторы о литературе 
Казахстана. Алматы, 1995); «Қазақтар шетел əдебиетінде» 
Есмағамбетов К. (Алматы, 1994), «Шетел қазақ əдебиеті» 
Сейітжанов З. (1995) секілді еңбектер мен бірқатар баспасөз 
материалдарынан, атап айтқанда Е. Ыдырысов пен В. Толмачевтің 
«Казахстан в зарубежной печати» («Агитатор Казахстана», № 12, 
Алматы, 1989). А. Нысалиннің «Альпі асқан Ақжүніс» («Қазақ 
əдебиеті», № 47.Алматы, 1987). Ш. Сəтбаеваның «К изучению 
взаимосвязей литератур» (Изв. АН КазССР. Серия филолог. № 4. 
1974). «Сведения о казахском народе в многотомном исследовании 
французского писателя XVIII века» (Изв.АН КазССР. Серия 
филолог. №3. 1986). т.т. əдебиеттер байланысынан өзге қазақ 
халқының алыс-жақын шет елдермен мəдени-рухани, достық 
қарым- қатынастары, сондай-ақ осы ел жөнінде шетел ғалымдары, 
жазушылары мен жиһанкездерінің ой-пікір, көзқарастары, т.т. 
терең танылады. Осы орайда, Р. Бердібаевтың «Кəусар бұлақ» // 
1989 //, Ш. Сəтбаеваның «Уақыт шуағы» //2000// т.т. еңбектерде 
қазақ əдебиетінің халықаралық байланыстары, ұлт руханияты-
ның қайнар көздері, танымал тұлғалардың орын-үлестері кеңінен 
көрінеді.
Бұдан басқа, «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты көптомдықтағы 


187
– «Қазақ əдебиетінің халықаралық байланыстары» атты зерттеу 
мақала // А, 2006. 407-421 беттер //, «Қазақ əдебиетінің халық-
аралық байланыстары» // жинақ //, «Тəуелсіздік кезеңіндегі қазақ 
əдебиетінің халықаралық байланыстары» //монография // т.т. 
еңбектер ұлттық сөз өнерінің өріс-өресін,жазылу мен жариялану, 
насихатталу мен таралу тарихын да терең таныта түседі.
Қазақстан ақын-жазушыларының өмірі мен қаламгерлік 
қызметтері хақында жəне алыс-жақын шет елдеріне аударылуын 
жүйелі ізге түсіріп, арнайы кітап (жинақ) үлгісінде жарық көруін 
игілікті іс, маңызды еңбек деп білеміз. Бұл бағыттағы Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Кітапханасы мен Кітап палатасының 
«Қазақстан қаламгерлерінің шығармалары əлем халықтары 
тілдерінде» (1934-1985 жылдары. Алматы, 1989) жəне «Қазақстан 
КСРО шетел баспасөзінде» (жыл сайын шығады), «Казахстаника» 
(1967 жылдан бастап тоқсан сайын жарық көріп келеді) секілді 
анықтамалық қызмет атқаратын кітаптардың (жинақтардың) 
берер дерегі де, көмегі де көп.
Тұтастай алғанда, Абай айтқандай: «Досы жоқпен сырлас, 
досы көппен сыйлас» болу борыш болса, Жамбылдан жеткен: 
«Ел менен ел достасқан, Ғасыры туды адамның» деуінде шындық 
бар. Тəуелсіздік талаптарын баянды ету жолындағы Қазақ елінің 
достық пен туысқандық, бауырмалдық бағытындағы жүргізіп 
отырған саясаты қолдауды да, құрметтеуді де қажетсінеді. Бұған 
қоса Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылып, жер-жерде 
ұлттық-мəдени орталықтарының жан-жақты жұмыстар жүргізуі - 
ел амандығы мен жердің бүтіндігін, халықтар достығын сақтаудан 
туған кəделі істердің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет