Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет2/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3(5 қаз) 
Қ 22


3
КІРІСПЕ
Тəуелсіздік – тарихы терең, тағылымы мол қасиетті де қас-
терлі ұғым.
Тəуелсіздік – əлеуметтік сипаты айқын, тарихи маңызы зор, 
мəдени-рухани құндылықтарға толы, терең мəнді, кең өрісті 
айшықты əлем.
Тəуелсіздік – азат елдің еркіндігін, тарих пен танымның то-
ғысын, əр түрлі байланыс пен дамудың қайнар көзін алуан арнада, 
кең көлемде көрсететін қымбат қазыналар қатарына жатады.
Тəуелсіздік – ұлт мұраты, елдік мүдденің қайнар көзі, 
халықтың арман-аңсарларының шежірелі сыры, дəстүр өнегелері 
мен ұрпақтар жалғастығының үлгілі үрдісі, қысқасы кешеден-
бүгінге жеткен қазыналы биік!
Бағаналы орда, бақ мекен!
Ұлт мұраты, тарихы мен тағылымы тым тереңге тартады. Алуан 
дерек көздері мен мол материалдар арқауынан сыр суыртпаласақ, 
ілкі кезеңдердің өзінде-ақ ел болудың, халық ретінде ұйысудың, 
азаттыққа құштарлықтың алғышарттары қаланғаны анық. Тарих 
тағылымы, уақыт бедері осыған мегзейді.
Арыдағы арналардан жеткен шындыққа суарылған шынайы 
сырлар да бар: «Бұл дүниеде ұмытуға болмайтын бір нəрсе бар. Егер 
сен басқаның бəрін ұмытып, бірақ осыны ұмытпасаң, алаңдауға 
себеп те болмас еді. Алайда, өзге істің бəрін жадыңда ұстап əрі 
жүзеге асырған болсаң, бірақ ең бастысын ұмытып кетсең, бұл 
түк бітірмегенмен барабар. Сен бұл өмірге мақсатты тірліктерді 
тындыруға келдің жəне алдағы міңдетің де сол. Егер осыны 
орындамасаң, онда ештеме істемегенің» //Жалал ад-дин Руми//.
Немесе: «Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғандары 
өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып 
табылады, ал азаматтары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне 
отыратын қоғам - қайырымды қоғам» //Əбу Насыр əл-Фараби//.
Жоғарыда келтірілген үзінділер мен үзік ойлардан – 
адамзаттың арман-аңсарлары, мақсат-мұраттары танылады, əрі 


4
игілікті іс, ізгілікті қадамдар хақында кемел де келелі жайттар 
арқау етіледі. Ақиқатты ту ету, соған батыл бетбұрыс бар. Өмір 
мұраты мен шындығы осыған саяды.
Ал, мұның өзі түптеп келгенде ұлт тəуелсіздігінің 20 жыл-
дығынан, осы кемел кезеңге қатысты ҚР Декларациясынан 
кеңі нен көрініс тапты. Атап айтқанда, онда: «...Қазақстан демо-
кратиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, 
халқының əл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет 
ретінде қалыптасты.
Этносаралық, конфессиаралық келісім мен төзімділікті қам-
тама 
сыз етудің өзіндік үлгісін іске асыру нəтижесінде жəне 
хал 
қымыздың ұлтжандылығының арқасында елдің ішкі саяси 
тұрақтылығы мен қалыпты əлеуметтік-экономикалық өсуіне қол 
жеткізілді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жалпыға ортақ қағидат-
тарына адалдық, жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту
ықпалдастық байланыстарды тереңдету қадамдары еліміздің 
əлемдік қоғамдастықта жоғары беделге ие болуына септігін 
тигізді», - деп атап көрсетілді. Басым бағыттарға назар аударыл-
ды (мысалы, Ата Заңның қабылдануы, «Қазақстан-2030 даму 
стратегиясы, азаматтық қоғам институттары, ішкі-сыртқы сая-
си тұрақтылық қоғамдағы отаншылдық идеологиясы, адам құ-
қықтары саласындағы халықаралық стандарттарға қадам жасау, ел 
экономикасының серпінді дамуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету, халықаралық ұйымдарға төрағалық ету (ЕҚЫҰ, НЫҰ), 
ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшыларының 
қатарына ену т.с.с.). – ҚР Мемлекеттік тəуелсіздігінің 20 жылдық 
Декларациясы. – «Егемен Қазақстан», 2011, 12 желтоқсан.
Кемел ой, орнықты пікірді ұлт мақтанышы, профессор 
М. Жолдасбеков былай білдіреді: «Қиядан ұшса қияғы күйетін, 
құлан жортса тұяғы тозатын шетсіз-шексіз байтақ өлкемізге 
тəуелсіздік өздігінен келген жоқ. Біздің халықтың əулеті асып, 
дəулеті тасыған дəурені де бар, басынан бағы тайып, тар заманға 
тап болған қиялы кезеңі де көп. Сол сияқты «мың өліп, мың 
тірілген» халқымызға армандаған азаттық таңы талықсытып 
барып жетті, бұл жолда талай қан төгіліп, жас боздақтар қыр-
шынынан қиылып, шейіт кетті.


5
...Қазақ мəдениетінің тамыры терең ғой. Əуелі соны аршып 
алуды ойладық. Ақ алмастай асылдарымыздың əзіз есімін 
əспеттеп, қадір-қасиетін өзіміз тану, өзгеге таныту, оларды 
ардақтау, қастерлеу – біздің елдік əрі перзенттік парызымыз деп 
білдік. Сосын көздң жұмып, білек сыбанып, «бісміллə» деп, 
істі қазақ мəдениетінің жабулы жатқан Шəкəрім Құдайбердиев, 
Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, 
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды арыстарын, 
жарық жұлдыздарын халықтың өзіне қайтарудан бастадық. Осы-
ған орай, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы 
1988 жылдың 28 желтоқсанында А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев 
жəне Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық 
һəм əдеби қызметтер жөніндегі тарихи шындықты қалпына 
келтіру керек деген шешім шығарды. Көп ұзамай өзге алаш 
қайраткерлері туралы да осындай ұйғарымға келдік. Осылайша, 
халықтың арқасында қазақ мəдени аспанының жұлдыздары 
түгенделіп, бұрынғыдан да жайнай түсті.
Тəуелсіздік алар тұста атқарылған істердің үлкен бір парасы 
ретінде тарихи сахнадағы сілікіністі, рухани өзгерісті атар едім. 
Бодандық қамытын киір, отаршыл саясаттың салдарынан езіліп 
қалған елдің еңсесін тіктеу үшін оның сансыраған санасын, 
қалғып бара жатқан рухын ояту мақсатында бабаларға арнап 
ас берілді. Батыр Бауыржанның, Ахмет Байтұрсынов пен 
Міржақып Дулатовтың тойлары өтті дүркіреп. Одан кейін іле-
шала республика деңгейінде Бөгенбай, Қабанбай, Сыпатай 
батырлардың тойларын атап өттік. Осы орайда атап кетерлік жайт, 
біздің қазақ – өзінің жеріндей кең əрі байтақ, көнбіс əрі кешірімшіл 
халық. Біз кейде өз жерімізді елі үшін жанын қиған батырлардың 
атымен емес, жауласқан елдің батырларының атымен атайды 
екенбіз. Жер қайысқан қол бастаған азаттық үшін басын бəйгеге 
тіккен батырлардың есімін ұлықтап, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету үшін 
бұл тойлардың маңызы зор болды...
Əрине, мұның бəрін бірдей сары майдан қыл тартқандай 
қылаусыз атқардық деуден аулақпын. Жолсыз шоқалақпен жүр-
дік деуге келеді. Жариялылық, демократия, жаңғыру деген ай-
қайды пайдаланып, əр түрлі партиялар əр жаққа тартып, бұдан 
тіршілігімізде жоқ митингілер, аштық жариялаулар болып жат-


6
қанда елді ұйыстырып, оны жаңа белеске көтеру, əрине оңайға 
түскен жоқ. Əсіресе, еліміз тəуелсіздік алып, қаз-қаз тұрған нəрес-
тедей бойын енді тіктеп жатқан тұста көп тер төгуге, қыруар 
жұмыс істеуге тура келді. Ел болып, етек жауып, ірге біріктіріп, ұлт 
ретінде ұйысудың жолын қарастырдық» //Жолдасбеков М. Сөзді 
ұғатын кез келді. – Астана: Күлтегін, 2007. – 119, 120, 122 беттер//.
Азаттық аңсаған еркін елдің алғашқы қадамы, кемел келешекке 
бағытталған іргелі істердің ұлт мұраты мен руханият жүзіндегі 
мыңнан бір дəлел, дерегі осы еді.
Тəуелсіздік – кең ұғым. Қуанышты да салтанатты, сырлы 
сезімге толы айшықты əлем. Көп қатпарлы, сан арналы да 
күрделі құбылыс.
Ал, əлеуметтік мəні, қоғамдық маңызы, халықтық сипаты 
тұрғысынан қарасақ:
– бағзы замандардағы ру-тайпалардың қарым-қатынасы, ішкі-
сыртқы жаулардан қорғануы, азаттық-бостандық жолындағы 
еркіндікке ұмтылыстары кеңінен көрінс береді;
– тұтас ұлт пен ұлыстың, халықтардың арман-аңсарлары, өмір-
тұрмыстары, тарихы мен тағдыр-талайлары терең танылады.
– ілкі дəуірлерде өмір сүрген батыр бабаларымыз бен би-
шешендеріміздің болмыс-бітімі бөлек тұғырлы тұлғалары, ақын-
жыраулар мен сал-серілердің өрнекті өмір, орамды ойлары кең 
орын алады;
– арғы арналардағы сырлы шежірелер, тарих қойнауларындағы 
əдеби-мəдени жəдігерлер, қилы кезеңдердегі қуғын-сүргін, алапат 
аштық, зобалаң зардаптары, т.с.с. жан-жақты байқалады.
Асылы, ұлт мұраты, тарихы мен тағылымы, азаттық пен 
бостандыққа құштарлық, ел-жерге сағыныш пен сүйіспеншілік, 
адам өмірі һəм еңбегіне құрмет пен тағзым, руханият ісінің басқа 
да маңызды мəселелері əп кезде-ақ қазақ зиялыларының басты 
назарында болған-ды//мысалы, Əл-Фараби, Қ. А. Ясауи, Бұқар, 
Махамбет, Дулат, Шоқан, Ыбырай, Абай, М. Шоқай, А. Бай-
тұрсынов, Ə. Бөкейханов, М. Дулатов. М. Жұмабаев, Ж. Ай-
мауытов, М. Əуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т. Рысқұ лов,
С. Сəдуа қасов, С. Сейфуллин, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, Е. Бек -
маханов, Қ. Мұхамедханов, М. Қозыбаев, З. Ахметов, Р. Бердібай, 
М. Базарбаев, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, Ш. Мұртаза, М. Жол-


7
дасбеков, Ə. Кекілбаев, А. Айталы, С. Əбдірахма нов, Х. Əбжа нов, 
Ғ. Есім, О. Сүлейменов, А. Смайыл, М. Шаханов, т.б.//.
Қысқа шегініс жасасақ, қазақ руханиятының бағзы за-
ман 
дардағы бедерлі белгілері, ұлттық дəстүр үлгілерінің өр-
некті, үлгілі үрдістері, даму бағыт-бағдарлары да өзіндік 
өзгешеліктерімен назар аудартады. Оның өзі, ғалым С. Қасқабасов 
айтқандай, барынша бедерлі, аса мəнді болып табылады: «Адам 
баласы ес біліп, қауым құрып, саналы ғұмыр кеше бастағаннан 
бері тек күнкөріс үшін ғана қорек іздеп, тамақ табумен 
шектелмеген. Ол өзінің жұпыны тіршілігін рухани жағынан да 
көріктендіру мақсатын көздеген, сөйтіп өз түсінік-пайымына 
сəйкес өнер, əдебиет жасаған, алуан түрлі ғұрыптар мен наным-
сенімдер туғызып, тұрмыста қолданған. Ежелгі замандағы тасқа 
салынған суреттер мен қашалып жазылған мəтіндер, қилы-қилы 
мифтер мен əпсаналар, қыш пен қолжазба түріндегі кітаптар, т.б. 
– бұлардың бəрі адамзат тарихының əр дəуірлеріндегі руханият 
екені белгілі. Өмірде қандай өзгерістер, небір төңкерістер, қырғын 
соғыстар, сұрапыл апаттар болса да мұндай жəдігерліктер ұшты-
күйлі жоғалып кеткен емес. Оларды бірінен кейін бірі ауысып 
отырған ұрпақ та, қоғам да, мемлекет те жинап-теріп, зерделеп, 
өз қажетіне жаратып отырған. Осындай істерді біздің арғы 
бабаларымыз да, түркі заманындағы, одан кейінгі аталарымыз да 
назардан тыс қалдырмай, шама-шарқынша атқара білген. Бұған 
біз əдебиет пен өнер тарихын зерттеу арқылы көз жеткізе аламыз.
Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқының жазуы, əдебиеті 
болмаған, тек Октябрь революциясынан кейін туып, дамыған, 
сол себепті қазақ əдебиеті «младописьменная литература» деп 
бағаланып келгені баршаға аян. «Жоқ, олай емес, бізде ежел-
ден əдебиет, мəдениет болған» деп қазақ фольклорын, əде-
биет тарихын, өнерін зерттеген оқымыстылар қуғын-сүр-
гін 
ге ұшырағаны да елге мəлім. Осындай жағдайдан кейін 
«младописьменная литература» деген анықтамаға намыстанып 
жүрсек те, іштен тынып, «жуа сыған» күй кешкеніміз де жасырын 
емес. Құдай жарылқап, ата-бабаларымыздың, бəріміздің тілегіміз 
қабыл болып, аңсаған Тəуелсіздікке қол жетті» //Заман жəне 
руханият. – «Егемен Қазақстан», 2009, 21 қазан//.
Тəуелсіздік тұсында – білім-ғылым жүйесі жан-жақты да-


8
мыды. Жаңа бағыттар айқындалды. Сапалық өзгерістер де 
бай қалды. Бұған қатысты профессор Ж.Түймебаевтың көз 
қа-
рас, түйіндерінің негізі бар: «Қоғамтанушылардың, саясат-
танушылардың зерттеулеріне қарағанда, ХХІ ғасырдың білім 
беру саласы төмендегідей негізгі үш ерекшелікке ие болады: 
біріншіден, адамдар өмір бойы алған білімдерін жаңғыртып, 
дамытып отырады; екіншіден, оқушының ерекшелігіне орай 
білім беріледі; үшіншіден, білім беру халықаралық деңгейде іске 
асырылады. Бір сөзбен айтқанда, білім табанды бəсекеге сəйкес 
лайықты жұмыс істеуге бейімделеді...
Халықаралық деңгейдегі білімнің басты бір ерекшелігі – 
күшті нарықтық бəсекеге қажет кадр даярлау ісі болса керек. Ал 
бəсекеге қабілетті болудың алғышарты оның ішкі механизмін 
қалыптастыратын жүйе құру деген сөз. Бұл тақырыптағы 
мəселенің мəнісі осы жайтқа байланысты күрделене түседі.
Бүгінгі таңда отандық білім берудің ұлттық моделін құруға 
байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал бұл мəселе 
төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп 
жатқанына он шақты жыл болып қалды. Бүгінде осыған орай 
республикамызда заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық база 
қайтадан құрылды. Нақтылай түссек, Елбасының тапсырмасына 
орай халықаралық стандарттарға сəйкестендірілген қазақстандық 
білім беру жүйесіндегі реформалар жұмыс істей бастады.
Мысалы, білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартудан 
басқа, жоғары білімді мамандарды дайындаудың үш сатылы 
моделін – бакалавриат – магистратура – доктарантура PhD 
– қа 
былдау мен білім беру жүйесін жаңаша басқару үрідісі 
қалыптасты...
Халықаралық жəне қазақстандық білім беру бағдарламаларына 
кіріктірілген осы күнгі оқу үш деңгейде жүргізіледі: бастауыш 
мектеп – негізгі орта мектеп – жоғарғы мектеп. Бұл үштұғырлы 
білім жүйесі бірін-бірі толықтырып отыруға тиіс. Онсыз білім де, 
тəрбие де өз нəтижесін береді дегенге сену қиын...
Елдің интеллектуалдық капиталы тек қана білім арқылы ғана 
көрінетіні белгілі. Ал білімде серпіліс болмаса – инновациялық 
дамуда серпіліс болмайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан 
қазақстандық университеттер «білім экономикасы мен əлеуетінің» 


9
ұйтқысы, елдің инновациялық дамуының катализаторы болуға 
тиіс. Мұндағы айтпағымыз, əлемдегі жалпы білім мен ғылымның, 
мəдениеттің ең соңғы тоғысатын жері – жоғары білім. Баршаға 
мəлім, бізді қоршаған əлем үнемі өзгеріс үстінде дамып отырады. 
Ол қаншалықты күрделенген сайын əрқашан оны шешетін 
жаңа мүмкіндіктерге өріс ашылып отырады. Бұл жағдай, сөз 
жоқ, студенттерден дүниежүзілік деңгейде мойындалатын сапа 
белгісінің болуын талап етеді. Біздің «халықаралық стандарт» деп 
жүрген өлшемдер – осы сапаның түрлі жағдайдағы көрсеткіші 
мен белгісі іспетті» //Елбасы жəне Қазақстан білімі. – «Айқын», 
2010, 22 маусым//.
Тəуелсіздік тұсында – елдік мұраттарға, тарих тағылымына, 
руханият ісіне көп көңіл бөлінді. Алаш мұраты, ұлттық мүде 
жолындағы қайраткер-қаламгерлер мұрасы, елдік сыр-сипаттары 
жоғары қымбат қазына, құндылықтарымызды жинап-жүйелеу, 
зерттеп-зерделеу жұмыстары жаңа бағыт, көзқарастарға негіз-
деліп, соны серпінмен қолға алынды. Еліміздің біліми-ғылыми 
əлеуеті, оқу-зерттеу орталықтары жаңа уақыт тынысын, талап-
тілектерін жоғары жауапкершілікпен сезініп, ортақ мұрат, игілікті 
іске белсенді араласты. Айталық, ҰҒА М. Əуезов атындағы 
Əдебиет жəне өнер институты Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, 
М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытұлы т.б. өмір мен 
шығармашылығын жеке кітап, көптомдықтар үлгісінде жарыққа 
шығарды. Бұдан басқа, атап айтқанда, «20-30 жылдардағы қазақ 
əдебиеті» (1997), «40-50 жəне 60-жылдардағы қазақ əдебиеті» 
(1998) сынды жаңаша бажайлау бағытындағы еңбектер жарық 
көрді. «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша – «Бабалар сөзі», 
«Əдеби жəдігерлер», «Қазақ əдебиетінің тарихы», «Музыка анто-
логиясы», «Қазақ өнерінің тарихы» т.т. іргелі ізденіс пен жаңа 
көзқарастарға, зерттеу мен зерделеулерге негізделген кітаптар 
қалың көпке жол тартты.
Қазақ əдебиеті мен мəдениеті, тарихы мен тағылымы – «Ел-
тұтқа», «Елорда», «Алаш қозғалысы», «Қазақ əдебиетінің халық-
аралық байланыстары», «Азаттықтың өшпес рухы», «Елібай», 
«Ежелгі Үйсін елі», «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихы», «Қазақ 
əдебиеті», «Қазақ мəдениеті» //энциклопедиялық анықтамалық//, 
«Отырар кітапханасы» сериясы (100 кітап) т.т. ұжымдық 


10
еңбектерде, оқулық пен оқу құралдарында кең орын алды. Елдік 
мүдде, ұлттық құндылықтар, əдеби-мəдени байланыс арналары 
жаңа көзқарас тұрғысынан байыпты бағаланып, арғы-бергі 
кезеңдер шындығы, азаттық-еркіндіктің мəн-маңызы, тарихтың 
тағылымды тұстары, тағдырлар талқысы мен тоғысы, тұлғалар 
табиғаты мен тағылымы т.т. жүйелі жеткізіледі.
Бұдан басқа бірсыпыра еңбектерде (мысалы, С. Əбдірах-
мановтың «Қашаған құрықтаған Қазақстан», Х. Əбжановтың «Қа-
зақстан: тарих, тіл, ұлт», Ə. Ахметовтың «Түбі түркі өркениет», 
А. Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың ауызша та-
ри хы», Ж. Бейсенбайұлының «Шоқан», А. Ісімақованың «Алаш 
əдебиеттануы», т.т.) ұлт мұраты, тарих пен таным, руханият ісінің 
түйінді тұстары, келелі мəселелері кеңінен қозғалады. Демек, бұдан 
байқалатыны: «Əдебиет құдіреттілігі – көркем сөздің, оның иесінің 
жаны мен қаны ұлт рухынан жаратылғанында. Не заман тусын, 
айтқан сөзі халық сұранысына, халық тілегіне сəйкеседі. Сəйкесіп 
қана қоймайды. Тəуелсіздік тілегінің қай проблемасы дер кезінде 
шешілмей жатса, жауапкерін тауып айқасады да» //Елеукенов Ш. 
Тəуелсіздік тауқыметі. – «Ақиқат», 2010, №8. – 46 бет//.
Ұлт тəуелсіздігі – руханият əлеміне кең өріс ашты. Ел мақ-
та 
ныштары – Абай, Жамбыл, М. Əуезов, С. Мұқанов, Қ. Сəт 
-
баев, Ғ. Мүсірепов, т.б. есімі мен еңбектері – ЮНЕСКО 
шеңберінде төрткүл дүниеге танылды. ХХ ғасыр басында Алаш 
ардақтыларының қуғын-сүргін, зобалаң-зардапқа тап болуы, 
1931-1933 жылдардағы алапат аштық, зұлымдық-зомбылықтар, 
Арал-Балқаш тағдыры, Желтоқсан оқиғасы т.с.с. қоғамдық өмірде, 
руханият ісінде өзіндік өрнегін, ұнамды сипаттарын тапты.
Ел тəуелсіздігінің əлем картасынан орын алуы (1991, 16 жел-
тоқсан), Астананың Ақмолаға көшірілуі (1997, 10 желтоқсан), 
«Қазақстан 2030» Даму стратегиясының жүйелі жүзеге асуы, 
«Қазақ елі» монументінің асқақ бой көтеруі – егемендектің 
ерекше белгі-бедерлері болып табылады. Жарқын жобалар 
– «Мəдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Болашақ» 
бағдарламалары, «Ас 
тананың жаңа университеті», «20 
интеллектуалды мектеп», т.т. болашақ бағдарын айқындады. 
Кемел келешекке қарышты қадам болды.
Қазақстанның Азия мен ТМД мемлекеттерінің арасында 


11
алғаш рет Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына 
төрағалық етуі (2010), Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитінің өтуі (2010, 
1-2 желтоқсан) əлемдік маңызы зор айрықша факторлардың бірі. 
Ақиқатында: «Қазақстанның тəуелсіз, егемен ел болуы – біздің 
жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды 
бұ
рынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес 
зерттеп, ұлтымыздың тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтыл-
ғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, бүгінгі 
еге мендікке жетуіміздің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы 
ұлтпен, ұлт мəдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің 
əдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды 
керек етеді...
Əдебиет – сөз өнері. Оны терең ұғынбай, əдеби шығармаға баға 
беру қиын. Жаңа зерттеуде бұл қатты ескерілуге тиіс. Əдебиеттің 
өзіндік заңдылықтары мен өмір сүруі, көркемдік ерекшеліктері 
басты назарда болуы керек. Əдебиет адам баласына ой саларлық, 
көркем ғибрат берерлік мектеп болса, өз міндетін орындағаны. 
Кеңес тұсында да осы міндетті атқаруға тиіс еді, бірақ белгілі 
ықпалдың күшімен таза идеологияға көбірек бой алдырды. 
Көркемдікпен ұғылатын дүниелер тікелей үгітпен жасалды. 
Əдебиет шығармаларын талдау үстінде мұны да ойға ұстаған 
абзал» //Қирабаев с. Кеңес дəуіріндегі қазақ əдебиеті. – Алматы: 
Білім, 1998. – 5, 7 беттер//.
Бұдан, сөз жоқ, ұлттық əдебиет дамуының өткен кезеңдерімен 
қатар, келешек бағыт-бағдарлары, зерттеу мен зерделеу ісі де 
айқын аңғарылады.
Ал, «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты көптомдық еңбектің 
– «Тəуелсіздік кезеңі» (1991-2001 ж.ж.) қарастырылатын 
10-томының бастапқы бөлігінде əдеби дамудың белгі-
ерекшеліктері, қалыптасу заңдылықтары мен зерттеу бағыттары 
төмендегіше айқындалады: (10 том, 11-12 бет)
Осы ретте келгенде, «Қазақ əдебиетінің тəуелсіздік кезеңі» 
атты оқу құралының басты мақсаты мен міндеттеріне төмендегі 
жайттарды жатқызамыз:
- тəуелсіздіктің тарихы мен тағылымы кеше һəм бүгін байланысы 
арқылы жүйелі жеткізіледі;
– ұлт тарихында, ел мүддесі жолында жасалып жатқан 


12
жасампаздық істер, ізгілікті қадамдар елдік мүдде мен руханият 
аясында, қазіргі кезеңнің шындықтары тұрғысында сөз етіледі;
– ұлттық сөз өнерінің жетекші жанрлары (поэзия, проза, 
драматургия т.т.) ондағы тақырыптық-стильдік ізденістер, 
көр кемдік-эстетикалық құндылықтар, поэтикалық арналар, 
тілдік мүмкіндіктер, т.с.с. тəуелсіздік пен руханият үндестігі, 
дəстүр мен сабақтастық бағытында кең өріс алып, бүгінгі күн 
талаптарына, əдеби үдеріс сипаттарына байыпты бағалау мен 
түйінді тұжырымдар жасалады;
– аударма мұратының мəн-маңызы айқындалып, түпнұсқа 
табиғатына, қолжазба мен қолтаңба мəнеріне, жазушы еңбегі 
мен шығармашылық қырларына, көркемдік құпиясына көп көңіл 
бөлінеді;
– əдебиеттану мен сын саласы əдеби үдерістің бағыт-бағ-
дарын басшылыққа алып, қазіргі кезеңдегі зерттеу жүйесін, 
басты тақырып пен өзекті мəселелерді арқау еткен туындыларды, 
ондағы жанр мен жауапкершілік жүгін, көркемдік құпиясына 
қатысты таным арналарын, тілдік-стильдік айшықтарды байыпты 
айқындайды;
– сатира сипатынан əлеуметтік-қоғамдық құбылыстар, ақи қат 
пен əділдік арналары, жаңа салт, үздік дəстүрлер рухы, игілікті 
істер мен ізгілік жолы, адам мұраты мен еңбегі, өмір-тұрмыстың 
əр қилы қырлары, тəлім-тəрбие сырлары сабақтастық сипатта 
өріс алады.
– фантастика парасатынан жанр жүйесі, əр алуан ғылымдар 
байланысы, адам мұраты, қиял көкжүйегі, əлем кеңістігі, жанды-
жансыз кейіпкерлер əрекеті, адамзат жетістіктері, ғылым мен 
техниканың мүмкіндіктері, фольклор мен ондағы мотивтер, қа-
зіргі кезең мен кемел келешектің көріністері ақиқатты арқау етеді. 
Адам еңбегі, өмір-тұрмысы, ақыл-парасаты шынайы шындыққа, 
мүмкін жайттарға негізделіп, ғалам ғажайыптарының қыр-сыры 
жан-жақты ашылады.
– «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы (2004 жылдың 
ақпанында бекітілген) арғы-бергі кезеңдердегі қоғамдық-
тарихи, əдеби-мəдени мұраларды жинап-жүйелеп, жариялау ісін 
қамтамасыз етеді. Осының негізінде ұлттық тарих пен мəдениет 
мəселелеріне, əдеби-мəдени һəм сəулет ескерткіштеріне, архео-


13
логиялық зерттеулерге, елдік мұрат пен руханият ісіне көп көңіл 
бөлінеді. Ежелгі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары, 
археологиялық зерттеулер, ұлттық һəм əлемдік ақыл-ой алып-
тарының еңбек-мұралары, гуманитарлық білім қорын жасау 
бағытындағы игілікті істер басты назарда болады. Нəтижесі 
белгілі, ұлт тарихының тағылымды тұстары, əдеби мұры мен оны 
зерттеу ісі, мəдени жəдігерлерді жинап-жүйелеу, археологиялық 
һəм сəулет ескерткіштерін қалпына келтіру, қысқасы, елдік мұрат-
мүддеге негізделген руханияттың үздік үлгі-өрнектерін қазіргі 
заманға сай келісті сипатта зейінді зерделеу болып табылады.
Бұл еңбекте – тəуелсіздік кезең əдебиетінің басты бағыттары 
мен тақырыптық ерекшеліктері, көркемдік-жанрлық жүйесі 
жан-жақты сөз болады. Осы жазушылардың ізденіс іздері мен 
көркемдік кеңістігі, кейіпкер жасау жылдары мен өзіндік өр-
нектері, көзқарасы мен қолтаңбасы, тілдік-стильдік сипаттары 
кең көлемде орын алады. 
Тұтастай алғанда, «Қазақ əдебиетінің тəуелсіздік кезеңі» 
атты оқу құралының егемен ел болғалы бергі кезеңдердегі 
ұлттық мұрат-мүдде бағытындағы сөз өнерінің басты кезеңдерін, 
əлеуметтік-қоғамдық өмірдегі елеулі жетістіктерді, мəдени-
əдеби əлемдегі рухани құндылықтарды дəстүр мен сабақтастық 
сырларын, ақын-жазушылар шығармашылығындағы негізгі 
тақы рыптар мен өзекті мəселелерді, əдеби байланыс пен даму 
бағыттарын, автор мен қолтаңба мəнерін, танымал тұлғалар мен 
тағдырлар талқысын, жанрлық-көркемдік ерекшеліктерді, тілдік-
стильдік сипаттарды кең көлемде қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет