143
осы дорбасына салушы еді. Айналайынымның осы тастардың
санындай да өмірі болмады ғой” деп егіле жылағаны есімде дейді.
Автор
бұл жерде нақты айғақты, оның жиынын (жиырма сегіз
тас) көрсете отырып, сол кезеңдегі көп ұшырасқан трагедиялық
халді (жол азабы, адам шығыны, қайғы) ашады. Шығарма
тіліндегі осындай жинақтай баяндау жеке бас
тірлігінен қоғамдық
сипаттағы оқиғаларға дейін жетіп отырады. Мəселен, “Қытай қол
астындағы Шығыс Түркістан қазақтары жиі қоныстанып жəне
1950 жылға дейін тұрғындарының көпшілігін қазақтар құрап
келген Алтай, Тарбағатай, Іле-Құлжа жəне Баркөл-Құмыл мен
Еренқабырға бөктерінде сол 1950 жылдарға дейін оқу-ағарту ісі
дамымады. Тек Шығыс Түркістан жұмхүриетінен кейінгі кезеңде
ғана оқу-ағарту ісі қолға алынды” деген мəлімет келтіріледі.
Осы жалпы сипатты деректерден кейін
өз өлкесіндегі жағдайдан
хабар береді. Онда кейінгі қарулы көтерілістен соң ол мектептің
жабылып қалғанын, одан кейін қытайларға шабуылдап олардың
үйін өртегенде, мектептің де өртеніп кеткенін айтып, мəліметті
тиянақтай көрсетеді.
Жалпы шығармада автор оқиға, деректерді
жалпылай жəне жинақтай, талдай жəне түйіндей беріп отырады.
Осы тұста пікір, тұжырым айтуда өз көзқарасын кейде субъектілі
түрде, кейде объективті тұрғыда ұсынады.
Х. Оралтай роман желісіне пайдаланған деректердің бастауын
айқын көрсетеді. Мəселен, “Қытай деректері”, “Американ де-
рек
тері”
деген атаулармен беріліп, ондағы мəліметтердің оң-
терісін саралайды. Қызылөзен көтерілісіне байланысты бұр-
малаушылықты көрсетіп, дұрыс мəліметтерді кейінгі тəуелсіз
Қазақстанға қоныс аударған, қытайша жақсы білетін қазақ
жазушыларының шынайы деректердің бетін ашқанын айтады.
Яғни автор өзінің есінде қалған иə көзі көрген мəліметтерді
салыстырып, жаңадан белгілі болғандарын жариялап, дəйектеп
отырады. Мəселен,
Достарыңызбен бөлісу: