160
санайды. Көп нəрсені жетімен атайды. Бəлкім, арман, бақыт,
несібе қуғанның бəрі жетіден басталды ма екен? Жаратушы
алланың құдіреті күшті. Мұны бір құдай өзі білмесе оның сырына
күнəлі пендесі қайдан жетсін...” (15-б).
Кейіпкердің ойы ежелден тұрақталған ұғымдарға қайшылықта
алынған. Қазақ қашаннан жеті санының астарынан күдік ізде-
ген еді? Керісінше, жеті санына көптеген ұнамды,
қасиетті
ырым дарды теліген жоқ па еді? Жексеннің өзі жасынан ұйыған,
құлағына сіңірген дəстүрлі ұғымның ар жағынан қосалқы бір
астарға, мағынаға баруға итермелеген сол мезеттегі көңіл-ауаны
еді. Егер үміт пен күдіктің қатар келуі шарасыз етпесе мұндай
бөгде ойға барар ма еді? Кейіпкердің əдепкі танымнан бөлек бөгде,
қайшылықты ойы əрі қарай да жалғасып отырады: “Иə, бақыт
деген де опасыз. Бір мезет ойда жоқта анау аспандағы күндей
күлімдеп, жүрегіңді нұр сəулеге орап, қуанышқа бөлейді де,
сонан соң қас-қағым сəттің арасында көзін жұмып ала қояды. Боз
мұнар, бұлыңғыр бір түнекке орап, басқа бір жат өлкеге, буалдыр
кеңістікке қарай жетелейді.
Алғашқыңды тұтас ұмыттырып,
аздырып, адастырып əкетуге қам жасайды” (59-б).
Адам баласының танымына əр қилы қайшылықты ойлардың
үстемеленіп, кейде солардың дұрыстығына көздері жетіп, жетегіне
ілесіп кете беру де жат болмаса керек. Өйткені, мұндай қарама-
қайшылықты ой-танымдардан туындайтын əрекеттер қаншама
қақтығыс пен соғысқа бастаған жоқ па? Бұл ойымызды романдағы
мына бір үзінді тағы да дəлелдей түседі: “Бейбіт тірліктен суы-
нып, күдер үзген оған енді аласапыран тартыс, алыс-жұлыс керек
тəрізді еді. Жер бетінде қазір де зұлымдар көп. Шəмсия
сияқты ақ
көгершін, пəк перизат, кіршіксіз аяулы періштелерді жылататын,
қорлайтын қара жүректердің құтырынып алған шағы. Тыныштық
болмаған жерде адам соғыстан ғана лəззат алатын секілді. Бақ
таласынан есе теңдік ала алмаған əр жігіт енді өзін айқасқа
арнауы керек” (60-б).
Діни ойға адам баласы бұл дүниенің болмысы қиындап,
күрделенген сəтте беріледі. Осыған дейін қалыпты деп қабылдаған
ұғымдары өзіне қайшылықты пікір, əсер туындатқан кезде, адам
өзі де терең түсініп болмаған өзге дүниеге, жаратылысқа жүгінеді.
Жоғарыда талданған прозалық шығармаларындағы діни-фило-
161
софиялық
проблема адам баласын үнемі толғандыратын мəселе еді.
Қай кезеңде де адамзат жаратылыстың да, өздерінің ішкі дүниесі-
нің де жұмбағын шешуге ұмтылып отырған. Ал,
автор жер бетінің
тірлігі мен метафизикалық құбылыстың ара сын жалғастырғысы
келді. Сондықтан да қаламгердің шы ғармаларының ортақ проб-
лемасы қайырымдылық пен зұлымдықты таңдаудағы еркіндік
болды. Бұл концепцияларда утопизм болса да, тұтастай алғанда
адам баласын ұнамдылықты жақсылық пен еркіндікті идеал
етуге шақырады. Діни сана белгілі бір дəрежеде адам баласының
гуманистік таным, түйсігіне ықпал жасады.
“Сергелдең” романының кейіпкерлері өз мінез-сипаттарының
кемшін тұстарын өздері айтып ақталып отырады: “Сол күнəм
үшін қандай жаза тартып, қандай ауыр күнə жазылса да əзірмін.
Сонда да алдын ала арылып айтып алайын.
Төрінен көрі жуық
тұста кəрі Көкенбай неден жаңылды дейсіңдер ғой. Адам жасы
ұлғайып, өлер шағына таянғанын сезген сайын қалтырап, жаны
тəтті болып кететін көрінеді. Бірақ, күнəнің үлкен себебі əріде.
Ол мынау: біз, қазақ баласы, атадан ұл боп тусақ та, көп заманнан
бері көрінбей көрінгенге құл боп үйренген халіміз бар” (61-б).
“Сергелдең” романында Ырысқан бір сəтте екі күйді басынан
қатар кешеді:
“Ол осы күнге дейін мылтығы, қаруы бар өкімет
əскерін қойып, сойыл, шоқпармен тап беретін қазақ бүлігіне де
араласып көрген жан емес. Ойлап отырса осы жасқа келгенше
тұщы етіне тиген қамшы дəмін əлі татып көрмеген екен. Азап,
бейнет, өлім деген сияқтыларды тіпті есіне де алып бақпаған
пенде. Қазір мына қалың əскерді өз көзімен көргенде жүрегі
аузына тығылып тынысы буылып, дем ала алмай қалды”
(109-б). Осыдан туындаған үрей əрі қарайғы ұзаққа созылған
трагедияға апарады: “бұлар көзі жасты, көңілі күпті жандар.
Кешегі қырғында бірінен-бірі көз жазып қалып, оның не өлі,
не тірі екенінің байыбына бара алмай қан жұтып келе жатқан
көңілі қаяу сорлылар” (174-б). Романдағы кейіпкерлер қоршаған
ортаға философиялық қашықтықтан қарайды, ал, алысы - өткен
дəуір,
көркемдік стильдер, философиялық идеялар – тұрмыстық
ұстаным тұрғысынан алыс болып келеді.
“Ең ақырында оның көз
алдына тағы əлгі қызыл жұлдыз келе қалды. Қан түстес қызыл
еді ғой. Таңертең өзі көрген мейірімсіз түсі суық адамдардың
162
бəрінің маңдайы қып-қызыл болатын. Маңдайына жазған деген
сол болғаны да” (181-б). “Заман да заман, заман болар, қарағай
басын шортан шалар” деген бар. Бұл да бір дүние ғой. Сен тым
болмаса шешеңнің сүйегін тапқан екенсің. Көзің көріп, көңілің
суыды. Оған да “шүкір” де, балам” (184-б).
Кез келген көркем туынды болмасын, ол тарихи шындық пен
көркемдік шешім тəрізді əдеби процестер арақатынасының өрбуі
мен біте қайнасуынан туындайтындығы баршаға мəлім заңды
құбылыс. Сондықтан жазушының көркем шығармасынан тарихи
өмірдің сəулелі сəттерінің сан қилы құбылыстарын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: