156
мінезі, қадір-қасиеті, көз жасы, кемшілігі, ерекшелігі, бағы, соры,
елдігі, алабөтен сезімталдығы, сонымен бірге, сенімпаздығы,
айырықша кірпияздығы, сонымен бірге көнімпаздығы... Бəрінен
бұрын “Қылмыстың” əдеби формасын айтсаңызшы! Бұл жөнінде
Қ. Жұмаділов: “ Жазушы жəне түрме. Қалам мен қапас. Əдетте
сыйыспайтын-ақ ұғымдар. Екінші жағынан қарасаң, таңданатын
да ештеңе жоқ сияқты. Империяға күні қараған кіріптар, бодан
елдің өз ұлтын сүйген, азаткер зиялысы абақтыда отырмағанда
қайтушы еді. Ресей империясында барар жерің итжеккен,
Сібірдің ақырған аязы, ит тұмсығы өтпес тайга орманы... Ал
Қытай қағанатында ондай суық Сібір жоқ. Оның есесіне Тарым
бойлаған Такламакан шөлі бар. Саясыз, панасыз, жалаңаш шөл.
Алпыс градус аптапта ұшқан құстың қанаты күйеді. Сібірде
азап болса, Тарымда тозақ. Жазушы Шабданұлы жаза мерзімінің
аттай жиырма жылын (1958-1978) осы Тарым лагерінде өткізді
(3-б). Жұмаділов Қ. “Тас түрмені жарып шыққан тарлан сөз”
(беташар)\\ (Шабданұлы Қ. Қылмыс. Көп томды роман. 1 том.
- 2009.-416 б.) Қ. Жұмаділов тағдыры да, шығармашылығы да
өзгеше, уақыт пен жағдайдың ырқына бағынбай ғұмыр кешкен
қаламгердің болмысын аша отырып: “Ең ғажабы Қажығұмар өз
шығармасына осынша ұзақ уақыт, сан алуан оқиғалар сыйып
кетерліктей форма тапқан. Бұл да Батыстың емес, автордың өзі
жақсы білетін Шығысының шарапаты. Жол нұсқаған сол баяғы
“Мың бір түн”. Ежелгі араб ертегісінде “Ей, ұлы бақытты пат-
шам!” деп басталатын Шаһаризаданың бірінен бірі өткен хикая-
лары болмаушы ма еді. Мұнда да сол сияқты. Əр тараудың басында
автор “Ей, менің тергеушім!” деп қайталап отырады”, - деп
шығармасының құрылымдық-стильдік өзгешелігін ерекшелей
кетеді (5-б). Автордың ұзақ жылдарға созылған қамаудағы ғұмыры
романның өзегіне айналған. Соншалықты пешенесіне түрменің
азабы жазылатындай бұл адамның қылмысы не еді? Адамның бір
басына тəн жазықты болудың өлшеулі уақыты бар емес пе? Автор
романы арқылы адам баласының тағдыр-талайына жазылған
ғұмыр жайлы толғанады, баға береді. Мұның бəрі жеке адамның
- автордың басынан өткен өмірі арқылы ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: