Кеуде клеткасы
Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус тәрізді немесе цилиндр формалы болады. Қабырға көлденең орналасып, кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді. Қабырғалардың осындай кеуде клеткасының қозғалмалығын (экскурсиясын) шектейді, бұл дем алған кезде өкпенің ұлғаюына кедергі келтіреді.
Баланың кеуде құрлысының ерекшеліктері 6-7 жасқа қарай тегістеліп кетеді, кеуде клеткасы 12-13 жасқа қарай түбегейлі қалыптасады.
Жамбас сүйегі
Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен ерекшеленіп, формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен кеуде клеткасының дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудың жамбас сүйегін қалыптастыру үшін де маңызды болады.
Ұзын сүйектердің өсуі мен сүйек біту процесі өте күрделі процесс және ұзаққа созылады. Сүйектің қалыптасуы мектеп жасының өзінде де әлі толық аяқталмайды. Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары, білместікпен және ұқыпсыздықпен жасалған күтім бала сүйегіндегі әр түрлі кемістіктің себепшісі болуы мүмкін, ол көбіне бүкіл өмір бойына қалады.
Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс. «Жандану кешені»
Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс жатады. Осы кезде «Жандану кешені»
Оның мәні: тұрақты ортада өсімдік тәрізді тіршіліктен бөлек автономды өмірге өту.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:
ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
тамақтану (сору, жұту);
қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады - бұл тамақтандыруға деген рефлекс.
Алғаш жаңа туған нәрестеде шартсыз рефлекс болады, яғни тамақтану рефлексі, егер нәрестенің ерніне қандай да болмасын бір
зат тиетін болса, ол бірден еміп, сора бастайды;
Қорғану рефлексі, яғни сыртқы ортаның қауіпті әсерінен сақтану үшін қажет, көз алдында бірдеңе жарқылдаса, қорғанғанда көзді жыпылықтатуы, аяқ-қолын жиыруы;
Икемделу рефлекторлық қозғалыс - бұл көзін немесе басын жарықтан көлеңкеге қарай бұруы.
Зерттеушілердің айтуынша 1-ден 3-күнге дейінгі аралықта
балалардың жатқан бөлмесіне терезеден қатты жарық түскен кезде барлығы басын көлеңкеге бұрған, сондай-ақ осы кезде тамақ ішуге бейім, даму рефлексі де байқалған. Мысалы, қарны ашып жатқанда - бәрін сору рефлексі.
Рефлекторлық қозғалыс нерв системасының пісіп жетілуіне байланысты дамиды. Шартсыз рефлекстің негізінде шартты рефлекс болады. Мысалы, егер 1 апталық баланы қолға алса, тамақтану қимылын жасайды, ал кейінірек тек сүті құйылған ыдысын көргенде ғана болады. Нәрестенің рефлексі тек адамға тән әрекетті меңгере бастауға дайындайды. Баланың дүниеге келуі организмге үлкен әсер етеді.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап мынандай реакцияларды байқауға болады. Мысалы, укол салған кезде тітіркеніп денесін жиырып, тартып алады. Бұл қоргану рефлексі. Ол тітіркендіргіштен аулақтауға немесе кедергі жасауға бағытталады.
Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.
Бала туған күннен бастап белгілі бір шартсыз рефлекспен туады, ол шартты рефлекске айналады. Кейінгі жылдары кейбір рефлекторлық реакциялар туғанға дейін де пайда болады деп дәлелденген. Мысалы, 18 аптадан соң бала жатырда жатқан кездің өзінде сору рефлексі пайда болғаны анықталған. Өйткені ол өзінің ырықсыз қозғалыстары мен әрекеті нәтижесінде кеңістіктегі заттарға көңіл аудара бастайды. Баланың миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір шарт - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы мен жүрек қағысы өзгереді), дыбыс естуі (1 апталық бала анасының дауысын естиді), көру анализаторының қалыптасуы (2 айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі).
Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы баяулайды. Бұл кезде даму ерекшелігі, баланың денесінің дамуына қарағанда анализаторлардың іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, осыған байланысты түрлі шартты рефлекстік байланыстар жасалады. Өмірінің бірінші айының соңында алғашқы шартты рефлекстер көрінеді. Көбінесе бала, тамақтану ыңғайына реакция көрсете бастайды: анасы
қолға алғанда емшек іздеуі, көтергенде тынышталуы пайда болады. Тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекстер, тәулік мезгілін ажырату, жаңа туған балада ұйықтау және ояну сергектік кезеңдері ажыратылмаса, 2-3 айлық кезде олар мазмұнды, белсенді сипат алады.
Нәрестенің түйсігі ажыратылмаған және эмоциямен байланысты. Баланың психикалық өміріндегі маңызды оқиға есту және көру түйсігінің шоғырлануы. Естудің шоғырлануы 2-3 аптада пайда болады. Тосын дыбыс, бала әрекетін тежейді, ол тоқтап тыңдайды. Соңынан 3-4 аптада осындай реакция адамның дауысында пайда болады.
Нәресте дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез- құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т.б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдары сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы, баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кезеңдегі ми қалыпты жетілуінің қажетті шарты- анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айырықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |