Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет27/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86
Байланысты:
китап

Бас пен кеуде шеңбері.

Бұл өлшеулер организмнің үйлесімді дамуы туралы түсінік береді.

Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас үстінің иіні арқылы тығыз орап алады, кеуде клеткасын өлшеу кезінде лентаны алдынан емшек тұсынан, артынан жауырын сүйектің төменгі жағынан өткізеді.

Жаңа туған баланың бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері бірдей болады. Дұрыс, үйлесімді жетілген бір жасар баланың кеуде шеңбері бас шеңберінен 1,5-2 см үлкен болады. Бірқатар жағдайларда

бұл орташа көрсеткіштер ұлғаю, кішірею жағына қарай ауытқып отырады.

Бала денсаулығының жағдайын бағалау кезінде назарға тек салмақ, бой және өлшеімдер туралы деректерді емес, сондай-ақ шырышты қабық пен терінің түсін, оның тканьдер мен клетка аралығындағы қысым күшінің байланысы күйін, тері астындағы май қабатының дәрежесі мен бірыңғай жатуын, бұлшық еттердің тонусы сондай-ақ баланың көңіл-күйі, психикасының дамуы мен қозғалу қабілетін алу қажет.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің дамуы мынандай тұрғыда өтеді.

Жүйке жүйесі - орталық және шеткі делініп, екі бөлікке бөлінеді. Орталық бөлігі бас миынан және жұлыннан, шеткі бөлігі жұлын мен ми сүйегі жүйкесі және жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесі біздің ағзамыздың жеке бөліктерін өзара біртұтас бүтінге байланыстырады және олардың қызметін реттейді. Сондай-ақ жүйке жүйесі арқылы баланың ағзаларының қоршаған ортамен байланысы өтіп жатады.

Баланың туған сәтінде оның орталық және шеткі жүйке жүйелері толық дамып жетілмеген болады. Жұлын ұрықтық кезеңде ертерек дамиды, сондықтан жаңа туған нәрестеде ол өзінің құрылысы жағынан неғұрлым аяқтала келген және қызметтік сапасы біршама толысқан болады. Осының арқасында бала қимыл жасай алады.

Нәрестенің ми тканінде су көп болады, қыртыстары білінер-білінбес байқалады, ал кейбіреулері тіпті көрінбейді де. Мидың өзіне тән нерв тканы, қабығы мен пирамидалық жолдары әлі дамымаған. Шамамен 5 жасқа қарағанда, баланың миы сыртқы түріне қарай, дамуы әлі толық аяқталмағанына қарамастан ересек адамның миын еске түсіреді.



Бұлшық ет жүйесі.

Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның салмағы бала денесінің 1/2 салмағындай ғана (ересектерде 40%-тен астам). Жас ұлғайған сайын бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі.

Емшек жасында бүгілдіргіш бұлшық ет тонусы, жазылдырғыш бұлшық еттер тонусынан басым болады. Бұлшық еттің төменгі тонусы рахит кезінде кездеседі, ( бұлшық еттің едәуір жоғары тонусы, сондай- ақ қалыпты жағдайдан ауытқыған кезде болады. (ІІ, III дәрежелі

Бұлшық еттің дұрыс дамуы үшін бала қозғалымын жетілдіретін бұлшық еттердің үлкен маңызы бар. Белсенді қимыл тыныстың тереңдеуіне, қан айналымынын жақсаруына және т. б. мүмкіндік жасайды.

Балаға дұрыс күтім мен режим жасалмаса ол көрпеге оранып, кереуетте үнемі жатса, сылбыр, енжар бола түседі, оның бұлшық еттері босаңдана береді, мұндай жағдайда бала қимылы едәуір кеш жетіледі.

Сүйек тканінде талшықты құрылыс болады, тұзға кедей және қан тарататын тамырларға бай келеді. Осының нәтижесінде емшектегі баланың сүйегі жұмсақ иілгіш онша берік болмайды. Тек 12 жасқа қарай бала сүйегі ересек адамдар сүйегінің құрылысындай сипаталады.



Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы түрғыда едәуір үлкен: ол дөңгелек формада болады. Бас сүйектің бет жақ бөлігі кішкене келеді.

Төбе мен маңдай сүйегінің түйіскен жерінде ромба түріндегі сүйексіз аралық болады, ол үлкен еңбек деп аталады; төбе сүйегінің желкемен қосылған жерінде үшбұрыш түріндегі кішкене еңбекті сипап білуге болады. Бұл жерлерге біртіндеп сүйек біте бастайды. Кіші еңбек жабылып қалады немесе былайша айтқанда, 3 айға қарай бітеледі, үлкен еңбек 12-15 айға қарай бітеліп қалады. Егер сүйек біту үдерісі бүкіл организмде бір қалыпты жүрсе, еңбектің бітелуі де дер кезінде болады мұның өзі дұрыс тамақтануға, ауа мен күн жарығын пайдалануға байланысты. Сондай-ақ ақзадағы кальцийдің құрамының аз-көптігіне де байланысты болады. Егер кальцийдің құрамы көп болса, баланың еңбегі ерте жабылып, ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, тамақтың құрамын өзгертіп отыру керек.

Жаңа туған емшек еметін баланың омыртқасы шеміршек тканьнен тұрады. Әр түрлі қолайсыз сыртқы әсерлер: баланы үнемі бір қолда алып жүру, оны кереуетке немесе орындыққа дұрыс жатқызбау, киімінің тар болуы омыртқасын қисайтып жіберуі мүмкін. Балаларды күтетін тәрбиеші-күтушілер омыртқаның қисаюын болдырмау үшін қамқорлық жасап отырады, өйткені бұл себептер кеуде клеткасының да және бүкіл сүйек қаңқасының да жетілуіне қолайсыз ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет