Психологиялық денсаулық - тұлғаның негізін құрайтын және оның дамуының кез-келген кезеңінде даралық және жас ерекшелік психологиялық мүмкіндіктерін кемелдендіруге жағдай жасайтын іштей аман-саулығының үйлесімділіктің динамикалық күйі.
Психикалық даму факторлары- бұл индивидтің өмірлік іс- әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.
Психикалық даму шарттары - бұл индивидке белгілі бір әсер ететіндер, яғни психикалық дамудың ерекшеліктері, сипаттамалары және деңгейі тәуелді сыртқы және ішкі жағдайлар
Үнсіз сөйлеу- сөйлеу әрекетінің ерекше түрі үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу деп те айтады. Үнсіз сөйлеуде бала ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің не бастауышы не баяндауышы айтылмайды да ой жүйесі үзілді-кесілді сипатта болады. Қарым -қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал үнсіз іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.
Ұғымдалдық- сезімталдықтың әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.
Эхолалия - (грек. Есһо - дыбыс жаңғыру Іаііа - сөйлеу - басқа бөтен сөздерді автоматты түрде қайталау ересектермен балаларда шизофрениялық аурулар, мидың маңдай бөлігінің зақымдануының кезінде байқалады, кейбір дені сау балаларда тілі шыға бастағанда көрінуі мүмкін